Ќоланылєан јдебиеттер


“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ)



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата25.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#52683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ)оқу пәнiнiң
мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi
сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн
жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
6


“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы
(БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық
негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды,
ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және
оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды
анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша
анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы
(БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп,
бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына
қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны
мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы
(ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика
пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған
оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама
факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге
асырылады.
 Жалпы ережелер:
Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
төмендегiдей:
-
оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;
-
оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту;
-
оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық
технологияларды меңгерту;
-
оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға
даярлау;
-
информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат,
энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем
бейнесiн құрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
-
қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника
аймақтарында қарастыру;
-
қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролiн анықтау,
қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң
мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
7


-
оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн
дамыту;
-
тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп
аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;
-
ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар
саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
-
оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамасыз ететiн
бiлiмдермен қаруландыру;
-
оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн
қалыптастыру.
“Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерi:
-
ақпарат;
-
ақпараттық ресурстар;
-
ақпараттық үрдiстер;
-
ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
“Информатика” пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:
1. пәннiң жалпыбiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап
айтқанда:
-
оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе
әдiстерiн меңгерту;
-
тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау
қабiлетiн дамыту.
2. информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда,
әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы
информатика және т.б.
“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет