9
БІРЕУГЕ
Елім деп жырлап өтші өле-өлгенше,
Көк туың желбіресін күн сөнгенше.
Адам
болып өмірден өту керек,
Дүниеқоңыз жан болып күн көргенше.
Сүймейді надандықты Хақ Тағалам,
Білмегенді сұрай біл әпке-ағадан.
Әрқашан ынтымақта, бірлікте бол,
Шығарып бір қол жеңнен,бас жағадан.
Білім
ал барша әлемге нұрыңды шаш,
Білімсіз надан адам опа таппас.
Қу басыңды ойлама өзгеге үйрет,
Білімсіз көп жұмбақтың сырын ашпас.
2014
10
АСТАНА-БАС ҚАЛАМ
Елордам менің-Астанам
Есіміңмен мақтанам.
Қазақстан жүрегі,
Мақтанышым,бас қалам.
Сұлулық пен парасаттың көзісің,
Туған елге арнап айтар сөзімсің.
Әлемдегі қалалардың алдында,
Сөз жетпейтін ғажап қала өзіңсің.
Көркейіп, гүлденесің
Нұр-Астанам,
Еуразия жүрегі-сен бас қалам.
Көркіңе көз тоймайды сұлу гүлдей,
Әлемде сендей қала бірен-саран.
Бәйтерегің таласқан көк аспанмен,
Кейіпің сипатталар жыр-дастанмен.
Еліміздің жүрегі бас қаласы,
Қадам басар болашаққа бұл жастармен.
2013
11
ҰСТАЗ
Білім беріп,жол
нұсқайтын балаға,
Ұстаздарға бас иеді дана да.
Жүректеге нұр береді ұстаздар,
Аспандағы жарқыраған жұлдыздай.
Білім
атты сарқымайтын теңізде
Ұстаз бізге бағыт-бағдар береді.
Шәкірттерге білім кілтін сыйлайтын
Болашақта ұстаз болғым келеді.
Ұстазың,ол-ата-анаңдай ардақты,
Ойы ұшқыр,білімі мол салмақты.
Мен оларға құрметпен бас иемін.
Бар білімін шәкірттерге арнапты.
Арналады
осы жанға жыр-әнім,
Ұстаздар деп шаттан ән саламын.
Балалардың жүрегіне нұр құйып,
Білімменен сусындатар ол бәрін.
2013
Достарыңызбен бөлісу: