Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 
 
 
 
 


12 
ТУҒАН ЕЛДІҢ ТАБИҒАТЫ
Аспаны ашық арайлы
Тамсандырған талайды. 
Сұлулығы елімнің, 
Күн нұрынан тарайды. 
Туған жерім-кең далам, 
Көз жетпейтін иен далам. 
Табиғатың тамаша, 
Таулы аймақтар сай-салаң. 
Жасыл желек құрағы, 
Сылдырлаған бұлағы, 
Сай-саланы аралап, 
Сыңғыр қағып тұрады. 
Өзен-бұлақ,көлдерің, 
Тоғайың мен шөлдерің. 
Көрсететін секілді, 
Сұлулықтың өрнегін. 
2014 
 


13 
ОТАН-ТАРИХ,ОТАН-ЖЫР
Тарихым бар дүбірлеген даламда, 
Өтті небір қиын-қыстау замандар. 
Сақтау үшін елдік пенен теңдікті 
Сом болаттай қайрат керек әманда. 
Қорғаймын деп жұртымды жау оғынан, 
Аман сақтап залымдардың торынан. 
Қос қанатым Әз-Жәнібек,Керей хан 
Ерте білді қалың елді соңынан. 
Білегіне серік қылған жүрегін, 
Ер Бөгенбай,Қабанбайлар дүр еді 
Халқы үшін жауға шапқан өрендер 
Санасында ұрпағының үнемі. 
Ат үстінен түспесе де түн қатып, 
Отан қорғау - олар үшін бір бақыт 
Аманатты ардақтаңдар дейтіндей, 
Исатай мен Махамбеттер тіл қатып. 
Біз барыспыз бойында бар намысы 
Ізгілікке алып барар әр ісі. 
Таптатпаған ұлтарақтай жерін де 
Біз арланбыз айбарлы түз тағысы. 
Аман болса анасы мен бөбегі, 
Болашақтың алтын таңын көреді. 
Адам шіркін өзін асқақ сезінер 
Тату-тәтті ғұмыр кешсе өз елі. 


14 
ҚАЗАҚ ТІЛІ
 
Тілім менің-елдігімнің айғағы, 
Тіл арқылы айтылар сөз ойдағы. 
Өз тіліңді жатсынып сен ұмытсаң
Отаншылдық жойылады бойдағы. 
Қазақ тілі көркем,әсем,ырғақты 
Бабаларым сан ғасырды жырлапты. 
Қазақ тілін қастерлеуге сүюге, 
Шақырамын мен болашақ ұрпақты. 
Тілсіз күнің күн емес,тас қараңғы, 
Тілді сүю сүю ғой өз анаңды. 
Жүрегіңде сақтарсың қазақ тілін, 
Қазақ тілі тербетсін ой санаңды. 
Тіл дегенде шырқырайды жас жаным, 
Тіл болмаса қара түнек аспаның. 
Өз тіліңді ұлықта ей,адамзат 
Тілді ұмытсаң құрып бара жатқаның. 


15 
БОЛАШАҚ
Болашағы біздерміз байтақ елдің, 
Сақтап қалар намысын туған жердің. 
Білімді де білікті ел жастарымыз
Мерейін үстем етер ел мен жердің. 
Барлық әлем бізге көңіл бөлуде, 
Болашақта биіктерден көру үшін. 
Білім алып тәрбиелі боламыз
Отан үшін аянбай тер төгу үшін. 
Азат елдің келешегі боламыз, 
Аспандағы жарық айдай толамыз. 
Анамыздай мәпелеген Отанның
Маңдайына бақыт болып қонамыз. 
Гүлдей жайнап құлпырған болашақпыз, 
Әлемге бейбітшілік орнатпақпыз. 
Мақтанышы болмасақ туған елдің
Келер шақтың кезінде кім боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет