Адам баласының ғарышқа алғашқы ұшқанына 62 жыл толды, Қазақтың бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа сапар шекеніне де 32 жыл толып отыр. Ғарышты зерттеуге АҚШ Ресей мемлекетері белсене араласып қыруар пайда тауып отырғанын білеміз.Қазіргі таңда ғарыштық зерттеу бағдарламалары бар елдер саны көбеюде,Қытай,Үндістан, Корея, Жапония, Италия Еуропа одағы елдері.
Мен осы жұмысқа кіріспес бұрын өзіме сұрақ қойдым
Ғарышты зерттеу адамзат баласына керек пе?
Қазiргі қарқынды даму кезеңінде адамзат баласы өмірді ғаышсыз елестете алмайды. Ғарыш саласынс игеру арқылы адамның алдымен білімі артты, жаңа техникалар, технологиялар, бұйымдар жасап шығарып күнделікті өмірге пайдалана бастады. Ғарышты игеру арқылы байланыс, телевидения, табиғи және теногендік апаттарды бақылау, ауылшаруашылығы жерлерін бақылау, микробтар және бактериялармен жұмыс, ғарыштық өсімдіктер өсіру, ауыз судың деңгейін анықтау, ауа-райы және климат барлығы ғарыш арқылы бақыланып жүзеге асуда. Ғарыш саласын дамыту қажеттілігін түсіндім, себебі ол тоқтауысыз дамитын прогресс болып табылады.
Ғарыш саласына салған қаржы 2021 жылы АҚШ-та – 16,8 млрд, Жапонияда – 5 млрд, Қытайда – 1,5 млрд, Ресейде – 1,2 млрд долларды құрағандығы өзін-өзі байқатып тұр. Осылай NASA америкалық агенттігі ғарыш саласына салған әрбір доллардың 5-6 доллар болып қайтатындығын хабарлаған.Бұл салада 1 милионан астам адам жұмыс жасап жатыр.
Осы орайда ғарышкерлер басты рөл атқарады, оларға толық жағдай жасау қажет мен осы зерттеуімді Ас-адамның арқау деп ғарышкерлердің қандай тағаммен тамақтанатынын, оны біздің еліміз өндіруге болама осы жайында зерттеуді жөн көрдім.
Өздеріңіз білетіндей, ғарышкерлердің тамағы ең пайдалы тағам болып саналады. Және бұл кездейсоқ емес. Өйткені, ғарышкерлер ұзақ уақыт бойы ғарышты болатын жағдайлар шынымен экстремалды, қиын.Бұл организм үшін стресс, сондықтан олардың тамақ рационына өте мұқият қарау керек.