Қолданбалы зерттеу әдістері



бет1/6
Дата14.10.2023
өлшемі307,35 Kb.
#113840
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1. ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ӘДІСТЕРІ

МАГИСТРАТУРА

PhD, доцент.м.а., Мырзабекқызы Құндыз

3. ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Зерттеудің мәні мен маңызы 2. Зерттеу процесі және қателер


ЗЕРТТЕУбелгілі бір алаңда мәселе бойынша деректерді жинау, жіктеу, талдау, түсіндіру және есеп беру әрекетін айтамыз.
Осы зерттеу мәселе, макро және микро ортамен байланысты.
Кәсіпорындар немесе мекемелер бақылай алмайтын және күн сайын өзгеріп отыратын макроортаны мұқият қадағалауы зерттеу үшін сөзсіз қажеттілік болып табылады. Мәселен: нарықтың демографиялық құрылымы мен әлеуметтік-мәдени, ұлттық немесе халықаралық негізде енгізілген әрбір жаңа нарықтың зерттеу құрылымы мен әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын анықтау маңызды болып табылады. Со сияқты, екінші жағынан, технология, медицияна, саяси және құқықтық өзгерістер әдетте қысқа мерзімді күттірмей, барған сайын жаһанданған әлемде өз көріністерін тауып, кейде орны толмас жаңашылдықтарды тудыруы мүмкін.
Микроорта, зерттеулер бойынша мүмкіндіктерді бағалау немесе болжау бойынша жұмысты және мәселені шешудегі жұмыстары. Мүмкіндіктерді бағалау үшін зерттеу; Бұл әлі болмаған оқиғаларды және болашақта болуы мүмкін оқиғаларды болжауға бағытталған зерттеу болып табылады.
ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
  • Мәселеге деген көзқарасына қарай зерттеу, бұның өзі екіге бөлінеді: қолданбалы зерттеу және іргелі зерттеулер.

  • Қолданбалы зерттеулер, мәселенің практикалық қолданылуын қамтитын зерттеудің жүйелі түрі болып табылады. Зерттеудің бұл түрі өмірге, жұмысқа, денсаулыққа және жалпы әл-ауқатқа әсер ететін күнделікті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, бағаны 20%-ға өсірсек, нарықтағы үлесімізге қалай әсер етеді? Немесе нарыққа шығарғалы отырған тауарды қалай атау керек? Бұл сұрақтар белгілі бір (экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг) мәселелерге қатысты екені анықтайды.
    Іргелі (таза) зерттеулер болса, ақпарат шекарасын кеңейтуді мақсат етеді. Өйткені ол негізінен ғылыми білімді жетілдірумен байланысты. Іргелі зерттеудің мақсаты - арнайы ғылымында болып жатқан құбылыстарды одан әрі түсіну үшін көп ақпарат жинау. Іргелі зерттеулер тек теориялық сипатқа ие, өйткені ол негізгі заңдар мен қағидаларды ашады, растайды және тұжырымдама (немесе құбылыс) туралы тереңірек білім алуға ұмтылады. Оның нәтижелері қысқа мерзімде жүзеге аспауы мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада іргелі зерттеулер бізге өмір сүріп жатқан әлемді жақсырақ түсінуге және білуге ​​көмектеседі. Зерттеудің бұл түрін негізінен, университеттер мен қоғамдық мүдделі институттар жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет