Мәндер бойынша айнымалылар
САНДЫҚ
Дискретті
Үздіксіз
САПАЛЫ
Айнымалы түрлері Мәндер бойынша айнымалылар
Сандық айнымалылар:
Оны сандармен көрсетуге және масштабта белгілеуге болады. Мысалы: жасы, бойы, ақшасы,…
Сапалық айнымалылар:
Оны өлшеммен немесе санмен көрсету мүмкін емес. Мысалы: жынысы, білімі, кәсібі,…
Сандық айнымалыларды дискретті және үздіксіз айнымалылар деп бөлуге болады.
Үздіксіз айнымалылар: Бұл анықтау диапазонында кез келген мәнді, яғни мәндердің шектеусіз санын қабылдай алатын айнымалылар. Мысалы, жалақы, бой, салмақ үздіксіз айнымалылар.
Дискретті айнымалылар: Бұл анықтау диапазонындағы әрбір мәнді қабылдай алмайтын айнымалылар, басқаша айтқанда, олар мәндердің шектеулі санын қабылдай алады. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи университетінің факультеттеріндегі студенттер, оқытушылар немесе жеке оқу орындарының саны дискретті айнымалылар болып табылады.
Ықпал және әсер ету бойынша айнымалылар
Тәуелді айнымалы
Тәуелсіз айнымалы