Қолданылған әдебиеттер тізімі


Өлшеу нәтижелерін ұсыну формалары



бет8/9
Дата20.09.2023
өлшемі2,21 Mb.
#109192
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.3. Өлшеу нәтижелерін ұсыну формалары.
Өлшеулер нәтижелерін ұсыну формаларында әдетте келесі ақпарат болады:
Өлшеу нәтижесін нүктелік бағалау;
Өлшеу нәтижелерінің қателіктерінің сипаттамалары ( немесе оның статистикалық бағалауы);
Нақты нәтижелер мен қателіктердің келтірілген бағасына сәйкес өлшеулер шарттары. Шарттар міндетті түрде немесе құжаттарға сілтеме арқылы көрсетіледі, оларда қателіктер сипаттамасы беріледі.
Өлшеу нәтижесінің нүктелік бағасы ретінде көп ретті бақылаумен өлшеу барысында қарастырылып отырған серияның орташа арифметикалық мәні алынады.
Өлшеулер нәтижелерінің қателіктерінің сипаттамаларын өлшенетін шаманың бірлігімен (абсолютті қателіктер) немесе салыстырмалы бірліктермен (салыстырмалы қателіктер) көрсетуге болады.
Өлшеу қателіктерінің аралық кезең шегін көрсеткен кезде ұсынылатын ықтималдық мәні P=0,95.
Өлшеулер нәтижелерін өрнектеуге талаптар:
Ең кіші разрядтар нәтижелердің нүктелік бағасында да, қателік сипаттамаларында да бірдей болу керек;
Қателіктер сипаттамалары (немесе олардың статистикалық бағалары) екі саннан артық емес сандық түрде беріледі, осыған орай, статистикалық бағалау үшін екінші разряд саны үлкен жаққа дөңгелектенеді, егер соңғы сан нөлден үлкен болса;
Қателіктер сипаттамаларын (немесе олардың статистикалық бағалауларын) бір санмен өрнектеуге болады, мұндай жағдайда статистикалық бағалау үшін екінші разряд егер сан беске тең немесе үлкен болса үлкен жаққа дөңгелектенеді, ал егер, бестен аз болса, кіші жаққа дөңгелектенеді. Өлшеулер нәтижелерін ұсыну формасының қарапайым мысалы:

(8,3340,012) г; Р=0,95.




2.4. Өлшеу қателігін бағалаудың эксперименталды әдісі.

Өлшеу қателігін бағалаудың эксперименталды әдістері келесі шарттардың орындалуында қолданылады:


Өлшеу қателігін бағалаудағы тәжірибенің нақты шарттарында болмашы қателігі бар өлшеу әдістерінің болуы;
Сыртқы ықпал ететін шамалардың барлық маңызды комбинацияларын және жетілдірілген ӨОӘ не тән өзі өлшенетін шаманың мәндерән құру мүмкіндігі бар.
Тәжірибе нәтижесінде өлшеу қателігінің нақты өлшеу нысанына, өлшеу әдісінің данасына, сыртқы ықпал ететін шама мәніне және т.с.с.қатысты «статистткалық бағалар» алынады.
Өлшеу қателігінің сипаттамасының «тіркелген» мәндерін алу үшін, қателіктің эксперименталды зерттеулерін нысандырдың, құралдардың және өлшеу шарттарының өкілді іріктеуінде жүзеге асыру қажет.
Өндірістік шарттарда эксперименталды әдіспен кейбір жасаушы өлшеу қателіктерін бағалауға болады.
Экспериментті өткізу шарттарын орындаудың толық мүмкіндігі болмағандықтан қателікті эксперименталды бағалау жуық нәтижелерді береді.
Өлшеу қателігін бағалаудың есептік-эксперименталды әдісі
Өлшеу қателігін бағалаудың эксперименталды әдісі өлшеудің нақты шарттарында іс жүзінде орындалмайтындықтан, (өлшенетін шама туралы мәліметті іріктеу нүктесіне қол жетіспеушілік, берілген шарттарда жұмыс істеуге қабілетті, қажетті дәлдіктегі өлшеу құралының жоқтығы және т.б.) көптеген ӨОӘ дайындау кезінде өлшеу қателігін бағалаудың ең тиімді тәсілі есептік эксперименталды әдіс болып табылады. Бұл әдістің мәні өлшеу қателіктерін есептеу және эксперимент арқылы бағалау және оны ары қарай сомалау болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет