Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Қолға жасалатын операциялар



бет14/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Қолға жасалатын операциялар


Бұғана асты артерияны байлау.
Бұғана асты артериясы бұғананың ортасында кескінделеді. Жоғарғы бөліміне операция жасағанда жастықша қояды да, иықты көтеріп, қолды кесетін жаққа қарай созып қояды.

  1. Тілікті –бұғанаға қатар, одан 1 см төмен жүргізеді, ұзындығы – 8 см, бұғананың ортаңғы бөлігіне дейін, яғни тамырдың кескініне сәйкес келуі тиіс. Теріні, тері асты клетчаткасын, m. platyma-ны және беткі шандырды, осыған байланысты nn. supraclavicularis-тің асоңғы тармақтарын кеседі.

  2. Кеуденің үлкен бұлшық етін, меншікті шандырмен бірге науа тәрізді зонд бойымен кеседі.

  3. M. pectoralis major табылады да, оны теріні кескен сызықпен кеседі.

  4. Одан кейін зонд бойынша оның қынабының артқы қабырғасын кесіп, келесі қабат-fascia coracoclavicosralis-ті ашады, оның алдынан v. cephalica өтеді /v. subclavia –ға құяды/.

  5. Операция жасаушы борпылдақ клетчатканы ашып, кіші кеуде бұлшық етінің жоғарғы жиегін анықтайды және осы жерде fascia coracoclavicosralis-ті кеседі.

  6. Осы шандырдың артынан, борпылдақ клетчатканың ішінде nn. thoracales anteriores a. thoracoacromialis тармақтары /аттас веналармен/ және лимфалық түйіндер, тамыр-жүйке шоғырлары өтеді.

Артерияны табу үшін клетчатканы ығыстырып ұсақ тамырларды байлайды. Бұғана асты артериясынан біршама алда және ішкері бұғана асты венасын, артериядан сыртқары және жоғары иық өрімін табады. Сондықтан артерия жүйкемен /сырттан/ венамен /ішкі жағынан/ арасында орналасқан.
Аневризм кезінде бұғана асты артериясына жететін жақсы жол қабырғаны уақытша алып тастау болып табылады.
Бұғана асты артериясын байлағанда коллатериальды қан айналым a. transversae colli мен a. transversae scapulae-лардың a. circumflexae hymeri ant. et post. a. circumflexae scapulae анастомоздары арқылы a. mammaria internae және a. thoracalis laberalis мен анастомоз жасайтын тармақтармен жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет