Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет13/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Білезіктің сыртқы беті
Беткейлік қабатында тер асты веналар және жүйкелер жатады. Көптеген веналар v. cephalica мен v. basilica-ның көздері болып табылады және тор түзеді-rete venosum dorsale manus. Білезік сыртының жүйкесі болып саналатын: r. superficialis, n. radialis, r. dorsalis manus n. ulnaris. Соңғысы кәрі жілік-білезік буыны деңгейінде беткей жатады. Өзара анастомоз жасайтын барлық тармақтарынан-оншақты сезімтал m. digitales dorsales шығады, оның бесеуі кәрі жілік жүйкесіне, бесеуі шынтақ жүйкесіне жатады /әр бір жүйке екі жарым саусақты қоректендіреді/.
Апоневроз астында жазғыш бұлшық еттің сіңірлері жатады. Одан тереңіректе сыртқы сүйек аралық бұлшық еттері жатады.


Саусақтар
Саусақтардың алақан бетіндегі терісінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Бәрінен бұрын терінің барлық қабаттарының күшті дамығанын айту керек және І-ші кезекте мүйізді қабатты-мұнда эпителиальды клетчкалар бірнеше, ондаған қатарлармен орналасқан. Мальпигиев және еміздікше қабатының жақсы дамығанының әсерінен мүйізге қабатының қалпына келуінде маңызы үлкен /яғни жарақат немесе қабынау процесі нәтижесінде/. Саусақтардың алақан бетінің терісінде көптеген тері бездері жатады. Түктер мен май бездері болмайды, соған байланысты фрункул сияқты қабыну процесінің болуы мүмкін емес. Алақан бетінің тері асты май қабатында көп мөлшерде май тканьін құралған және олардың пішіндері дөңгелек, мықты фиброзды бөлгіштермен бөлініп тұрады. Бұл қабат көлденең орналасады, яғни терінің еміздік қабатынан бақайшақ сүйек үстіне дейін және бүккіш бұлшық ет тердің сіңірлерінің фиброзды қынабына келеді. Осыған байланысты саусақтың алақан бетінің тері асты май қабатындағы іріңді процес, оның беткей бөлімінде емес, тереңірекке жайыылады. Саусақтардың алақан бетіне қарағанда сыртқы бетінің терісі жұқа, тері асты май қабат әлсіз дамыған. Саусақтардың тері, тері асты май қабатында көптеген лимфалық капиллярлар торы жатады, көбінесе алақан бетінде. Осы тордан шығатын ұсақ тамырлар саусақтардың бүйір бетінде қосылып, 1-2 шығарғыш бағана түзеді. Соңғысы саусақ аралық қатпар аймағында саусақтардың сыртына өтеді. Саусақтардың алақан бетінен ұсақ лимфалық тамырлар саусақ аралық қатпарлар аймағына саусақтың сыртына қарай өтеді.
Лимфалық тамырлардың саусақ сыртына өтуі саусақтардың алақан бетіндегі іріңді процесі кезінде саусақ сыртының ісетіндігімен түсіндіріледі. Практикалық жағынан маңызды болып саналатын-бұл саусақтарда беткейлік лимфалық тамырлармен және қынап сіңірлері мен сүйек қабығының тамырларының арасындағы байланыс. Саусақтардың беткейлік веналары оның сыртқы бетінде жақсы көрінеді. Саусақ артериялары тері асты май қабатынан өтеді және оның бүйір бөлімінде жатады: біреулері /беткі алақан доғасынан/ алақан бетіне жақын күшті дамыған /сыртқы білезік аретрияларынан/. Басқалары –сыртына жақын және әлсіз дамыған. Сыртқы артериялар соңғы шынтақтарға дейін жетпейді, алақандық соңғы шынашақта доға түзеді, одан ұсақ тармақтар шығып тор түрінде саусақтар басында тарамдалады. Саусақ артериялары венамен бірге жүрмейді, саусақтың алақан бетінен қанды жинайтын ұсақ веналар саусақтың сыртына өтеді. Жүйкеленуі: n. medisnus екі жүйкенің n. ulnaris тармақтарымен жүзеге асады: алақанда – n. medianus екі жүйкенің тармақтарымен жүзеге асады: алақанда n. radialis және n. ulnaris, сыртында- пен. Осыған байланысты саусақтардың бөлімінен екі жүйке өтеді, оның біреуі алақан бетіне жақын, басқасы сыртына қарай жатады. Сыртқы жүйкелер ортаңғы шынашаққа дейін ғана барады, алақандық бөлімі соңғы шынашаққа дейін қоректендіреді. Алақан шандыры шынашақтардың бүйір бетіне бекітіледі. Бір жағынан-сүйек үсті қабығына, екінші жағынан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлеріне фиброзды қынап түзеді. Фиброзды қынаптан синовальды қынаппен қоршалған бүгуші бұлшық еттің сіңірлері өтеді. Беткейлік бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері екі аяқшаға бөлініп, ортаңғы шынашақтың денесіне бекітіледі. Терең бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері беткейлік аяқшалардың арасында өтіп, соңғы шынашақтардың негізіне бекітіледі. Жазғыш бұлшық еттердің сіңірлері шынашақ сыртныда дорзальды аапоневрозға өтіп, ортаңғы шынашақтың негізгі бөліміне және жартылай соңғы шынашаққа бекітіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет