Шынтақ шұңқырында иық артерияны байлау Ішкі айдаршықтан екі елі қашықтықта жататын нүктеден, шынтақ иірімінің ортасы арқылы және ары қарай білектің сыртқы жиегінде байлайды.
Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды қабат-қабатымен ұзындығы 6 см-дей кеседі. Оны айтылған сызықтың ортаңғы бөлігінен, оның ортасы шынтақ иірімінің қатпарына сәйкес келетіндей етіп кесу керек. 2. иықтың меншікті шандырын ашқаннан кейін, хирург қиғаш төмен және медиальды жүретін Lacerti fibrosi-дің жарқырауық талшықтарын анықтайды.
Lacertus-тің астынан науа тәрізді зондты енгізіп және оны көлденең, яғни тері жарасының бағытына қарай кеседі. Жараны кеңейтіп, зонд және пинцеттің көмегімен m. bicipitis –тің сіңірінің ішкі жиегіндегі sulcus cubitalis anterior medialis-те орналасқан артерияны тауып жекелейді. Ортаңғы жүйке артериядан 1 см ішкері жатады. Шынтақ шұқырындағы артерияны байлау қауіпті емесе, себебі айналмалы қан айналым шынтақтың артериясының өрімін құрайтын /rete cubiti/ бірнеше анастомоз жолдары арқылы жүзге асады: a. collateralis radialis, collateralis ulnares superior et interior, aa. recurrens radialis, recurrens ulnares, recurrens interossea, бұл жағдайда коллатериальды артериялар сәйкес қайтушы артериялармен анастомоз жасайды.
Шынтақ артерияны байлаау Білектің төменгі немесе жоғарғы бөлігінде өткізіледі. Кескінді сызықтар иықтың ішкі айдаршығы үстінен бұршақ тәрізді сүйектің радикальды жиегіне /Пирогов бойынша/, шынтақ сүйегінің кескініне сәйкес келеді.
А. Білектің жоғарғы бөлігінде байлау.
1. Кескінді сызық бойынша теріні, май клетчаткасын және беткі шандырды қабат-қабатымен ұзындығы 1 см тілік жасайды.
2. Кескінді сызықты тексеріп, кескінннен 1 см сыртқа, яғни саусақтардың жалпы бүккіш бұлшық еттерінің бетінің үстінен, науа тәрізді зонд бойымен меншікті шандырын кеседі.
3. Ілмектер арқылы тері жарасын кеңейтіп, m. flexor carpi ulnaris /ішкері/ және / m. flexor digitorum communis sublemis/ сыртқары арасындағы кеңістікке өтеді және доғал жолмен соңғы бұлшық еттің ішкі жиегін босатады.
4. шынтақ ойысындағы жатқан жүйкені тауып, операция жасаушы саусақтардың беткі бүккіш бұлшық еттерін алға және сыртқа қарай тартады, оның артнда жүйкеден 2-2,5 см сыртта шынтақ артериясы жатады. Артерияның артында терең саусақтың бүккіш бұлшық еттері жатады.
Б. Білектің төменгі жартысында байлау.
Бұл жерде шынтақ артериясын кескінді сызық бойынша 6 см ұзындықта кесіп ашады.
Теріні, тері асты клетчаткасын, беткі шандырды қабат-қабатымен кеседі.
Білек шандырларын қатаң түрде шынтақ жүйкесінің кескін сызығымен кеседі.
Доғал ілмекпен m. flexoris carpi ulnaris-тің сіңірін ішке қарай ығыстырады.
Зонд бойымен m. flexor digitorum communis sublenis-ті қаптап жатқан шандыр жапырағын ақырын кеседі, осы жапырақшаның артында екі венамен артерия орналасқан, тамырлардың ішке қарай-шынтақ жүйкесі орналасқан.