Тізе буынының артқы беті: Тізе буынын бүккенде ойыс көрінеді, ол жоғарыдан және ішкі жағынан mm. semitendinosi және semimembranosi мен, сыртқы жағынан-асық жіліктің шыбығының басына бекітілетін екі басты бұлшық еттің сіңірімен шектелген. Бұлшық еттері жақсы жетілген, тері асты клетчаткасы аз адамдарда төменгі бөлігінде m. gastrochemii-дің басын сипағанда сезіледі. Тізе буынын жазғанда fossa poplitea-де, жоғарыдағы құрылымдар аз байқалады.
Қабаттары:
Тері жұқа, қозғалғыш.
Тері асты клетчаткасы санның клетчаткасының жалғасы. Осы қабатта орналасқан беткі шандыр клетчатканы екі қабатқа бөледі. Май қабатта ортаңғы сызықпен v. saphena parva өтеді, fossae popliteae- ден төмен меншікті шандырға жанасса v. poplitea-ге құяды. Сирек жағдайда saphena parva санға көтеріліп saphena magna –ға құяды.
fascia poplitea fasciae latae-ның жалғасы және одан әрі тізе апоневрозына жалғасады. Тізе асты шандырында тесіктер бар, онымен беткі веналар және лимфалық тамырлар терең веналармен лимфалық тамырлармен байланысады.
Тізе асты ойысының түбін Planum popliteum құрайды. Ол тізенің артқы бетінде Lig. popliteum obliguum буын сөмкесінің артқы бетінің сыртымен және қиғаш жоғарыға қарай жүреді.
Құрылымдары Ойысты клетчатка толтырып жатады және клетчатка тамыр-жүйке шоғырын қоршап,
отырықшы жүйке жолы арқылы сан аймағының артқы бетіндегі клетчаткамен, hiatus adductorius арқылы өтетін сан тамырлары жолымен сан аймағының алдыңғы бетінің клетчаткасымен, төменде m. golei сіңірінің доғасымен қоршалған тесік арқылы балтырдың артқы бетінің терең клетчаткасымен /n. tibialis жолымен/ байланысады.
Тамырлар мен жүйкелер. A. poplitea a. femoralis-тің жалғасы, ол бірнеше талшық береді де балтырға canalis cruropopliteus-ке өтеді. Тақым ойысында артериялардан бұлшық еттерге және буындарға талшықтар шығады. /a. superior medialis – m. adductoris magni сіңірінің астымен, genu superior -lateralis/ екі басты бұлшық еттің сіңірнің астымен өтеді. /genu media-тізе иілімінің деңгейінде шығады да, буынға өтеді де, Lig. cruciatum –ге және синовиальды қабық қатпарына тармақтар береді. г/а. genu interior medialis –epicondylus medialis tibiae астымен Lig. collaterale tibiale бойымен жүреді. д/ a. genu interior lateralis, m. gastrocnemii-дің сыртқы басының астымен, екі басты бұлшық еттің сіңірініі және Lig. collaterale tibiale астымен өтеді. Бұл аталған артериялар rete articulare genu-ді түзеді. V. poplitea-жалғыз, сирек жағдайда екеу болады. Ол аттас артериямен бірге жүреді және оларды дәнекер тканьді шандыр қоршап тұрады. Лимфалық тамырлар ірі тамырлармен бірге жүреді және lymphonoduli poplitei-ге құяды. Отырықшы жүйке тақым ойысының үстіңгі бұрышында екі негізгі тармаққа бөлінеді-n. tibialis және n. peroneus communis. n. tibialis a. tibialis posterior-мен бірге canalis cruropliteus-тен өтеді. Тақым ойысында одан бұлшық етке тармақтар және surae medialis /балтырға барады/ шығады. N. peroneus communis m. bicipiti сіңірінің ішкі жиегінде жатады. Тақым ойысында одан n. cutaneus suare lateralis шығады. Осы аталған тармақтардан басқа, осы екі бағанадан буын сөмкесіне және буынға жүйкелер шығады.