Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Өзектегі тамыр-жүйке шоғыры элементтерінің топографиясы



бет31/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Өзектегі тамыр-жүйке шоғыры элементтерінің топографиясы
Сыртқы жоғарғы жағында n. obturatorius a. obturatora және төменінде V. obturatora жатады. Жапқыш жарығы кезінде өзекте жарық қапшығы және оның құрылымдары жатады.
Гунтеров өзегі аймағы
Гунтеров өзегі санның алдыңғы аймағының төменгі бөлігінде орналасқан.
Қабаттары:

  1. Тері, ішкі жағында жұқа және қозғалғыш, ал сыртқы жағында керсінше.

  2. Тері асты клетчаткасы ішкі жағында қалыңдау. Әйелдерде ерлерге қарағанда клетчатка жақсы дамыған. Беткі шандыр екі жапырақшадан құралған. Терең жапырақшасы санның меншікті шандырында жатады және оның жұқа май қабатымен ажыратылады. Санның алдыңғы ішкі бетінде беткі шандырдың жапырақшаларының арасында magna өтеді. Кейде бағананың көбейгендігі байқалады, бұл кезде санның тері асты клетчаткасында бай, көптеген ілмектермен тор байқалады, оның тармақтары тері асты веналарының бағаналарына құйылады.

  3. Fascia lata тығыз дәнекер тканьді жапырақша, сіңірлі талшықтармен сыртқы жағынан бекітілген. M. tensoris fasciae lata және жартылай m. glutei maximi сіңірлері санның жалпақ шандырымен байланысады. Соның әсерінен ұзынша сіңір мен созылғыш түзіледі . Созылғыш tibiae-ның сыртқы айдаршығына бекітіледі. Fascia lata өсінділер береді. Septum intermissulare laterale санның бүккіш бұлшық еттерін M. vatus lateralis-тен ажыратып тұрады және ол lineae asperae femoris-тің сыртқы ерніне бекітіледі. Septum intermissulare mediale m. vastus medials-ті алып келуші бұлшық еттерден ажыратып тұрады және ол lineae asperae-ның ішкі ерніне бекітіледі. Septum intermissulale posterius-әлсіз алып келуші бұлшық еттерді санды бүгетін бұлшық еттерден бөліп тұрады. Сөйтіп, санда үш бұлшық етті арна түзіледі: алдыңғы жазғыш еттер арнасы алдыңғы-ішкі, алып келуші бұлшық еттер арнасы және артқы-бүккіш бұлшық еттер арнасы. Сонымен қатар Fascia lataе-ның алдында жапырақшалардың арасында тігінші бұлшық етте жатады.

  4. Бұлшық еттер. Беткі және терең қабатқа бөлінеді. Беткі бұлшық еттерге m. sartorius және m. tensor fasciae latae жатады. Терең қабатқа санның төрт басты бұлшық еті /m. rectus femoris, m. vastus medialis, m. vastus lateralis және vastus intermesiali жатады/. Төрт басты бұлшық еттің сіңірлері бірігіп, мықты бір сіңір құрайды. Ол patella-ны орап және tuberositas tibiae-ға бекітіледі. Санның ортаңғы бөлігінде ұзын алып келуші бұлшық ет арасында, оның ішкі жағында және m. vastus medialis-тің басында, сыртқы жағында sulcus femoris anterior жатады, ол fassae iliopectineae-ның жалғасы. Жүлге алдыңғы жағынан тігінші бұлшық етінің қынабының артқы қабырғасымен жабылған. Осыдан келіп бұлшық етті өзек пайда болады. Оның ішінде сан тамырлары өтеді. Бұл өзек соңғы жағынан сан-тақым асты немесе гунтеров өзегіне жалғасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет