Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Тамыр-жүйке шоғырларының топографияссы



бет36/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Тамыр-жүйке шоғырларының топографияссы
Тереңде ортаңғы сызық бойында a. poplitea жатады. Санның айдаршығының жоғарғы бөлігінде клетчатка қабатымен ажыратылған. Артерияның артында және сыртқы жағында v. poplitea, оданда әрі артына таман және сыртқы жағында n. tidialis жатады. N. peroneus communis екі басты бұлшық еттің сіңірінің ішкі жиегінің үстімен өтеді.
ЖОБЕРОВ ОЙЫСЫ: тізе буынын бүккен кезде көрінеді. Шекаралары: алдынан m. adductor magni сіңірімен, артынан – mm. semitendinosi, semimmbranosi және graclis сіңірімен, жоғарыдан-m. sartorii жиегімен және төменнен-ішкі айдаршық және m. gastocnemii-дің ішкі басымен шектелген.
Аяқты созғанда үлкен алып келуші бұлшық еттің сіңірі, артында –аталған үш бұлшық еттің сіңірі тақым асты ойысының клетчаткасына кіріп кетуі мүмкін, ал түбінде сүйектің үстінде a. poplitea жатады.


Тізе буыны
Буын ортан жіліктің төменгі бөлігінен және асықты жіліктің жоғарғы бөлігінен құралған. Асықты жіліктің шыбығы буынның жоғарғы бөлігінен құралған. Асықты жіліктің шыбығы буынның құрамына кірмейді. Ортан жіліктің айдаршықтары гиалинді шеміршекпен жабылған. Арт жағында, олардың арасында терең ойыс-fossa intercondyloidea орналасқан. Ойыстың түбінде крест тәрізді байлам бекітілген. Асықты жіліктің буынды беті айдарщықтардан құралған. Олардың арасында крест тәрізді байлам бекітілетін төмпешік-eminentia intercondyloidea бар. Fatelle-ның артқы беті буынның құрамына кіреді. Menisci interarticulares талшықты шеміршек қабаты, оны көлденең кессе сына тәрізді пішінде болады. Сыртқы менискінің пішіні О-әріпі тәрізді және tidiae-ның сыртқы айдаршығының буынды бетінде жатады, ішкі менискі-С-әріпі тәрізді пішінде және алдынан lig. transversorum-ге өтеді, ол буын бетінің алдыңғы жиегімен өтіп, сосын сыртқы менискіге сыртқы жағынан бекітіледі. Lig. cruciatum anterius fossa intercondylodeae аймағында condl lateralis-тің ішкі бетінен басталып, ойысқа және алдыңғы жағынан eninentia interconoilodea tibiae –ға келіп бекітіледі. Байлам қиғаш, сырттан ішке және арттан алға қарай бағытталады. Lig. cruciatum posterius-тің ойысқа қарай condyli medialis-тің сыртқы бетімен eminentia intercondyliidea tidiae-нің артымен өтеді. Іштен сыртқа қарай бағытталған. Байлам балтырдың айналуын және сагитальды жазықтықта қозғалысын тежейді.
Буын сөмкесі шеміршектен 1 см қашықтықта сүйекке бекітіледі. Сөмке практикалық жағынан маңызы зор қайырымдар /завороты/ түзеді. Тізе буынында тоғыз қайырылым бар: 1. recessua superior-алдыңғы, жоғарғы қайырылым-синовиальды қабық санның төрт басты бұлшық етінің сіңірінің артқы бетінен санға өткенде түзіледі. Жоғарғы қайырылым 85 процент жағдайда әр түрлі көлемде тесікпен bursa mucosa suprapatellaris-пен байланысады. 2,3. Recassua anteriores superiores lateralis және medialis қабықтың айдаршықтан менискіге өткенде түзіледі. 4,5. Recessus antoriores interiores lateralis және medialis мениск жиегімен tibia арасында түзіледі. 6,7. Recessus posteriores superiores lateralis және medialis синовиальды қабықтың саннан айдаршықтың артқы бөлігінен менискіге өткенде түзіледі. 8,9. Recessus posteriores interiores lateralis және medialis қабықтың менискінің артқы жиегінен tibia-ға өткенде түзіледі. Синовиальды қабық крест тәрізді байламды алдынан жабады және олардың арасына соқыр қап түрінде кіреді. Негізгі байламдар буын қуысының сыртында қалады. Қайрылымдардан басқа, қатпарларда түзеді. Буынның артқы бөлігінде ортаңғы сызық бойында құрамында май қабаты бар қатпар жатады. Буынның алдыңғы бөлігінде тізе ұршығының екі бүйірі жиегінен екі қатпар түзеді. Жапырақшалардың арасында майлы масса жатады-Rlicae alares.
Тізе буыны қуысының көлемі тізені бүккенде үлкейеді, буынды сұйықтық жиналғанда аяқ жартылай бүгіліп тұрады /боннетовский орын/. Бұл кезде сұйықтық буында жатса, Patella-ны алға ығыстырады және осының нәтижесінде «қозғалыс белгісі» /баллотирования Patella / пайда болады. Оны жәйлап итерсе қозғалыста болады. тізені қатты бүккенде қуыстың көлемі кішірейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет