Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет37/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Байлам аппаратары. Буын қабығы сыртқы жағынан келесі байламдармен бекітілген: бүйір жағынан Lig. collaterale tibiale, оның ұзынша шоғырлары epicondylus medialis femoralis-тен tibia-ға, epicondylus lateralis-тен fibulae-нің басына кетеді, Lig. collaterale tibiale. Артынан Lig. popliteum obliguum, Lig. popliteum arcuatum сыртқы айдаршықтан өтіп және Lig. popliteum obliguum астында жатады. Санның эпифазарлы сызығы алдынан буын қабығымен жабылған, артқы жағы бос. Tibiale-ның эпифазарлы сызығы буын қабығының бекітілген жерінен төмен орналасқан. Fibulae- ның жоғарғы ұшындағы эпифизарлы шеміршек одан да төмен орналасқан. Тізе буыны екі бағытта ғана қозғалады-бүгіледі және жазылады. Тізе буыны бүгілуі тұрғанда балтырдың сыртқы және ішке қарай едәуір айналуы мүмкін.


Сирақ аймағы.
Сирақтың алдыңғы аймағы
Шекарасы: жоғарғысы-tuderositas tibiae арқылы өтетін көлденең сызық, төменгісі-екі тобықтың негізінен жүргізілген көлденең сызық, ішінен- tibiae-ның ішкі жиегі, сыртынан-асықты жіліктің шыбығының бұлшық етін m. soleus-тен бөліп тұратын жүлге.
Қабаттары:

  1. Тері.

  2. Тері асты клетчаткасы, ішкі жағынан v. saphena magnae, сыртынан- v. saphena parvae өтеді.

  3. Беткі шандыр.

  4. Балтырдың меншікті шандыры – Fascia, s. aponeurosis cruris. Бұл аймақта екі бұлшық етті остеофиброзды арна бар-алдыңғы және сыртқы. Алдыңғы арна немесе жазғыш арнасы: Fascia cruris, артынан membrana interossea, ішінен-асық жілікпен, сыртынан-septum intermussulare anterius пен құралған. Алдыңғы арнада ішінен асқы жілікке жанаса m. tidialis anterior /condylus lateralis tibiae- да басталып, оның сыртқы бетінде, membrana interossea және Fascia cruris/ асықты жіліктің шыбығынан ішкері-m.extensor digitirum longus /fibulae-нің алдыңғы қабырғасынан, membrana interossea және жартылай Fascia cruris –тен басталады/. Екі бұлшық ет жоғарғы бөлігінде алдыңғы арнаны толтырады. Төменгі бөлігінде осы бұлшық еттердің араснда m.extensor hallucis longus жатады /fibulae-нің ішкі бетінен басталады/. Осы үш бұлшық еттің сіңірлері Lig. transversorum cruris –тің астымен аяқ басының үстіне өтеді. Бүйір арналары: алдынан-septum intermusculare anterius, артынан- septum intermusculare posterius, сыртынан- Fascia cruris ішінен-асық жіліктің шыбығымен құралған. Арнада mm. peronei longus және brevis жатады. M. peronei longi-дің екі басының арасынан n. peroneus superficialis өтеді /canalis musculoperoneus superior/. M. peronei longi-дің сіңірлері бірінші метатарзальды сүйектің неігізіне бекітілген. M. peroneus brevis m. peronei longi-ден төмен асықты жіліктің шыбығынан басталады. Ол жартылай жауып тұрады және V метатарзальды сүйекке бекітіледі. Екі бұлшық еттің сіңірлері сыртқы тобықтың артымен өтеді.

  5. Тамырлар және жүйкелер. A. tidialis anterior, a. popliteae-нің тармағы, ол жоғарғы тесік арқылы алдыңғы арнаға membrana interossea -ге өтеді және шандырды бөліктерімен байланысты сүйек аралық жарғақта жатады. Балтырдың жоғарғы бөлігінде ол м. tidialis anterior /ішінен/ және m. digitorium longus /сыртынан/ арасымен өтеді. Ортаңғы және төменгі бөлігінде артерияның сыртында m. extensor hallucis longus-те жатады. Артерияның бағыты teberositas tibiae мен capitulum fibulae /tuberculum gerdi/ тобықтың арасындағы қашықтықпен байланыстыратын сызықпен анықталады. Vv. tidialis anterior жіңішке тамыр, артерияның екі жағымен жүреді. Олар артерияны қоршап тұратын көптеген анастомоздар – n. ischiadicus-дің тармағы, асық жіліктің шыбығының басын орап балтырдың алдыңғы аймағына өтеді. Бұл жерде ол екі тармаққа бөлінеді: n. peroneus superficialis және profundus n. peroneus superficialis canalis musculoperoneus superior-ге бүйір бұлшық ет арнасымен өтеді, және балтырдың ортасында және төменінде тесік арқылы / Fascia cruris / тері асты клетчаткасына сосын аяқ басының үстіне шығады. n. peroneus profundus septum intermusculare anterius арқылы алдыңғы бұллшық етті арнаға және балтырдың жоғарғы бөлігінде артерияның сырытнда, ал төменінде ішкі жағында жатады. Жазғыш бұлшық еттердің жүйкелендіреді және аяқ басының үстіне өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет