«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған мектепшілік көркем сөз оқу сайысы)



бет3/4
Дата23.10.2023
өлшемі34,53 Kb.
#120809
1   2   3   4
2-жүргізуші (МАРЖАН):  Бұл ұсынысыңды қуана құптаймын, Аслан. Күні кеше ғана мектебіміздің мақтанышы, 8Б сынып оқушысы Амантаева Асылай қалалық «Мұқағали оқуларынан» жүлделі 3-орынды жеңіп алып келген болатын. Сол сәтті пайдаланып, біз де бүгінгі шараға арнайы Асылайды шақырдық.


1-жүргізуші (АСЛАН): Олай болса, «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» демекші, Асылай, сөз кезегін өзіңе береміз.


(Асылай өлеңін оқып болды. Екінші кезең басталады )


2-жүргізуші (МАРЖАН): Құрметті сайыс қатысушылары, қазір экранда 10-ға жуық сұрақ беріледі. Жауабын кім біледі, қол көтеріп жауап береді. Ал қазылар алқасы, сіздер әр дұрыс жауапты 5 баллмен бағалайсыздар.


(Екінші кезең аяқталып, барлық қатысушы сұраққа жауап беріп болғанда):
2-жүргізуші(МАРЖАН): 
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.


1-жүргізуші (АСЛАН):
Олай болса, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне қазылар алқасы сайыс түйінін шығарғанша куә болайық!
«Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі» деп ақынның өзі жырлағандай, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әуезді әнді қосыла тыңдайық! Орындайтын, бүгінгі шараға арнайы шақырған қонағымыз, дәстүрлі әнші Қуандық Төкенов ағамыз.


2-жүргізуші (МАРЖАН): 
Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.
1-жүргізуші:
Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың - дей келе, экрандағы «МҰҚАҒАЛИ» есіміне құрылған сөздерді бірге дауыстай, қайталасақ.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет