2-жүргізуші (МАРЖАН):Бұл ұсынысыңды қуана құптаймын, Аслан. Күні кеше ғана мектебіміздің мақтанышы, 8Б сынып оқушысы Амантаева Асылай қалалық «Мұқағали оқуларынан» жүлделі 3-орынды жеңіп алып келген болатын. Сол сәтті пайдаланып, біз де бүгінгі шараға арнайы Асылайды шақырдық.
1-жүргізуші (АСЛАН):Олай болса, «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» демекші, Асылай, сөз кезегін өзіңе береміз.
(Асылай өлеңін оқып болды. Екінші кезең басталады )
2-жүргізуші (МАРЖАН): Құрметті сайыс қатысушылары, қазір экранда 10-ға жуық сұрақ беріледі. Жауабын кім біледі, қол көтеріп жауап береді. Ал қазылар алқасы, сіздер әр дұрыс жауапты 5 баллмен бағалайсыздар.
(Екінші кезең аяқталып, барлық қатысушы сұраққа жауап беріп болғанда): 2-жүргізуші(МАРЖАН): Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
1-жүргізуші (АСЛАН): Олай болса, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне қазылар алқасы сайыс түйінін шығарғанша куә болайық!
«Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі» деп ақынның өзі жырлағандай, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әуезді әнді қосыла тыңдайық! Орындайтын, бүгінгі шараға арнайы шақырған қонағымыз, дәстүрлі әнші Қуандық Төкенов ағамыз.
2-жүргізуші (МАРЖАН): Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.
1-жүргізуші: Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың - дей келе, экрандағы «МҰҚАҒАЛИ» есіміне құрылған сөздерді бірге дауыстай, қайталасақ.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз.