2-жүргізуші: Осы тұста, додадағы қатысушыларды бағалау жүйесі айқындалғандай.
1-жүргізуші: Ендеше, 10 балдық жүйемен бағаланатын критерийлерді мен тізбектеп өтейін:
Өлеңді мәнерлеп оқудағы бағалау жүйесі:
• Өлеңді жатқа білу – 3балл
• Мәнерлеп, нақышына келтіре оқу – 3балл
Интонацияны (дауыс ырғағы) ескеру – 2балл
Эмоциямен, сезіне оқуы – 2балл
2-жүргізуші (МАРЖАН): Байқауымызға әділ баға беруші әділ-қазы алқаларымен таныс болайық:
1.Мектебіміздің тәлімгері: Төкенова Гүлбақыт апай
2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім: Изтілеуова Сәуле Түзелбаевна
3.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бекмағанбетова Әсем апай
Сондай-ақ, сарапшылар: сынып оқушылары өздеріңізбен таныстыра өтуді жөн санаймыз.
1-жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы- дей келе сайысқа қатысушы 5-8 сынып оқушыларымен таныс болыңыздар. (Экранда аты-жөндері, сыныбы көрсетіледі)
2-жүргізуші (МАРЖАН): Құрметті сайыскерлер, ортаға шығып арнаулы ыдыстан жеребе таңдау арқылы өнер көрсету ретін анықтасақ. Ендеше, мархабат!
(Ары қарай қатысушылар реті бойынша кезек-кезек өлеңдерін оқып, өнер көрсетеді) 1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, жас достар! Талантты да, талапты қатысушыларымыздың өнеріне тағы бір қайтара қошемет білдірсек, артық етпес деп санаймын!
Ендеше, қазылар алқасы мен сарапшылар бірінші кезең бойынша саралау жасағанша, қатысушылар «Білімді мыңды жығар» сайысына дайындалғанша кішігірім кідіріс жасасақ қайтеді, Маржан?