Спортшы
|
Ел
|
Спорт түрі
|
Олимпиада
|
|
|
|
Барлығы
|
Майкл Фелпс
|
АҚШ
|
Жүзу
|
2000-б.к.
|
14
|
0
|
2
|
16
|
Рей Юри
|
АҚШ
|
Жеңіл атлетика
|
1900-1908
|
10
|
0
|
0
|
10
|
Лариса Латынина
|
КСРО
|
Гимнастика
|
1956-1964
|
9
|
5
|
4
|
18
|
Пааво Нурми
|
Финляндия
|
Жеңіл атлетика
|
1920-1928
|
9
|
3
|
0
|
12
|
Парк Спитц
|
АҚШ
|
Жүзу
|
1968-1972
|
9
|
1
|
1
|
11
|
Карл Льюис
|
АҚШ
|
Жеңіл атлетика
|
1984-1996
|
9
|
1
|
0
|
10
|
Дэли Бьорн
|
Норвегия
|
Шаңғы жарысы
|
1992-1998
|
8
|
4
|
0
|
12
|
Савао Като
|
Жапония
|
Гимнастика
|
1968-1976
|
8
|
3
|
1
|
12
|
Дженни Томпсон
|
АҚШ
|
Жүзу
|
1992-2004
|
8
|
3
|
1
|
12
|
Мэтт Бионди
|
АҚШ
|
Жүзу
|
1984-1992
|
8
|
2
|
1
|
11
|
Николай Андрианов
|
КСРО
|
Гимнастика
|
1972-
|
|
|
|
|
Олимпиада нышандары
Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.
Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.
Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.
Олимпиада ойындарының ресми ұраны "Citius, Altius, Fortius", латын тілінен аударғанда "тезірек, жоғарырақ, күштірек" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұран алғашқы рет 1924 жылы Парижде қолданылған болатын, бірақ Кубертеннің айтқан Ең бастысы – жеңіске жету емес, қатысу - деген бейресми ұранға айналған нақыл сөздің маңыздылығы кем емес.
Олимпиада оты, күн сәулелерінен Олимпия қаласында тұтандырылады. Бұл дәстүр алғаш рет 1936 жылғы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында пайда болды. Олимпиада оты, эстафета арқылы ойындар өтетін орынға дейін әкелініп, ашылу салтанаты кезінде Олимпиада тостағанында от жандырылады және жабылу салтанатында өшіріледі.
Олимпиада ойындарының өткізілу орындары
Жазғы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.
Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Қала, ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала-кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерімен тура құпиялы жолы арқылы өтеді.
Ереже бойынша, соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі. Әр бір айналымнан кейін ең аз даус жинаған бір кандидаттан күрестен шығып кетіп отырады. Сонда ғана, кандидат елдерінің өкілдері қайтадан дауыс бере алуға құқысына ие болады.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет (4 рет — жазғы және 4 рет — қысқы). Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Аустралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын. Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай бір рет жазғы ойындарын өткізген. Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы 21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон — 3 рет. Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада екі реттен жазғы ойындары өткізілген, Санкт-Морицте, Инсбрукте, Лейк-Плэсидте — қысқы. Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала (жазғы 22, қысқы 19):
Достарыңызбен бөлісу: |