PowerPoint Presentation
ҚАЗАҚ
ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ
Бектібаева Л.А.
Оқырмандарға қызмет
көрсету бөлімшесі
Қазақстанның ұлттық
тәуелсіздігін тарихи тұрғыдан баянды
етуде жазба мұралардың маңызы
ерекше. Ол мұраларда елдік
идеямыздың қалыптасуының тарихи
даму жолы көрініс береді. Көне
түркіден бастап бүгінгі күнге дейінгі
өзінің рухани әлемінде 16 жазу
үлгісінде жазба мұра қалдырған қазақ
ұлтының тарихи, әдеби
-
мәдени
жәдігерлері осы уақытқа дейін
ғылыми тұрғыдан жинастырылып,
жүйеленіп, сипаттама берілген жоқ,
қазақ тіліне де тұтастай аударылмай
келеді.
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы
№1277 жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының 2004 – 2006 жылдарға
арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру барысында
кітап баспа жұмысына да мән берілген:
Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани
мәдениеттің ескерткіштерін зерделеу,
оның ішінде ежелгі түркі жазу
ескерткіштерін зерделеу, пайдалану
жеткіліксіз екендігі айтылған.
Қазақ халқының рухани мәдениетінің
асыл мұраларының бірі сирек
кездесетін қолжазбалар мен алуан түрлі
сирек басылымдардың түп нұсқалары
– бағзы заманнан бүгінге дейінгі тарихи
ұзақ мерзімді қамтитын, әртүрлі
тілдерде жазылған баға жетпес, құнды
жәдігерлер.
ҚОЛЖАЗБА
дегеніміз – әдеби шығарманың
автордың өз қолымен жазылған түп нұсқасы.
Шығарманың авторлық Қолжазбасы болуының
үлкен мәні бар. Бұл авторлық текст басылымдар
тұсында қандай өзгеріске ұшырағанын білуге,
пайымдауға, қажет жағдайда ғылыми-
текстологиялық түзетулер жасап, алғашқы
нұсқасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Ертерек кездегі қазақ әдебиетін зерттеудегі бір
қиындық - шығарманың авторлық қолжазбасы
сақталмауы. Мысалы, Абай шығармаларының
басым көпшілігі бізге Мүрсейіт қолжазбасы
арқылы жеткен. Кейбіреулері кейінірек білетін
адамдардың айтуынша жазылып алынған.
Қолжазба
– 1) автордың
қолымен жазылған немесе
компьютермен терілген жазбаша
шығармасы;
2) баспаға ұсынылған немесе
теруге жіберілген материалдың
түпнұсқасы.
Қазіргі кезеңде
қолжазбалардың, сирек кездесетін
басылымдар мен кітаптардың:
«Кодекс Куманикустың», «Қорқыт
Ата кітабының» (Дрезден мен
Ватикан қалаларында сақталуы),
«Оғыз-наменің» (Парижде сақталуы),
«Бабыр-наменің», «Махаббат-
наменің» (Лондонда сақталуы),
Ж.Баласағұнидің «Құтадғу білігінің»
(Каирда сақталуы) және қазақ
халқының мәдени мұрасында тарихи
мәні бар басқа да ескерткіштердің
көшірмелерін табуды, сатып алуды
немесе дайындауды жалғастыру
қажет екендігі айтылуда.
Қолжазбалар қазақ халқының тарихын бейнелейтін құнды
деректер болып табылады. Дегенмен, мұндай қолжазбалар әлем
елдеріне шашырап кеткен. Біз деректермен жұмыс істеуді білмей,
қолдағы барларды айналымға енгізе алмаймыз. Сондай-ақ шежіре,
дерек жинаумен, зерттеумен айналысатын бірде-бір мекеме жоқ.
Мысалы, славяндарда көп жылдар бойы жылнама жазу тарихты
жазудың формасы болып келді. ХҮІІІ ғасырда жылнама жазу тоқтап,
таза дерек көзіне айналды. Содан бастап жылнаматану ғылымы
қалыптасты. Орыс ғалымдары 200 жылдам астам уақыт жылнама жазу
ісімен айналысқан. Ал біз әлі күнге дейін дайын шежіремізді түгендей
алмай отырмыз. Осыдан-ақ жағдайдың қаншалықты мүшкіл екенін
білуге болады. Қазақ тарихына дәл қазақтың өзіндей ешкімнің жаны
ашымайды. Сондықтан бұл салада, ең алдымен, кадр дайындауды жолға
қою керек. Осы жайлы белгілі тарихшы Қамбар Атабаев «Қазақстанда
деректану ғылымын қолға алу керек. Бұл ғылымды дамытпай, біз
қолжазба жинау мәселесімен дұрыс айналыса алмаймыз»,- дейді.
Ғалымның сөзіне қарағанда, қазақ халқының тарихында өткен-
кеткеніне қатысты деректер жеткілікті, бірақ оны тану жұмыстары
көңіл көншітпейді
.
Қазақстанда сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды жинау
мәселесі өте күрделі жағдайда. Оларды бір орталықтан бақылап,
түгендеп отыратын жүйе әлі күнге дейін жолға қойылмай келеді.
Осындай ықтиярсыздық салдарынан құнды жәдігерлеріміз шетелдерде
сақталған, ал өз елімізде барлары ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кетіп жатыр. Ал бір бөлігі жөндеу жұмыстары қолға
алынбағандықтан, ескіріп, жоқ болуға айналуда. Бүгінде қолда
барымызды игере алмай отырмыз. Оған себеп: сирек кездесетін кітаптар
мен қолжазбаларды өңдеп, сұрыптап, сақтау мәселесімен айналысатын
мамандар тапшы. Себебі: Қазақстанда аталған мамандыққа оқытатын
арнайы оқу орны не факультет жоқ. Сондықтан бізде тек тарих, кітапхана
басқа да факультеттерді бітірген мамандар айналысуда. Ғалымдарымыз
да, кітапханашыларымыз да елдегі кітапханаларда сирек кездесетін
кітаптардың және қолжазбалардың, жәдігерлеріміздің қайда сақтаулы
тұрғанын толық білмейді.
Республика көлемінде қолжазбалар қорын толықтыру,
зерттеу, насихаттау, сақтау және қайта қалпына келтіру
жұмыстарын жоғары деңгейге көтерудің негізгі жолдары:
кітапханалардың жалпы қорынан қолжазбаларды іріктеп
алып, сирек қорға өткізу; басқа кітапханалар, мұражайлар
қорынан құнды құжаттардың көшірмелерін алу
(библиографиялық көрсеткіштер мен қатологтар құрастыру,
БАҚ, Интернет арқылы насихаттау); қолжазбалардың
тарихын зерттеу; қолжазбалар сақталатын орындарда
стандартқа сай температуралық режим және үнемі тазалық
сақтау; кітапханада қолжазбаларды; өңдеу және сақтау
жұмысын ұйымдастыру; кітапханалармен, т.б. мәдени-
тарихи мекемелермен тығыз байланыс орнықтыру; жұмыс
барысына жаңа технологияны үздіксіз енгізіп отыру.
Қолжазбалар қоры: Қазақстан
Республикасының Ұлттық Ғылым
Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет
және өнер институты жанынан 1989 жылы
құрылған қолжазбалар мен текстология
орталығында, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік орталық мұражайында, Алматы
қаласындағы кітап мұражайында, Ұлттық
кітапханада және облыс орталықтарындағы
әмбебап ғылыми кітапханаларында және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
Академиясының Ғылыми кітапханасында
ұйымдастырылған.
1. Қолжазбалар мен текстология орталығы (ҚТО)
-
200 мыңдай
100-ге
жуық,
1500
,
20 мың
үлгісі
6 мың
24 метрден
Ең көне қолжазба – 13 ғасырдан жеткен, 1880 жылы
Құлмұхамед Байғұлыұлының қолымен көшірілген
«Жүсіп
-
Зылиха» дастаны. Мұса Шорманұлы жинаған
фольклорлық және этнографиялық материалдардың
1913 жылғы көшірмелері, «Шахнама» эпосын
Тұрмағамбет Ізтілеуовтың өлеңмен, Ысқақ
Тілеуқабылұлының қарасөзбен аударған
қолжазбалары, Шығыс халықтарына кең тараған «Мың
бір түн», «Калила мен Димна», «Тотынама» сияқты
шығармалардың аударма нұсқалары, «Тахир
-
Зухра»,
«Ләйлі
-
Мәжнүн», «Бозжігіт», «Сейфүл
-
Мәлік», «Шәкір
-
Шәкірат» ғашықтық жырлары, «Қиссас ул
-
Әнбия»,
«Сал
-
сал», «Зарқұм» діни қиссалары, т.б. көптеген
фольклорлық мұралар қазақ ауыз әдебиетінің інжу
-
маржандары сақталған.
2012 жылдың 26 қарашасында
«Қолжазба мұралар: жинау, сақтау,
жүйелеу, зерттеу, жариялау мәселелері»
іргелі зерттеу жобасы аясында М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер
институтының қызметкерлері Р.Ф. Санкт-
Петербург қаласындағы Орыс Ғылым
Академиясы Орыс әдебиеті
институтының «Пушкин үйі» қолжазба
орталығында іс-тәжірибеден өтіп,
институттың қолжазба қорына бағалы
қолжазбалар мен сирек кездесетін
кітаптардың көшірмелерін әкелген.
Құран кәрім бағана (сиыр) сүресі
VI-
дәптер. Мұхаммед Пайғамбардың
көкке шығуы
Әбулғари Сұлтан Абдул
Аллаһтың адамзатқа жіберген соңғы пайғамбары
-
Мұхаммед (с.ғ.с.)
жөнінде, сахабалар мен әулиелер, ерекше жаратылған діндарлар жайындағы
орама қолжазба. ХҮІІ ғ. Көлемі: 17х54 см.
Құран Кәрім
ХҮІІ ғасырда алтынмен апталып көшірілген (Қолжазба)
Құран Кәрім
Шыққан жері және баспасы белгісіз.
1287-1869 жылдар шамасында шыққан
Қолжазба. Әртүрлі діни мазмұндағы шығармалар.
Шамамен 1846-1848 ж.ж.
Қолжазба Хазрет сұлтан Дараул Жамак Рабайн. Шамамен
1285Һ
-
1867 жылдары. Араб тілінде
Қолжазба Али Резоалла. Жасибие Хафари. Екі бөлімен тұрады.
Ескі осман, шағатай тілінде. ХҮІІІ ғасырдың аяғы.
Қолжазба. Дар баяне уфат наме. Хазрет Сейд. Дін тарихына
байланысты дастан. Парсы тілінде. ХІХ ғасырдың басы.
Қолжазба Пайғамбарлар, сопылар туралы хикая, хиссалар жинағы. Парсы,
араб аралас тілде жазылған. Қолжазба екі бөлімен тұрады. 3-4 бөлімдері
бірге түптелген. ХІХ ғасырдың шамасы.
Қолжазба. Мағына мен баяндаудың кілті. Араб грамматикасы туралы.
Шығыс қағазы.
Қолжазба. Фикх қолжазба. Қара сиямен жазылған. Бұл қолжазба ерте
замандағы сахабалар, халифалар туралы аңыз дастан. ХІХ ғасыр.
Шарх ал-Викайа
Мұсылман хұқына түсініктеме. Қолжазба авторы Аль-Махтуба.
Көшірген Ал-Бури Қожа бен Амин али-аль Кангир. Араб тілінде.-1596ж.
Мұсылман хұқының жинағы
Араб тілінде, қолжазба, 1817ж.
Әлішер Науаи. «Диуани». Қолжазба
1831 жылы молда Мұхамеджан Самарканди көшірген.
ХҮІІ ғасыр. Мұқабасы.
Шарх ар-Рисалат аш-Шамсийа
«Тафтанази». «Күн жүйесі трактатына» түсініктеме.
1278/1860 ж. Арабша жазылған қолжазба.
Қожа Ахмет Иассауи
«Диуани Хикмет» Қолжазба. ХҮІІ ғ.
Хафиз, Жами, Физули, Бедия, Руми, Әлішер Науаи
Поэзия жинағы. Қолжазба. ХҮІІ ғасыр.
Шейх Асар ад-дин аль-Абдари
Китаб Исайджи. Схоластикалық логика хақында. Қолжазба ХҮІІІ
ғасырдың аяғында көшірілген. Араб тілінде.
Аббу Мұхаммад-Хусейін б. Мас- Суд. Ал-Насабих
(Шам-шырақтар) «Мұсылман хұқы хақындағы шығармалар». Араб тілінде. ХІХ
ғасырдың алғашқы ширегіндегі қолжазба.
Нур-наме «Риссалалар жинағы».
Түркі тіліндегі қолжазба. ХІХ ғасырдың аяғында көшірілген.
3. Ұлттық кітапханада
қолжазбалар қорымен
жұмыс екі бағытта жүргізіледі: 1-ші оқырмандарға,
негізінен ғылыми қызметкерлерге қызмет көрсету,
2-ші қазақ қолжазбалардың тарихын зерттеумен
айналысу. Алдын ала жоспарлау осы екі бағытта
дамыту ісін жаңа жағдайда жұмыс істеу тәсілімен
ұштастыруды қарастырады. Сонымен қатар,
кітапхананың негізгі мақсаттарының бірі-ескіріп,
тозып бара жатқан қолжазбаларды сақтау
мәселесі. Осы орайда оқырманға көбінде
микрофильм, микроафиша, ксерокөшірме, CD-
DVD-ге жазылған электрондық көшірмесі беріледі
де, ал түпнұсқа құжаттар арнайы жағдайда,
қалыпты температурада сақталады.
Ұлттық кітапханада сирек қордың ең көрнекті бөлігі
шығыс қолжазбаларының коллекциясы. Олар ғылым саласы
бойынша: тарих, география, медицина, математика, философия,
мәдениет, әдебиет, тіл ғылымы, суфизм және басқа діни
әдебиеттер. Жазылу мәнері, әдістері де әралуан: қисса, хамса,
хикмет, шежіре, дастан, нама, хат, диалог, естелік, риссала, аңыз
әңгімелер. Кітапханада сақтаулы ең көне қолжазба кітап-ХІІ
ғасырда «куфа» жазуымен жазылған Құран кітабы. Беттерінде
герб секілді таңбалы өрнектер бар. Мұқабасы бұзау терісімен
қапталған. Жасыл түсті бедерлі өрнегі бар. Ойып басылған
мөрде кітап иесі молла Ходжа Ғабдуррахман деген жазу бар.
Қолжазбада кездесетін жазуларға қарағанда бұл Құран кітап
1118-1157 жылдары өмір сүрген Санжар Салжұқ сұлтанның
қарындасының иелігінде сақталған. Ал, ХҮІІІ ғасырда араб
және парсы тілдерінде «насих» жазумен жазылған Құран-
қолжазба кітаптардың ең көрнектісі.
Кітапханадағы құнды қолжазбаның бірі
Хандар шежіресі:
Қолжазба, ХІХ ғасыр.
Хандар шежіресінің қолжазбасы үлкен ақ қағазға қара
қарындашпен шамамен хижраның 1330 жылы араб
графикасымен-ескі қадым жазумен жазылған. Қағаздың
көлемі 109х74 см. Кім жазғаны және қашан жазылғаны
көрсетілмеген. Уақыт табынан қағазы сарғайып, мәтін
көмескілене бастаған, бүктелген жерлері қиылып, жазуы
өшкен. Бұл қолжазбаның мәтінін араб графикасынан
кириллицаға түсірген белгілі ғалымдар – араб
графикасымен жазылған көне қолжазбалар маманы,
ауыз әдебиетін жинаушы Махсұт Шафиғи мен әдебиет
зерттеуші, филология ғылымдарының докторы,
профессор Мұхамедрахым Жармұхаммедұлы.
Бұл қолжазба ҚР Ұлттық кітапханасының қорына 1936
жылы кітапхана директоры Б.А. Жұмабаевтың ұсынысымен
Қазан қаласының тұрғыны А.В.Васильевтен сатып алынған.
Қолжазба Ы.Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін 1889 жылы
Торғай облысы мектептерінің инспекторы А.В.Васильевтің
қолына түсіп, жарты ғасырдай сақталып келген. А.В.Васильев
қолжазбаның алғашқы бетіне «Уникум. Торғай облысы
мектептерінің инспекторы, марқұм Ыбырай Алтынсариннің
қазақ тіліндегі қолжазбасы. Ғылыми еңбек «Начальное обучение
киргизов русскому языку» атты алғашқы шығармасының 2-ші
басылымына дайындалған. 1890 жылдан бастап А.В.Васильевтің
қолында... Қолжазба Торғай облысы мектептерінің алғашқы
инспекторы Ы.Алтынсариннің өз қолымен жазылған. Қайтыс
болуына байланысты аяқталмай қалған» деген тарихи-деректі
жазбалар қалдырған.
4.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорындағы
бірегей қолжазбалар мен басылымдар қорында сақтаулы бұл
шығармасын Абай қазақ халқының шығу тегі мәселесіне арнап жазған. Өз
заманындағы көптеген фольклорлық деректер мен шежірелер, аңыз
әңгімелер мен кейбір тарихи туындылар аясында өз ой талғамдарын
қысқаша тұжырымдаған. Бұл қолжазба – Абайдың өзінікі болуы ықтимал.
Ол жайында 2005 жылғы толық жинақта тағы да айтылады.
Қолжазбада Абайдың 107 өлеңі, 39 аудармасы, 17 қарасөзі қамтылған. Мұның
ішінде «Сабалақ», «Ескендір», «Масғұт» дастандары, «Қартайдық, қайғы
ойладық, ұйқы сергек», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Ғылым таппай мақтанба»
және басқа өлеңдері рет саны ауысуымен берілген. Сондай-ақ, Шәкәрім қажының
өлеңі, Абылай Қасым балалары, Қазақта ұлы патша – Абылай хан сынды жыр
қамтылған
.
Абай шығармалары жинақталған
Мүрсейіт қолжазбасының қазірге дейін үш
нұсқасы анықталған: ҚР ҰҒА-ның
Орталық ғылыми кітапханасында
сақтаулы 1905, 1910 жылғы нұсқалары
мен М.Әуезов музейінде сақтаулы (ҚР
БжҒМ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнертану институты қорынан
алынған) 1907 жылғы нұсқасы.
Кітапхана ежелден бүгінгі таңға дейінгі
құнды жазбалардың арнайы қоймасы.
Адамзат баласының басты үш
құндылығы – білім, ғылым және өнер. Ал
осы құндылықтардың қыр-сырын түсінуге
қол ұшын беретін, алуан түрлі ғылыми
жаңалықтарды ашуға апаратын бірден-бір
жолдың ордасы – кітапхана.
Кітапханалардың негізгі мәселелерінің бірі –
қорлардың ұзақ сақталуын қамтамасыз ету. Бұл мақсат кітап
қоймасын дұрыс ұйымдастыруға және құжаттарды дұрыс
қолдануға жеткізетін жолдар болып табылады. Бүкіл әлем
бойынша кітапханалардығы және мұрағаттардағы қорларды,
мұражайларды сақтау жұмыстары өзекті мәселе болып
табылады. Қазіргі кезде еліміздегі кітапханаларда
құжаттардың көпшілігі қоршаған орта факторларының
қолайсыз әсерінен зақымдануда (шаң-тозаң, химиялық
заттардың қоспалары, температурамен ылғалдылықтың
өзгеруі, жарықтың әсер етуі т.б.). Сондықтан бүгінгі күні
зақымданған қолжазбалар мен көне басылымдарды қайта
қалпына келтіру жұмыстарын жоғары деңгейге келтіру үшін
реставрация жасаудың, түптеудің барлық қыры мен сырын
меңгерген тәжірибелі мамандар мен полиграфия саласында
оқыған кәсіптік-техникалық, жоғары білімі бар мамандар
дайындалуы қажет.
«Бабалар сөзі» сериясының 100 томдығы.
Осы 100 томдық Бабалар сөзі кітабы Қолжазбалар
негізінде жазылған.
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті өзінің құнары мен
көлемі жөнінен әлемдік фольклор мұраларының арасында
алдыңғы қатарда тұр. Осынау мол рухани
құндылықтарымыздың тарихи-мәдени мәні мен көркемдік
деңгейі жөнінде осыдан екі ғасырдай бұрын бірқатар
шетелдік ғалымдар оң пікір білдірсе, кейін орыс
фольклортанушылары мен отандық зерттеушілердің
еңбектерінде де жан-жақты, салиқалы да терең ой-
тұжырымдар жасалып, жоғарыдағы көзқарас ғылыми
тұрғыда дәлелденді.
Қазақ фольклоры ғасырлар бойы ауыздан-
ауызға тарап, халық жадында сақтала келіп, тек ХІХ
ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап ғана
қағазға түсіріліп, кітап болып жарияланып, ғылыми
қауымның назарына іліне бастады.
ХІХ ғасрдың екінші жартысында
фольклорымыздың сан алуан жанрды қамтитын
таңдаулы нұсқалары, сондай-ақ шығыс сюжеттері
желісінде жырланған көптеген дастандар жеке-жеке
кітап болып басылып, мыңдаған данамен елге
тарады.
Дегенмен, фольклорлық туындыларымыздың
көбірек жарияланып, жүйелі зерттеле бастаған кезеңі-
кеңестік дәуір. Осы уақытта (1920-1991) қазақ
фольклоры жанрлық жағынан сараланып, олардың ең
маңызды үлгілері әр түрлі хрестоматиялық оқулықтар
мен жинақтарға, сондай-ақ халық ауыз әдебиетінің
алғашқы сериялық басылымдарына енді.
Алайда, күні бүгінге дейін жарияланған
фольклорлық жинақтар халқымыздың көнеден келе
жатқан қымбат та асыл мұраларын түгелдей қамтыды
деп ешкім де айта алмаса керек. Әрине, мұның түрліше
себептері болды.
Біріншіден,
қоғамдық-идеологиялық мүдделерге сай
келмегендіктен, бірқатар фольклорлық шығармалар зерттелмеді және
жарық көрмеді. Бұлардың арасында діни дастандар, мифтік аңыздар,
магиялық жанрдың көптеген үлгілері, тарихи жырлар, тағы да басқа
фольклорлық мәтіндер бар.
Екіншіден,
фольклорлық туындылардың табиғаты ескерілмей,
оларға жазба әдебиет шығармаларына қолданылатын талаптар
қойылып, сол өлшеммен баға берілді. Осының нәтижесінде, кейбір
фольклорлық шығармалардың эстетикалық құндылығы шамалы,
көркемдігі төмен деген қорытынды жасалып, олар ғылыми айналымнан
мүлде шығарып тасталды.
Үшіншіден,
жарияланған мәтіндердің көбісі саяси-
идологиялық, қатаң цензуралық бақылаудың салдарынан әдейі жасалған
қасақана мәтіндік қысқарту мен редакциялық түзетуге ұшырады.
Бірсыпыра фольклорлық шығармалардың мәтіндері ішінара
бұрмаланса, кейбіреулерінің сөздері, тіпті, тұтаc сөйлемдері мен
шумақтары ауыстырылып, өрескел өзгертулермен жарыққа шықты.
Баспа редакторлары, әдетте, мәтіндерге көркем өңдеулер де жасап
отырған.
Аталған олқылықтардың орнын толтыру
үшін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институты Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
ұсынған «Мәдени мұра» бағдарламасы
шеңберінде орындалатын «Бабалар сөзі» атты
ғылыми басылымды дайындауды 2004 жылы
қолға алып 2013жылы -10 жыл аралығында 100
томдық «Бабалар сөзі» қолымызға тиді.
Басылымның басты мақсаты – халықтың
рухани мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни
қолда бар фольклорлық материалдарды түгел
жарыққа шығару.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін:
1) Қолжазба қорларында сақталған барлық мәтіндерді
жариялау. Оның құрамында:
а) қазан төңкерісіне дейін кітап болып басылған
шығармалар;
ә) қолжазба күйінде жеткен материалдар;
б) кеңес дәуірінде саяси-идологиялық бақылауға
алынып, «цензура сүзгісімен» жарияланған мәтіндер;
в) әр түрлі себептермен жариялануға тиым салынып,
осы күнге дейін ғылыми айналымға түспеген
шығармалар бар.;
2) Фольклорлық шығармалардың мәтіні бүгінге қандай
күйде жетсе, оларды бастапқы қалпында жариялау.
Демек, ешқандай редакторлық өңдеуге жол берілмейді.
«Бабалар сөзі» сериясы – ғылыми
басылым.
Оның негізгі принципі – шығарманың
табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара
салыстыра зерттеп, фольклорлық
шығарманың сюжеті мен жанрлық
белгілері туралы толық көрініс беретін
мәтінді таңдап, оқырманға ұсыну. Керек
болған жағдайда бірнеше варианттары
жарияланады.
100 томдық «Бабалар сөзі» кітабы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді
бөлігі болып саналатын эпостық
шығармаларға, ертегілерге, шетелдердегі
қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар
мен мақал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б.
жанрларға арналды.
1-10-шы томдар «Хикаялық дастандар»,
11-16-шы томдары «Діни дастандар»,
17-22-шы томдары «Ғашықтық дастандар»,
22-24-шы томдары «Хикаялық дастандар»,
25-26-шы томдары Қытайдағы қазақ фольклоры,
27-29-шы томдары «Тарихи жырлар» Қытайдағы қазақ
фольклоры,
30-31томдары «Хикаялық дастандар» - Қытайдағы
қазақ фольклоры,
32 томы «Шежірелік дастандар» - Қытайдағы қазақ
фольклоры,
33-51-ші томдары «Батырлар жыры»,
50-том «Көне эпостар»,
53-55-ші томдары «Ғашықтық жырлар»,
56-66-шы томдары «Тарихи жырлар»,
67-69-шы томдары «Қазақ мақал-мәтелдері»,
70-ші томы-«Қара өлең»,
71-ші томы «Қара өлең - Қытайдағы қазақ фольклоры»,
72-ші томы «Балалар фольклоры»,
73-ші томы «Хайуанаттар туралы ертегілер»,
74-ші томы «Қиял-ғажайып ертегілері»,
75-ші томы «Батырлық ертегілер»,
76-шы томы «Новеллалық ертегілер»,
77-ші томы «Сатиралық ертегілер»,
78-ші томы «Қазақ мифтері»,
79-шы томы «Монғолиядағы қазақ фольклоры»,
80-ші томы «Топонимдік аңыздар»,
81-83-ші томдары «Шежірелік жыр - аңыздар»,
84-ші томы «Күй аңыздар»,
85-88-ші томдары «Тарихи аңыздар»,
89-шы томы «Аңыздық жырлар»,
90-91-ші томдары «Ғұрыптық фольклор»,
92-ші томы «Өтірік және мысалдар»,
93-ші томы «Магиялық фольклор»,
94-ші томы «Түс жору және ырымдар»,
95-ші томы «Хикаяттар»,
96-97-ші томдары «Ауызекі әңгімелер»,
98-томы «Күлдіргі әңгімелер»,
99-100-ші томдары «Ән-өлендер».
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін!
Жандарыңа тыныштық берсін,
Дендеріңе саулық берсін.
Қызметтеріңе табыс берсін,
Еңбектеріңе жеміс берсін!.
Дастарханың мол болсын,
Ағып жатқан көл болсын.
Бала-шаға өніп-өсіп, өркендеп,
Алды-алдыңа ел болсын !
Осы
«Бабалар сөзі»
мен қатар біздің кітапханада
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап
сериялары, Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы
бойынша шығарыла бастаған
Қазақ қолжазбалары
Көне түркі және қазақ жазба әдеби мұралары (б.д.дХ ғ.
Бастап –хх ғ. дейін) 2011 жылдан осы кітаптың 10 томдық
басылымы шығарыла бастады. Бұл кітаптар түпнұсқа,
жолма-жол аударма, әдеби аударма бойынша жазылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер
институты жанындағы қолжазбалар мен текстология
орталығындағы
Достарыңызбен бөлісу: |