Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет11/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
1.3.2. Азық майын анықтау

Азық майы малға энергия көзі болып табылады. 1 г май тотығуынан 9,1-9,3 ккал, яғни протеин мен көмірсулар тотыққанда пайда болатын 4,2-4,5 калориядан 2,25 есе көп энергия пайдаболады. Мал азығындағымайдың жеткіліксіздігі майда еритін дәрумендердің тапшылығына апарады. Май құрамындағы кейбір май қышқылдарыныңжеткіліксіздігі малда бірқатар ауру тудырады, зат алмасуынбұзады. Оларға қанықпаған линолен, архидон қышқылдары жатады.


Азық майын, яғни липидтерді азық үлесінен органикалық еріткіштермен ерітіп бөледі. Еріткіштермен өндегенде бейтарап маймен қоса, балауыз, фосфатидтер, альдегидтер, кетондар, күкірт қосылыстары, органикалық қышқылдар, сағыздар, бояғыш заттар еритіндіктен, экстракты "шикі", яғни шикізатты, таза емесмайдеп атайды. Азық үлгісін майсыздандыруды екі тәсілмен жүргізеді... Сокслет тәсілі бойынша азық үлгісінарнайы қондырғыда эфирмен, ... Попандуло тәсілі бойынша бензинмен өңдейді. Ол үшін 700 мл конустық колба, құм монша, кері ауалы тоңазытқыш, 100-105°С-тық термостат, аналитикалық таразы, қайнау нүктесі 75-90°С авиация бензині, бюкстер қолданылады.
Анықтау барысы. 1. Абсолютті-құрғақ күйдегі азық үлгісі алынған қапшықты конустық колбаға салып, үстіне авиация бензинін құяды да, колбаны кері ауалы тоңазытқышқа нығыздап қосады. Содан кейін құм моншаға қойып 30 мин. қайнатады;
2. Колбадағы бензинді бөлек құйып алып, орнына таза бензин кұйып тағы да 30 мин. қайнатады. Сөйтіп, азық липидтерін толығымен еріту үшін, үш қайтара экстракциялайды;
3. Содан кейін колбадан қапшықты алып, сыртқа соратын шкафта дегдітеді де, кептіргіш шкафқа салып 100-105°С-та кептіреді;
4. Азығы бар қапшықтың бастапқы және майсыздандырылғаннан кейінгі салмағының айырмашылығы бойынша "шикі"май көлемін (ШМ, %) "шикі"май салмағы (м, г) мен азық сынамасының салмағы (М, г) бойынша келесі жолмен есептейді: ШМ = (т х 100) : М, %

Азық майын анықтау



Көрсеткіш

Анықтау дерегі

1. Азық сынамасы салынған капшық массасы, г




2. 100-105°С-та кептірілген бос қапшық массасы, г




3. Азық сынамасының массасы, г




4.Майсыздандырылған қапшықтың 100-105°С-та
кептірілгеннен кейінгі массасы, г
- 1–өлшеу
- 2-өлшеу
- 3-өлшеу




5. Ерітілген "шикі" май массасы, г




6. Абсолютті құрғақ азықтағы "шикі" май мөлшері, %




7. Ауалы-құрғақ азықтағы "шикі" май мөлшері, %






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет