Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет8/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

1.3.Азық химиялық құрамы

Мал азығының қоректілігі химиялық кұрамымен байланысты өзгереді. Әр түрлі жемшөптің кұрамы, яғни ондағы мал қорегіне қажет қоректікзаттар мен қосындылардың шоғырлануы әр түрлі және әр көлемде болғандықтан, олардың қоректілігі мен құнарлылық қасиеттері де алшақтанады. Сондай-ақ, жемшөп құрамы өскен жер топырағының кұнарына, ауа-райының табиғи климаттық жағдайына, өсіру агротехникасына, қолданылған тыңайтқыштарға және сол секілді көптеген жағдайларға байланысты өзгереді. Сондықтан азық қоректілігін бағалау үшін алдымен оның химиялық кұрамын анықтап, ондағы энергетикалық, қоректік, минералдық, витаминдік, т.б. биологиялық маңызды заттарының көлемін біледі.




1.3.1. Азық ылғалдылығын анықтау

Азық ылғалдылығы 5-тен 95%-ға дейін өзгереді. Техникалық өндірістің барда, жом секілді азыктыққалдықтарында — 90-95%, тамыртүйнектерде — 80-90%, көк шөпте - 70-80%, сүрлемде — 65-70%, пішендемеде — 45-55%, пішенмен сабанда - 15-20%, жем мен дәнде — 12-14% су болады. Азықтағы су бос және химиялық қосындылармен байланған түрде болады. Бос су өсімдік торшасында қантты, түрлі амин және органикалық қышқылдарды және басқа заттарды ерітеді. Оны алғашқы немесе бастапқы ылғал деп, ал әртүрлі гидрофиль коллоидтарымен байланыстағы суды гигроскоптік ылғал деп атайды.


Азық құрамындағы ылғалды кептіргіш шкафта (термостатта) 60-65°С және 100-105°С кептіріп анықтайды. Азық үлгісін алдымен ауалы-құрғақ күйге келтіру үшін, бос судан тұратын алғашқы ылғалдылылығын кептіреді. Ол үшін диаметрі 20-30 см фарфор шөшке немесеэмальденген тостаған, мата қапшықтар, техникалық таразы, кептіргіш шкаф, азықты ұсақтайтын пышақ пайдаланады.

Алғашқы ылғалдылықты анықтау.
Зерттелетін ірі азықтың орташа үлгісінен 200-300 г сынама алып, 1-2 см етіп, турап ұсатады. Ылғалдылығы жоғары сүрлем үлгісіненде 800-1000 г сынама алып ұсатады. Дәнді азық, шрот, ұнтақталған құнарлы азықтардың үлгісінен 150-200 г сынаманы шаршылау тәсілімен бөліп алады. Тамыр-түйнек жемістілерді топырақтан тазартып, құрғатып, сүртеді де, 1000-1200 г өлшеп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет