Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет9/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Анықтау барысы. 1. Ылғалды азыққа тостағанды, ал құрғақ азыққа мата қалтаны нөмірлеп, кептіргіш шкафта 90-100°С-да 30 мин.кептіріп, өлшейді;
2. Тостағанға қалтаға зерттелетін азықтың орташа үлгісінен сынама салып, өлшеп, 60-65°С-та соңғы қатар екі өлшеу айырмашылығы 0,5 граммнан кем болғанша кептіреді.
Жоғары ылғалды тамыртүйнетер секілді азықтағы ферментативті үрдісті тоқтату үшін, салмағы өлшенген, сынамасынжұқалап турап, жіпке тізіп, кептіргіш шкафта 900-та0,5 caғ. ұстап, одан соң 60-65°С-та кептіреді. Алғашқы ылғалдылық көлемін (АЫ, %) алғашқы ылғал салмағы(т, г) мен азық сынамасының салмағы (М, г) бойынша келесі жолменесептейді: АЫ = (тх100):М,%
Алғашқы ылғалдылықты анықтау

Көрсеткіш

Анықтау дерегі

1. Бос тостаган не қалта салмағы,г




2. Азық сынамасы салынған тостаған не қалта
салмағы, г




3. Азық сынамасының салмағы, г




4. Сынама салынған тостағанның 60-65°С
кептіргеннен кейінгі салмағы, г
- 1-өлшеу
- 2-өлшеу
- 3-өлшеу




5. Алғашқы ылғал салмағы, г




6. Алғашқы ылғал көлемі, %




Ылғалдылығы тым алшақ азықтарды кептіргіш шкафқа бір мезгілде салуға болмайды. Кепкен азықты ауалы-құрғақ күйге келтіру үшін, 4-6 сағат тостағанда бетін қағазбен жауып қалдырады да, содан кейін өлшейді. Осы ретпен әр үлгі зерттеуін екі реттен жүргізгенде, анықтау нәтижесінің айырмашылығы 2-3%-дан аспауы керек. Ылғалдылықты анықтау барысы жоғарыда келтірілген кесте түрінде жазылады.


Азықтың кептірілген ауалы-құрғақ үлгісін зертханалық диірменде ұнтақтап, торының көзі милиметрлік електен өтпеген бөлшектері 2%-дан аспағанша елейді. Содан кейінгі қалдықты үлгімен араластырып жібереді. Үлгіні нығыз тығынды ыдысқа сап, сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет