Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет23/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

2.4.3. Азық дәрумендік қоректілігі

Азық қоректік заттары зат алмасу барысында қажетті тотығу-тотықсыздану реакциялары арқылы игерілуін биологиялық катализаторлар –ферменттерреттестіреді. Ферменттер пәрменділігін белсендіруші қосындылар, яғни коферменттер қызметіндәрумендер, яғни витаминдер (vita... латынша... өмір) атқарады. Дәрумендер жетіспеушілігінен ферменттер белсенділігі төмендеп, алмасу үрдісі бұзылады да, мал гипо- (аз) және а-(жоқ) дәруменсіздіккеұшырайды. Соның салдарынан төл өсуі тежеліп, сақа мал өнімділігі кемиді. Мал азығының дәрумендік қоректілігі осы, организмде түзілмейтін маңызды биологиялық пәрменді қосындылардың жеткіліктілігіне байланысты. Осы орайда, күйісті малдың бірқатар дәрумендермен қамтамасыз етілуіне (К, В тобының) месқарын микроорганизмдері себептесетінін ескеру қажет.


Дәрумендерді майда және тұзда ерігіштігі бойынша екі топқа бөледі. Майда еритіндерге А, Д, Е, К, суда еритіндерге С мен В тобының дәрумендері жатады.
А-витамині- ретинол - организмде маңызды қызмет атқарады. Оның жетіспеушілігінен ас қорыту, тыныстану, зәр шығару және жыныс жолдары, көз бен тері эпителийнің дамуы нашарлап, соның салдарынан мал тәбеті бұзылып, қоректік заттар қорытуы мен сіңіруі төмендейді. Төлдің өсуі бәсендеп, сақа мал өнімділігі мен көбеюшілігі тежеледі. Мал мен құс көзінің көруі, өкпесінің тыныстануы әлсіреп, терісі қатайып, жүні сапасызданады.
Төлге А-дәрумені уыз және сүтпен, жұмыртқа сарысымен жеткізілсе, сақа малға өсімдік азықпен оның алғашқы қосындысы - каротин жегізіледі. Қорыту барысында аш ішекте каротин А-дәруменіне айналып, қанға сіңіріледі. Каротин көк балаусада көп жиналып (40-70 мг/кг), жасыл пішенде (20-40 мг/кг), шөп ұнында (100-150 мг/кг), сәбізде (60-80 мг/кг), асқабақта (30-60 мг/кг), сапалы пішендеме (30-50 мг/кг), сүрлемде (20-40 мг/кг) жақсы сақталады. Малдың каротин мен А дәруменіне мұқтаждығы мг немесе халықаралық өлшеммен (х.ө.) көрсетіледі. А дәруменінің халықаралық өлшемі ретінде оның 0,3 мкг немесе (3-каротиннің 0,6 мкг) алынған.
Д-дәрумені - кальциферол - организмдегі минералды алмасуды реттестіруге қатысады. Жетіспеушілігі төлді рахит, сақа малды остеомаляция, остеопороз түріндегі сүйек ауруларына шалдықтырады. Өсімдік майындағы эргостеринен, мал майы мен терісіндегі 7-дегидрохолестериннен ультракүлгін сәулесі әсерінен Д-дәруменінің биологиялық пәрменді түрі Д1 мен Д2дәрумендері түзіледі. Құс үшін Д3-дәруменінің белсенділігі Д2-дәруменінікінен 30 есе жоғары болады.
Д дәрумені ашық күнде кептірілген пішен (300-400 хө/мг) мен салынған сүрлемде (40-60 хө/кг) , жазғы сиыр сүті (30-80 хө/кг) мен уызында (100-200 хө/кг), балық ұнында (50-100 мг/кг) көп болады. Сәулелендірілген ашытқының 1 г кальциферолдың 4000 х.ө. жиналатындықтан, оның 1 кг 3-4 т мал құрама жеміне қосып, Д дәруменінің көзі ретінде пайдаланады. Д дәруменінің халықаралық өлшемі ретінде Д пішеннің, яғни кальциферолдың 0,025 мкг алынған.
Едәрумені- токоферол - антиоксидант болғандықтан организміндегі А дәруменіменкаротиннің сақталуына себептесіп, жетіспеушілігінен жиналатын май алмасуының улы қалдықтары малдың көбеюшілік қасиетін бұзып, бұлшық ет дистрофиясына ұшыратады. Еркек малдың ұрық пен жыныстық гормондарының түзілуі әлсіреп, ұрғашы малдың буаздығы бұзылады.
Токоферолдар бұршақ тұқымдастар көгінде (130-170 мг/кг), пішенінде (20-30 мг/кг), сүрлемінде (20-40 мг/кг), әсіресе бидай (1500-3000 мг/кг) мен жүгері ұрығы майында (1000-2000мг/кг), балық майында (100-700 мг/кг) жиналады. Е дәруменінің халықаралық өлшемі ретінде а-токоферолдың 1 мг алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет