Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет24/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
К дәрумені - филлохинон - қан ұюын реттестіреді, жетіспеушілігінен бауырда протромбин түзілуі тежеліп, құс мен бұлшықеті қанталайды. Геморрагиялық қанталауы кокцидозға шалдыққан құс өлімінің негізгі себебі болып есептелінеді. Сондықтан ауру құстың К-дәрумендік мұқтаждығыөседі. Бұл дәруменкөк балауса, сапалы пішен, пішендемеде, сүрлемде, зығыр мен соя дәнінде мол. Астық тұқымдастар дәні мен тамыржемістілерде, жұмыртқада аз болады.
Втобының дәрумендеріне В1- тиамин, В2 - рибо­флавин, В3 - пантотен қышқылы, В4 - холин, В5 - никотин қышқылы, В6 - пиродиксин, В7 - биотин, В8 - инозит, Вс -фолий қышқылы және В12 - цианкобаламин кіреді.
Олардың организмдегі негізгі қызметі - зат алмасуын реттестіретін ферменттерді белсендірумен, яғни коферменттік қызметпен байланысты. Мысалы, B1 дәрумені жетіспеушілігінен туындайтын карбоксилаздандыру ферменттері әсерінің әлсіреуінен денеде пирожүзім қышқылы жиналады. В1 және В5дәрумендері көптеген фермент құрамында организмдегі аралық алмасу өнімін тотықтыру-тотықсыздандыру үрдісіне қатысады.
Тиамин сапалы пішенде (2-4 мг/кг), астық (3-5 мг/кг) және бұршақ тұқымдастар дәнінде (8-12 мг/кг), мақта мен зығыр күнжарасында (4-7 мг/кг), әсіресе азықтық ашытқыда (18 мг/кг) көп болады. Ол, негізінен, дәннің ұрығы мен қабығында жиналатынын ескеру керек. Халықаралық өлшемі ретінде кристалдық тиамин-гидрохлоридтің 3 мкг алынған.
Арзан никотин қышқылы синтетикалық жолмен дайындалып, кұс құрама жеміне қосылады. Оған шошқа мен құс мұқтаждығы азықтағы триптофанның деңгейіне керісінше байланыста өседі.
В3дәрумені май алмасуын реттестірсе, В4 витамині бауырда фосфолипидтер түзіліп, қанға енуіне себептесетін липотроптық қызмет атқарады.
Пантотен қышқылы астық (6-10 мг/кг) және бұршақ тұқымдастар дәнінде (18-20 мг/кг), бидай кебегінде (25 мг/кг), құрғақ ашытқыда (100 мг/кг) көп болса, холин жоңышқа ұнында (600-1200 мг/кг), балық ұнында (3000 мг/кг), соя шротында (2000 мг/кг) және гидролиздік азықтық ашытқыда (2500-4500 мг/кг) көп жиналады.
В6дәрумені аминқышқылдарының карбоксилденуі мен аминауыстыру реакцияларын жүргізетін ферменттер, ал В7 дәрумені транскарбоксилаздан-дырғыш ферменттер құрамына кіреді. Азықтық ашытқыда 10-20 мг/кг пиродиксин, 0,6-2,3 мг/кг биотин болады. В12-витамині қан мен нуклеин, амин-қышқылдарыныңтүзілуіне қатысады. Бұл витамин тек жануар тектес азықта (балық ұнында 30-330 мг/кг, ет-сүйек ұнында 80-100 мг/кг, құрғақсүтте 20-60 мг/кг) болады, құрамына 4,5% кемінде кіретін кобальт жеткілікті жағдайда оны таз қарынмикроорганизмдері түзеді.
В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігінен зат алмасуының барлық қыры - су, май, көмірсу, белок алмасуы бұзылып, соның салдарынан төл, әсіресе балапан, өсуі күрт тежеліп, сақа мал, әсіресе құс, өнімділігі азаяды. В-витаминозына шалдыққан құс тәбетсізденіп, өсуі тежеліп, жүрек қан тамыр жүйесі әлсірейді. Балапандардың мойны мен сирағы тартылып, сақа құстың жұмыртқалағыштығы азаяды.
Шошқа мен торай дерматитке, ректальдық геморрагияға ұшырап, құстың жүйкесі жұқарып, жаппай тырысқаққа ұрынады, бауырын май басып, буындары перозиспен зақымдалады.
С дәрумені- аскорбин қышқылы- зат алмасуындағы антиоксидант ретінде торша тыныстануына, рибосомалар мен митохондриялар жұмысына, стероидгормондарының түзілуіне қатысады, организмді уландырудан сақтандырады. А дәрумені жеткілікті жағдайда организмде қажетінше түзіледі. Сондықтан С- мен А-гиповитаминозы әдетте қатар орын алады.
Малға әзірленген құрама жемдегі витаминдерді сақтау үшін тотықтырмағыштар, яғни антиоксиданттар қосылады.
Ең тиімдісімалды Биологиялық-витаминдік-қосындылар түріндегі (БВК) витаминдермен қоса белокпен, минералдық заттармен,Биологиялық-витаминдік-минералдық-қосындылар (БВМҚ) түріндегі және барлық дерлік биологиялық пәрменді заттармен (премикстер) қосындысында пайдаланған жөн.
1- тапсырма.Практикум қосымшасынан каротинге, Д, Е, В тобының дәрумендерге бай 3-4 азықтың дәрумендік құрамын келтіріңдер.
2- тапсырма. Өсімдік тектес және жануар тектес азықтық дәрумендік құрамын салыстырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет