Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет39/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Өсімдік тектес азыққа жоғарыда келтірілген жемшөп және өндіріс қалдықтарымен қоса біршама техникалық өндірістің азықтық қалдықтары жатады. Олардың құрамында су көп (80-95%) болатындықтан - сулы, ал кептірілсе құнарлы азыққа жатқызылады. Бұлардың қатарына спирт (ашыту) өндірісінің қалдықтары - барда (қойыртпақ), бардасүзбесі, жүзім мен жеміс сығыны, тұнбалы шарап ашытқысықант өндірісінің қалдықтары - жом, сірне /мелясса, патока/крахмал өндірісінің қалдықтары - мезга, глютен, жүгері экстракті, сыра ашыту өндірісінің қалдықтары –сыра бөртпесі, сыра ашытқысы мен арпа солоды кіреді.
Бидай, картоп, қызылша, сірнеден спирт өндіргенде құрамында 88-95% су, 0,4-0,5% бос сүт және сірке қышқылы болатын, рН 4,2-4,4, барда қалады. 1 кг-да 0,04-0,12 а.ө., 8-18г қорыт. прот. болатын барданы 75-80% сабан, пішен, собығы қалдырылған жүгері кесіндісі, жем қалдығы, 19-24% кебек пен1% ас тұзыменараластырып, брикетте қоректілігі 0,5-0,6 а.ө.дейін жоғарылайды. Калий түздары көп болғандықтан, сірне бардасын тек бордақылаудағы малға шектеп (рацион қоректілігінің 10%-дай) жегізеді.
Сақтау үшін барданы сүрлемдейді не кептіреді. Сүрлемделген барданың 1 кг-да - 0,15-0,18 а.ө. болатын болса, кептірілген картоп бардасында - 0,9 а.ө., 94 г қорытылатын протеин, жүгері бардасында - 1,02 а.ө., 140 г қорытылатын протеин болып, бидай бардасы В тобының витаминдеріне (2,2 г/кгхолин, 70 мг/кг ниацин, 4 мг/кг тиамин, 9 мг/кг рибофлавин мен пантотен қышқылы) бай болады. Барданы кептіргенде қалатын сүзбе де бұл витаминдерге бай келеді. Oны құрғақ бардамен араластыру арқылы холин мөлшерін – 5-5,7г/кг, рибофлавин мөлшерін - 8-20 мг/кг, тиамин мөлшерін- 11-20 мг/кг, никотин қышқылының мөлшерін -150-170 мг/кг, пантотен қышқылының мөлшерін - 15-20 мг/кг дейінкөтеруге болады. Бұл қосындымен мал мен құс құрама жемінВ тобының витаминдерімен байытуға болады.
Жеміс-жүзім сөлі мен шырынын өндіруден қалған 1 кг жүзім сығындысында - 0,03 а.ө., 5 г қорытылатн протеин, 2 г Са, 0,5 г Р, кептірілген ұнтағында - 0,6 а.ө., 95 г қорытылатын протеин, 9 г Са, 2 г Р шарап өндіруден калған шарап ашытқысында - 0,28 а.ө., 40 г қорытылатын протеин болады.
Қант өндірісіндегі диффузиялық қондырғыда кызылша сөлін сумен шайғанда 93% судан тұратын диффузиялық қалдығы немесе жомның(сығынды) 1 кг-да 0,08 а.ө., 6-8 г қорытылғанпротеин болады, сондықтан оны алысқа тасымалдамай, органикалық заты 85% қорытылатын арзан азық ретінде құбырыментартып, бордақылаудағы малға ішкізеді. Суын азайтып, қоректілігін жоғарылату үшін жомды сығып (соған сәйкес: сжать, жом, яғни сығым деп аталған) немесе сүрлемдейді. Сығылған жом құрғақ заты 15-20%-ға дейін жоғарылап, 1 кг-да 0,14-0,16 а.ө., 6 г қорыт. прот., ал кептірілгенде - 0,85 а.ө., 38 г қорытылатын протеин болады.
Кептірілген жомды сірнемен (5%) немесе сірне және зәрлікпен (мочевина) (3%) амидті жом түрінде брикеттеуге болады.Құрғақ жомның 1 бөлігі судың 5 бөлігін сора алатын жоғары лиофильдігін (ылғалсорғыштығын) ескеру қажет. Жомның сүрлемделуін тездету үшін химиялық консервант қосуғаболады. Ашытқылап сүрлемделген жомда мал тәбетін жақсартатынспирт пен ароматты заттар көбейеді. Сүрлемделген жомды малға жегізер алдында әр 1т 0,5-2 кг газды аммиактан өткізу арқылы қышқылсыздандыруға болады. Аммонийландырылу жомдағы сүт, сірке, т.с.с. бос органикалық қышқылдарын бейтараптандырып, желінуін жоғарылатады.
Қызылшаның диффузиялық сөлін қыздырып, әк сүті жене көміртегінің қостотығымен өндеп, қанттан басқа қосындылардан тазартқаннан кейін, қоюландырып, қантын вакуум-қондырғыда кристалдендіргеннен кейінгі қалдығы сірне құрамында 20% су, бетаині мен нитраты көп 9% протеин, 60% азотсыз экстрактивті заттар, калий мен натрийі басым 10% күл болады.
Нитраттары мен сілті элементтерінің көптігі малдың ас қорытуын бұзып (тышқақтатып), зәр бөлінуін күшейтуі мүмкін. Сондықтан 1 кг-да 0,87 а.ө., 40 г қорытылатынпротеин, 3 г Са, 0,2 г Р,530 г қант болатын сірнені 3-4 ecесумен немесе басқа жемшөппен араластырып қолданады. Сірне ерітіндісімен жемшөпті бүрку арқылы мал азығының қант-протеиндік қатынасын жақсартып, 5-10% көлемінде құрама жемді түйіршіктендіруге пайдаланса, 1 бөлігін карбамидтің 10-12 бөлігімен араластырып, протеинді қосынды дайындайды.
Крахмалы шайылғаннан кейінгі картоптың 90% судан тұратын қалдығы мезга. Оның 1 кг-да 0,11 а.ө., 1 г қорытылатын протеин, 0,2 г Са, 0,5 г Р болады. Тез; бұзылатындықтан сүрлемдеп не кептіріп сақтайды. 70-75% ылғалдылықта сүрлемделген мезганың 1 кг-да 0,26 а.ө, 2 гқорытылатын протеин, 0,3 г Са, 0,6 г Рболса, кептірілгенде -0,95 а.ө, 40 г қорытылатын протеин, 0,7 г Са, 1,4 г Р,700 г азотсыз экстактивті заттар болады.
Крахмалды жүгеріден өндіргенде дән қабығы менклейковинасы, глютен мен жүгері экстракты калады. Ылғалдылығы 80-85% жүгері мезгасының 1 кг- да 0,2 а.ө., 17 г қорытылатын протеин, 0,3 г Са, 0,5 г Р болса, кептірілгенінде - 1 а.ө, 125 г қорытылатын протеин, 0,8 г Са, 2,4 г Р, 700 г азотсыз экстактивті заттар болады. 1 кг құрғақглютенде 1,25 а.е., 450 г қорытылатын протеин, 1,4 г Са, 7 г Р болады. Оны крахмалдан глюкоза өндіргенде қалатын қанты көп гидролмен бірге мал азығына протеинді-көмірсулы қосынды ретінде пайдаланады.
Барда, жом, мезганы көп мөлшері мал ас қорытуын, содан барып зат алмасуын бұзатын бос қышқылдарымен бағалайды. Ол үшін 100 г, ұсақталып, араластырылған азық үлгісін колбаға алып, үстіне 300-400 мл дистилденген су құйып, мұқият араластырғаннан кейін 4-5 сағатқа қойып, қағаз сүзгіден өткізеді. 100 мл сүзбеге бірнеше тамшы индикатор (фенолфталеин) тамызып, 1 мл бос қышқылдарда басым келетін 0,006 г сірке немесе 0,009 гсүт қышқылын бейтараптандыратын 0,1 н. КОН-пен титрлейді.
Сыра ашыту үшін арпа дәнін 7-10 тәулік өндіріп, кептіріп, өнген солодын сындырып, ұнтақтайды да, сумен араластырып, 75°С дейін жылытса - крахмалы қанттанып, солод экстрактивті заттары ерітіндіге өтеді. Оның суын (сусло) сорғызғаннан кейін сыра бөртпесі түріндегі тұнбасы, ал ферменттеп сырасын бөлген суслодан сыра ашытқысы түріндегі қалдығы қалады. Ылғалдылығы 75-80% сыра бөртпесінің1 кг-да 0,2 а.ө., 42 г қорытылатын протеин, 0,9 г Са, 1,8 г Р болса, кептірілгенінде - 0,8 а.ө, 160-170 г қорытылатын протеин, 4-5 г Са, 8 г Рболады. Құрғақ заты В»22%, протеині 13%, В тобының витаминдеріне, малға қажеттіферменттер мен гормондық қосындыларға бай сыра ашытқысының 1 кг-да 0, 25 а.ө., 85 г корыт, прот. болады. Ультракүлгін сәулемен сәулелеңдіргенде 1 кг-ғы Д2 витаминімен 5 мың х.ө. дейін байытылған сыра ашытқысы – құнды протеинді-витаминді азықтық қосынды болып саналады.
Өнген солодта бос аминқышқылдары, аминқышқылдар амидтері секілді белоктан тыс азотты қосындыларға бай келетін 24% протеин, 12% кант, көптеген В тобының және Е витамині болады. Бетаин мен холин солодқа ащы дәм береді. 1-кг-да0,7-0,8 а.ө., 170-190 г қорытылатын протеин, 2 г Са, 6 Р болады.
1-тапсырма. Спирт, сыра, крахмал, қант өндірісінде болып, олардың азықтыққалдығын өндіру технологиясымен танысып, үлгілерін алып, қоректілігі мен сапасын бағалаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет