Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет41/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

3.3. Жануар тектес азық

Жануар тектес мал азығына төл қорегіне жұмсалатын сүт пен сүт өнімдері және протеинді қосынды ретінде қолданылатын ет пен балық өңдеу өндірісінің қан, ет, ет-сүйек, балық ұны, сонымен қатар құс етін ендірудің қалдығы -қауырсын ұны жатады.


Сүт. Жаңа туылған төлдің алғашқы қорегі - ене уызы менсүті - жаңа ортаға бейімделіп, тіршілігін қамтамасыз етудсгі маңызы зор азық болып табылады. Сүт құрамында төл қорытуына жеңіл, жұғымды түрде 200 тарта қоректік және биологиялық пәрменді заттар болады - сүт майының ас қорыту жолындағы сіңірілімі 95% болса, биологиялық құнарлылығы өте жоғары сүт белогі мен жеңіл сіңірілетін сүт қанты лактозаның қорытылымы 98%-ға жетеді.
Әсіресе, алғашқы аптада төлді жұғымды, жеңіл қорытылатын, каротин мен А, Е витаминдері мол құрғақ заты 24-20%(жәй сүтте - 13%), жаңа туғанорганизмнің резистенттігін, яғни сыртқы орта жағдайына бейімделушілігі мен індетке қарсы тұрушылық қабілетін, қалыптастыратын у-глобулиндері мен басқа да биологиялық пәрменді қосындыларға бай белогі - 16-11% (жәй сүтте - 3,3%), майы 5,4-5,1% (жәй сүтте - 3,8%), қанты - 2,2% (жәй сүтте - 4,7%), күлі1%(жәй сүтте - 0,7%), қышқылдығы 40-30°Т (жәй сүтте -18°Т) уызбен қамтамасыз етудің маңызы зор. Уыздағы магний тұздары, төлдің алғашқы тоңғағы - меконийдің белінуін қамтамасыз ету арқылы, ас қорытуының қалыптасуына себептеседі. Уыздың биологиялық қасиеті буаздықтың аяққыкезеңіндегі азықтандыру сапасына тәуелді өзгереді. Сапасы төменуыз - төл ас қорытуының бұзылып, диспепсияға (тышқаққа) ұшырауының негізгі себебі болып табылады.
Сүттің энергетикалық қоректілігі, яғни қуаттылығы, майлылыығына байланысты өзгереді: майы 3%> сиыр сүтінің 1 кг-да0,31, майы 4%, майы- 0,36, майы 5% - 0,42 а.е. болады. Майсыздандырылған, яғни ақ сүттің сары май шайқағаннан кейінгікөк сүт (обрат) түріңдегі қалдығы, мал азығына кеңінен жұмсалады. Оның құрамында майда еритін витаминдер азайып, майы 0,1%-дан аспағандықтан энергетикалық қуаттылығы екі есе азайғанмен, протеині - 3,7%, қанты - 5%,кептірілсе 1 кг-да - 1,94 а.ө., 330 г қорытылатын протеинқұнды азық.
Сүттен май шайқаудың және бір пахта түріндегі қалдығының майлылығы - 0,7%-га, ал ірімшік өндірудің су сары суы (сыворотка молока) түріндегі қалдығының майлылығы- 5-6% жетіп, құрғақ затының 75% қанттан тұрады. Бұларды негізінен, торай азығына жұмсайды. Барлық сүт қалдықтар тез ашып, бұзылатындықтан, пастерленгеннен кейін бірде пайдаланбаса төл ішін бұзып, ауруға шалдықтырады. Көксүттен төл қорегіне жұғымды да пайдалы ацидофильді айран ұйытқан жөн.
Құрғақ көк сүтті төлге ене сүтін алмастырушы (ЕСА) дайындауға пайдаланады. Ол үшін БҒЗМИ рецепті бойынша 70% майсыздандырылған құрғақ көк сүтке 15-20% сумен тұрақты эмульсия түрінде араласатын, яғни гомогенизацияланған және май қышқылдарының қос байланысына сутегі; енгізілу арқылы қанықтырылған, гидрогенизацияланған саломас түріндегі өсімдік майын, 1-2% соя рецитинин, 3-6% лактоза, 3-5% ашытқы, 2-3% сұлы ұнын араластырып, әр 1 кг 15 мың ХӨ А, 3 мың ХӨ Д3, 2,5 мг К3, 100 мг витаминдерін, 100 мг тетрациклин, 125 мг фуразолидин, 300 мг натр салицилаты, 1 г сахарин, 20 г соя ұнтағы мен иісін жақсартып, тәбетін ашатын анис эфир майын қосып дайындауга болады.
АЗМИ мал азықтандыру кафедрасы (А.К.Росляков, А.Ф.Игошин 1973) 21-90-күндік бұзауды қоректендіруге ұсынған сиыр сүтін алмастыруға құрамажем рецепті - 35-20% құрғақ көк сүт, 20-15% азықтық ашытқы, 2 саломас, 4-5% балық не ет-сүйек ұны, 10-15% сұлы ұны, 5-10% арпа ұны, 5%бұршақ не шөп ұны, 5-8% мақта шроты, 1% балық майы, 0,5 фторсыздалған фосфат, 0,5% ас тұзынан құрылып, әр 1 ц 6,7 күкіртқышқылды мыс, 1 г хлорлы кобальт, 170 мг йодты калий қосылған. Бұл құрамажемді қолдану арқылы бұзау басына жұмсалатын 150 кг сүт, 300кг көк сүт үнемделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет