Байланысты: Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п
Ет өндірісінің азықтық қалдықтары. Етке сойылған малдың қаны мен жуынды суын кептіріп қан ұнын шығарады. Қою қоңыр түсті, іртіксіз, бөлшектерінің диаметрі 1 мм-ден сүйек қоспасы 5%-дан аспайтын ұнтақ. 1 сортты қан ұнының ылғалы - 9%, майы - 3%, күлі - 6%-дан аспай, протеині – 81- дан кем болмауы тиіс. 1 кг-да 0,92-0,98 а.ө., 650 г метиони изолейцині мен глицині аз қорыт. прот. болады. Іш өтуден сақтандыру үшін құс пен шошқа құрамажеміне 10%-д асырмай қосады.
Тағамға жарамсыз арам өлген және арық мал мен қалдықтардан сүйегі 10%-дан аспаса ет не сүйегі 10%-дан а ет-сүйек ұнын дайындайды. 1 сортты ет ұнының ылғалы 10%, майы - 12%, күлі - 12%-дан аспай, протеині - 65%-д кем болмауы тиіс. 1 кг-да 1,2 а.ө., 480-620 г лизинге бай, бір метионині мен триптофаны аз қорытылытын протеин болады. Рибофлавин, холин, никотинамид пен Впвитамині мол. 1 сортты ет-сүйек ұнының ылғалы - 9%, майы - 9%, күлі - 23%-дан аспай , протеині - 50%-дан кем болмауы тиіс. 1 кг-да 0,92 а.ө., 350 г қорытылатын протеині болады. Ет пен ет-сүйек ұнынқұс пен шошқа құрамажеміне 10-15% қосады.
Балық ұны. Ұсақ балық пен тағамға жарамсыз балық консервілеу қалдығынан дайындалатын, қорытылымы 85-90% өте кұнды белокті-минералды-витаминді азық. МЕСТ 2116-71 талабы бойынша азықтық балық ұнының ылғалдылығы - 12%, майы - 10%, ас тұзы - 5%-дан аспай, протеині 48% (жоғары сорты - 70%), фосфорқышқылды кальцийі - 28-30% кем болмауға тиіс. Шикізат құрамына байланысты 1 кг-да 0,9-1,5 а.ө, 480-630 г қорытылатын протеин, 20-80 г Са, 15-60 г Р болып, металл қосындысы 0,1 г аспауы керек.
Балық ұны протеиінінің аминқышқылдық құрамы стандартқа, яғни тауық жұмыртқасы ағынікіне жақындайды – 1-да 50 г лизин, 15 г метионин, 6 г триптофан болады. Өңдеу барысында жоғары температураға төзімсіз бірқатар витаминдері ыдырағанымен, рибофлавин (14 мг/кг), никотин қышқылы (175 мг/кг), пантотен қышқылы (100 мг/кг), цианкобаламин (0,8 мг/кг) секілді В тобы мен бауырымен бірге өнделген балық ұнында Д витамині мол болады. Бұзылмауы үшін балық ұнына антиоксидант қосып, көп қабатты тығыз қағаз қапта сақтайды. Құс пен шошқа құрамажеміне 10-12% қосады.