Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет5/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Собықты жүгері үлгісін алу. Собықтағы жүгері үлгісін қораптың алдыңғы және артқы бортынан 0,5-0,7 м аралықтағы бойлық осьтік сызық бойымен екі жерден алады. Алдымен сынама алынатын жерден үстіңгі собықтарды алып тастайды да, 10 см терендікте әр нүктеден қатар жатқан бес собықты алады. Собықтарды вагонга тиегенде не оларды түсіргенде әр вагоннан 5 собықтан 20 сынаманы бірдей уақыт аралығында алады. Әр вагоннан барлығы 100 собықіріктеп алады. Қоймадағы, қалқа астындағы, бурттардағы т.б. собықтардың үлгісін алу үшін жүгері бетін әрқайсысының аумағы 100 м2 бөліктерге бөледі.
Әр бөліктен бір жолғы сынаманы үш жерден: қоймалар мен қалқаларда —диагональ бойынша, бурттар мен сапеткаларда —ортасынан алады. Сынама алынатын әр жерден 10 см-лік және метрлік терендіктен бір-біріне жақын жатқан 16-17 собықты жинайды. Аумағы 100 м2 әр бөліктен 100 собық жинап алады. Жүгері собықтарының сынама алынатын жері қойма мен қалқалардың қабырғасынан 3 м, ал сапеткаларда 75 см қашықтықта болуы керек.
Барлық сынамалардың собықтарын қосып, бастапқы үлгі құрайды. Одан орташа үлгі сұрыптайды. Жүгері партиясынқабылдағанда әр апта көліктен жоғарыда айтылған ереже бойынша 10 собықты іріктеп, тығыз жабылатын ыдысқа салады. Бастапқы үлгі сақталатын ыдыс толғанда, одан әр оныншы собықты іріктейді де, орташа тәуліктік үлгіні жинайды. Жиналған тәуліктік үлгіден бір-бір собықты алып, 10 собықтан тұратын орташа үлгі алынады. Дәнді собықтан аршып, белгілі мөлшерін бөліп алады
да сапасын анықтайды.
Күнжара мен шрот үлгісін алу. Күнжараны вагоннан түсіру не тиеу кезінде автоматты үлгі алғышпен 1 т өнімге шаққанда 250 г-нан, алпартиядан кемінде 2,5 кг үлгі бірдей уақыт аралығында шөмішпен, күнжара келіп құйылатын тұстан, кемінде 10 рет алынады. Егер күнжарасалынып қойылса, үлгі алу үшін конустық сүңгіні пайдаланып, әр бесінші қаптан 0,5 кг үлгі (бірінші қаптың үстінен, екіншінің ортасынан, үшіншінің астынан) алады. Қоймада үйілген күнжараның бастапқы үлгісін алу үшін, оның бетін шартты түрде аумағы 1 м2 бөліктерге бөліп, содан кейін шахмат ретімен үстіңгі, ортаңғы, төменгі қабаттарынан алады. Оның қолмен іріктегендегісалмағы әр тоннаға шаққанда 1 кг болуы керек. Барлық үлгіні қосып, мұқият араластырады да, қалындығы 10 см етіп, шаршылап жаяды. Диагональ әдісімен 2,5 кг қалғанға дейін бөліп, орташа үлгі алады. Оны екіге бөліп, нығыз жабылатын ыдысқа салады.
Шроттың орташа үлгісін күнжаранікі секілді алады, тек сынаманы өнімнің әр оныншы қабынан алады. Шротты үйіндіде сақтағанда, біржолғы үлгіні конустық сүңгімен бетінің 2 м сайын үстіңгі, ортаңғы және төменгі қабаттарынан жалпы салмағы кемінде 2,5 кг болатындай етіп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет