Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Гигроскоптық ылғалдылықты анықтау



бет10/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Гигроскоптық ылғалдылықты анықтау.
Азық құрамындағы байланған, яғни гигроскоптық суды анықтау үшін оның үлесін 100-105°С-та тұрақты салмаққа дейін кептіреді. Кептіру кезінде азықтан гигроскоптық ылғал, ұшпа қышқылдар, аммиак, басқа заттар ұшып кетеді де, тотығу үрдісінің нәтижесінде оттегіжұтылады. Дәл нәтижеге алу үшін зерттеуді индиферентті газ ағынында не ваккуум аппаратта жүргізеді. Гигроскоптық ылғалы кептірілген азық абсолютті-құрғақ күйге көшеді. Зерттеу үшін аналитикалық таразы, кептіргіш шкаф, бюкстер (нығыз тығынды кептіргіш стакандар), үлгі алатын қасық, эксикатор, сүзгі қағаз қолданылады.
Анықтау барысы. 1. Сүзгі қағаздан мөлшері 3x8 см қапшық жасап, кептіргіш шкафта 100-105°С тұрақты салмаққа дейін кептіреді;
2. Қапшыққа ұнтақталған ауалы-құрғак азық үлгісінен 1,5-2 г салады;
3. Азық үлгісі бар қапшықты термостатта 100-105°С-табір сағат кептіріп, сыртқы ауа ылғалын жібермейтін эксикаторға салып, суытады;
4. Кептіруді қапшық салмағының айырмашылығы 20-30 мг-нанаспағанша жалғастырады;
5. Азық үлесі алынған қапшықтың бастапқы және кептіргеннен кейінгі салмағының айырмашылығы бойынша гигроскоптық ылғал көлемін (ГЫ, %) гигроскоптық ылғал салмағы (м, г) мен азық сынамасының салмағы (М, г) бойынша келесі жолмен есептейді:ГЫ = (т х 100) /М, %

Гигроскоптік ылғалдылықты анықтау

Көрсеткіш

Анықтау дерегі

1 Азық сынамасы салынған қапшық салмағы, г




2. Бос қапшық салмағы, г




3. Азық сынамасының салмағы, г




4. Қапшықты 100-105°С-та кептіргеннен кейінгі
салмағы, г
- 1-өлшеу
- 2-өлшеу
- 3-өлшеу




5. Гигроскоптық ылғал салмағы, г




6.Гигроскоптық ылғалдылық мөлшері, %





Алғашқы және гигроскоптық ылғалы бойынша азық иісінің жалпы ылғалдылығы (ЖЫ) мен құрғақ затын (ҚЗ)есептейді:
ЖЫ = АЫ + (100 - ГЫ) х ГЫ , % ҚЗ = 100 - ЖЫ, % 100




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет