Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет20/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

«Құнарлылық коэффициенттері»жүгері, картоп, сүт, қант үшін100%, соя үшін - 98%, арпа, бұршақ, зығыр күнжарасы үшін - 97%, қарабидай, бидай, сұлы мен мақта, күнбағыс күнжарасы үшін - 95 %, кендір күнжарасы үшін - 89 %,сәбіз үшін -87 %, бидай кебегі үшін - 78 %, қарабидай кебегі, қант қызылшасы үшін - 76 %, азық қызылшасы үшін - 72 %.
1-тапсырма. 1 кг шалғын пішенінің қоректілігін сұлы азық өлшемін бағалаңдар.
2- тапсырма. 1 кг арпаның қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалаңдар.
3- тапсырма.Оқытушы берген жеке азық қоректілігін есептеңдер.

Азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен есептеу



Көрсеткіш

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

1. 100 кг азықтағы мөлшері, кг













2. Қорытылу коэффициенттері, %













3. Қорытылатын қоректік заттары, кг













4. Майбайлау коэффициенттері, кг/г













5. Есептеулі май байланымы, г













Оның қосындысы, г




6. Түзету (жасұныққа шығару,
құнарлылық коэффициенті)




7. Түзетілген нақты май байлауы, г




8. 100 кг азықтағы сұлы азық өлшемі 1 кг азықтағы сұлы азық өлшемі






2.3.3. Қоректілікті алмасу энергиясымен бағалау

Алмасу энергиясыазық өнімдік әсерін толық қамтитын көрсеткіш болып табылады. Өйткені ол ас қорыту барысындағы барлық энергия шығындарын алып тастап, тек физиологиялық пайдалы өзгерістерге жұмсалатын энергия мөлшеріне есептеуге негізделген:


Алмасу Э = Азық Э — (Тезек Э + Зәр Э + Ішек газдары Э)
Азықтың алмасу немесе физиологиялық пайдалы энергиясы зат алмасу барысында тіршілікті қамтамасыз етуге және өнім өндіруге жұмсалады. Оны қорытылған қоректік заттар энергиясынан зәрмен және ас қорыту барысында пайда болатын газдар, негізінен метанмен, шығарылатын энергияны алып есептейді. Азық алмасу энергиясының мөлшерін алмасу энергиялық коэффициенттері арқылы есептейді. Күйісті малға Ж. Аксельсонның коэффициенттері қолданылады. Олар...
...қорытылатын 1 г протеин үшін:
- сүрлемде... 3,3 ккал (13,8 кДж); - ірі азықта... 4,3 ккал (18,0 кДж);
- жем, жануар тектес азықта... 4,5 ккал (18,8 кДж);
...қорытылатын 1 г май үшін:- ірі азықта... 7,8 ккал (32,7кДж);
- дәнде... 8,3 ккал (34,8қДж);- майлы дақыл дәнінде... 8,8 ккал (Зб,8қДж);
- жануар тектес азықта... 9,3 ккал (38,9 кДж);
...қорытылатын 1 г көмірсулар үшін:
клетчаткада... 2,9 ккал (12,1 кДж); - моноқантта... 3,38 ккал (14,2);
екіқантта... 3,56 ккал (14,9 қЦж); - үшқантта... 3,62 ккал (15,2 кДж);
АЭЗ-та... 3,70 ккал (15,5 кДж); - крахмалда... 3,76 ккал (15,7 кДж);
...қорытылатын 1 г органикалық зат (қоректік заттар қосындысы) үшін – 3,69ккал (15,4 кДж).
Ішек газдарымен энергия шығыны аз (1-1,5%), негізінен жеммен азықтандырылатын шошқа азығының алмасу энергиясын есептеуде...
1г қорытылатын протеиін үшін.........4,5 ккал (18,8 кДж);
1 г қорытылатын көмірсулар үшін......4,2 ккал (17,6кДж);
1 г қорытылатын майлар үшін.............9,3 ккал (38,9 кДж)
.. .эквиваленттері қолданылады.
Құс азығыныңалмасу энергиясынесептеуде Х.Титустың коэффициенттері қолданылады. Олар...
...қорытылатын 1 г протеин үшін:
жоңышқада.. 3,65 ккал (15,3 кДж); - сояда... 3,90 ккал (16,3 кДж); - арпа, тары, қарабидайда... 4,00 ккал (16,7 кДж); - бидай кебегінде... 4,20 ккал (17,6 кДж), балық пен етте... 4,25 ккал (17,8 кДж); бұршақта... 4,30 ккал (18,2 кДж), баска дәнде... 4,2 ккал (17,6 кДж); - жұмыртқа ағында... 4,35 ккал (18,2 кДж); - жүгері, соргода... 4,35 ккал (18,4 кДж); қорытылатын 1 г май үшін: 9,11 ккал (38,1 кДж); - сүтте... 9,25 ккал (38,7 кДж); - қайырылған 9,49 ккал (39,7 кДж);
қорытылатын 1 г май үшін
қорытылатын 1 г азотсыз экстрактивті заттар үшін;

  • сүтте... 3,7 ккал (15,5 кДж); - жоңышқада... 3,8 ккал (15,9 кДж);- ет, балықта.... 3,9 ккал (16,3 кДж); - соя, күріште... 4,0 ккал (16,7 кДж).

Алмасу энергиясының 1 граммы 4,41 ккал, яғни (18,43 кДж) энергия өндіретін қорытылатын органикалық заттар (қоректік заттар қосындысы) энергиясының алмасу энергиясына алмасу қатынасы (күйісті мал үшін - 0,84, шошқалар 0,96) арқылы да шығаруға болады. Осы коэффиценттерімен қатынастарды қолдана отырып, алмасу энергиясын үш жолмен есептейді:
1 Қорытылатын қоректік заттары бойынша;
2 Қорытылатын органикалық, яғни қоректік заттар қосындысы бойынша (қосар алдында энергетикалық қуаттылығықоректік заттардан 2,25 есе жоғары қорытылатын майдыосы коэффициентке көбейтеді);
3 Алмасу және қорытылатын энергия қатынасы бойынша (дәлірекалғанда ол қатынас мүйізді ірі қара малға – 0,82, қойға -0,87, жылқыға - 0,92, шошқаға - 0,94-ке тең).Рацион өнімдік әсерінің энергиясын (РЭ, ккал) О.Кельнердің тәжірибе деректерін статистикалық өндеуден өткізгеннен кейін Л.Гофман, Р.Шиман, К.Неринг (1960) ұсынған теңеу бойынша есептеуге болады:
РЭ = 1,70 қП + 7,40 қМ + 0,05 кК + кДЭЗ
Теңеу бойынша есептелінген килокалорияны сұлы азық өлшеміне айналдыру үшін 150 г майдың энергетикалық эквиваленті, яғни 1414 килокалорияға бөлу керек. Химиялық құрамы, яғни 1 килограммындағы қорытылатын протеин (қП, г), қорытылатын май (қМ, г), қорытылатын клетчатка (қК, г), қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар (кАЭЗ, г) бойынша азық алмасу энергиясын (АЭ, МДж) келесі теңеулерменесептейді:
- ірі қараға АЭ = 17,46 кД + 31,23 кМ + 13,65 қК + 14,78 кАЭЗ
-қойға АЭ = 17,71 кД + 37,89 қМ + 13,44 қК + 14,78 қАЭЗ
-жылқыға АЭ = 19,46 қП + 35,43 қМ + 15,95 қК + 15,95 кАЭЗ
-шошқаға АЭ = 20,85 қП + 30,00 қМ + 14,27 қК + 16,95 қАЭЗ
-құсқа АЭ = 17,84 қП + 39,78 қМ + 17,71 қК +17,71 қАЭЗ
Есептелген азық алмасу энергиясын 2500 ккал немесе 10450 кДж (орташа 10 МДж) бөлсе, оның қоректілігі энергетикалық азық өлшемімен белгіленеді. Энергия өлшемін бір-біріне аудару теңеулері келесідей:
1 ккал = 4,1868 * 4,187 Дж, яғни 1 Дж = 0,2388 * 0,239 кал;
1 МДж = 1 мың кДж = 1 млн Дж;
1 крахмал эквивалента = 2356 ккал, яғни 9857 кДж;
1 терм = 1000 ккал, яғни 4187 кДж.
1-тапсырма. 1 кг арпаның алмасу энергиясын ірі қара мен шошқаға үш жолмен, құсқа бір жолмен есептеңдер.

Азық алмасу энергиясын есептеу


а) қорытылатын қоректік заттар бойынша

Көрсеткіш

Протеин

Май

Клет­чатка

АЭЗ

1. Азықтағы мөлшері, кг/г













2. Қорытылу коэффициенті, %













3. Қорытылатын қоректік заты, г













4. Алмасуэнергиясының коэф-ті













5. Өндірілетін АЭ, ккал













6. Жалпы алмасу энергиясы, ккал













б) қорытылатын органикалық заттар қорытылатын коректік заттар қосындысы есептелініп, 5-бапта энергиялық коэффициентіне көбейтіледі).


в) алмасу және қорытылатын энергия арақатынасы бойынша (5-бапта қорытылатын органикалық заттарды қорытылу энергиясының коэффициентіне көбейтіп, олардың арақатынасы бойынша алмасу энергиясына айналдырады).
2-тапсырма. Есептелген алмасу энергиясы бойынша азықтардың қоректілігін энергетикалык азық өлшемімен белгілеңдер.
3-тапсырма. 1 кг арпаныңалмасу энергиясын мал мен құс үшін химиялық құрамына сәйкес арнайы теңеулермен шығарыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет