Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет28/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

3.2. Өсімдік тектес жемшөп

Өсімдік тектес жемшөп, мал мен үй құсының негізгі азық қорын құрайды. Көктеп тұрған кезінде олардың мал жейтін балаусасы көк азыққа (көкшөпке), шабылғаннан кейін дайындау технологиясына байланысты кептіріліп, қатайғаны -ірі, шырыны сақталғаны - шырынды, дәні - құнарлы азыққа жатқызылады. Бұл топқа өсімдік шикізатын өңдеуге негізделген өндірістің азықтық қалдықтары... спирт пен сыра (ашыту) өндірісінің - барда, сыра бөртпесі, ...қант өндірісінің -жом, сірне (мелясса), ...крахмал өңдірісінің - мезга, ...ұн өндірісінің - кебек, ...өсімдік май өндірісінің - күнжара мен шрот кіреді.




Аумақты азық
Көк азық. Малдың табиғи қорегі болғандықтан көк азық, яғни табиғи және себілген жайылым оты немесешабылып берілген балаусасы - мал организміне қажетті барлық дерлік қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарды жеңілқорытылып, жақсы сіңірілетін түрде бойына жинаған құнды да құнарлы мал азығы болып табылады.
Өсімдіктің даму кезеңіне байланысты көк азық ылғалдылығы 65-85% болады. Құрғақ затында, әр даму кезеңінде, орташа, 25% протеин, 5% май, 15% клетчатка, 10% күл болады. Құрғақ затының энергетикалық қоректілігі бастапқыдаму кезеңінде құнарлы азықтікіне жақын (1 кг 0,7-0,8 а.ө.) болады да, өсіп-дамыған сайын қатайып, құрамында клетчаткасы молайғандықтан қорытылуы қиындап, энергетикалық қуаттылығы және де басқа қоректік заттары азаяды. Мысалы, астық тұқымдастар көгінде: масақтану кезеңінде -10% клетчатка, 11-13% протеин, ал гүлдену кезеңінде – 30-33%клетчатка, 10-11% протеин, ал бұршақ тұқымдастар көгінде- бүршіктену кезеңінде - 21-23% клетчатка, 19-21% , гулдену кезеңінде- 24-28% клетчатка, 16-20% протеиніболады.
Ботаникалық құрамы, даму кезеңімен қатар көк азық қоректілігіне өскен жерінің топырақ құнарлылығы, ауа райы, себілген шөпті өсіру агротехникасы мен қолданылған тыңайтқыштары және басқа факторлар әсер етеді. Азотты тыңайтқыштардың көп қолданылуы азық протеиніндегі белоктантыс азотты қосындыларды, оның ішінде организмге нитраттар мен нитриттер көлемін арттыруы мүмкін. Калий нитратына есептегендегі олардың азық құрғақ, бірқарынды малға - 0,25%, күйісті малға - 0,5% мөлшері қауіпті. Жалпы орташалап алғанда 1 кг көк азықтың қоректілігі - 0,16-0,24 а.е. аралығында болып, астық тұқымдастар көгінде - 20-30 г, бұршақ тұқымдастардікінде – 40-50 г қорыт. протеин, 2-5 г Са, 0,5-1,5 г Р, 30-50 мг каротин. Салалық стандарт талабына сәйкес қоректілігі мен сапасы бойынша көк азық үш класқа белінеді.

Көк азық қоректілігі мен сапасына 46125-82 ССТ талаптары



Көкшөп түрі

Класы

Шабылған кездегі өсімдіктің даму кезеңі

Кұрғақ заты

Улы

Зи­янды

өсімдігі, %

Көпжылдық
бұр. астық тұқ.ш



I

Түтіктене бастауына дейін

12




1

II

Масақтана бастағанда

17

0,1

3

III

Масақтанып, шашақтанғанда

23

0,3

5

Көп- және бір
жылдық
бұршақ
және астық
тұқымдастар

I

Б/т* бүршіктене, ал а/т*

11




1







түтіктене бастаганда













II

Көпжылдық б/т бүршіктеніп,

16

0,1

3







біржылдықтары гүлдей, а/т
















масақтана бастағанда













Екпе шөбі

III

Көпжылдық б/т гүлдей, 1-

22

0,3

5










жыл. 2-3 бұршақ байланып,



















а/т масақтана бастағанда













Жүгері

I

Сүттеніп-балауызданғанда

17




3







II

Гүлдегенде

14

-

3







III

Түтіктенгенде

10

-

3




Табиғи а/т

I

Түтіктенгенге дейін

12

0,1

3




Жайылымы,
шабындығы

II

Масақтана бастағанда

17

0,3

5




Айқасгүлділер

I

Бүршіктенгенде

8




1







II

Гүлдей бастағанда

11

0,1

3







III

Толық гүлдегенде

14

0,3

5




б/т — бұршақ тұқымдастар, * а/т — астық тұқымдастар;
Ескерту.-
1)Құрғақ заттың жаппай көлемі кестедегі саннан - кем болмауы, ал I улы және нашар желінетін өсімдіктерде кіретін зиянды өсімдіктердікі - I аспауы керек;
2)Минералдық қосындының жаппай көлемі: I клас азығында - 0,1%, II кластікінде - 0,3%, III кластікінде - 0,5% аспауы керек.

1-тапсырма. Көк азыққа қойылатын салалықстандарт талаптары қандай ботаникалық құрамы мен сапалық көрсеткіштеріне негізделген. Солкөрсеткіштері бойынша табиғи жайылым оты, шабындығы, көп- және біржылдық екпе астық пенбұршақ тұқымдастар көгін салыстырыңдар. Олардың табиғи ылғалдылықтағы және құрғақ затындағы қоректілігін келтіріңдер.
2-тапсырма. Оқу-тәжірибелік шаруашылықтағы көк азықтар үлгісімен танысып, салалық стандарт талаптары бойынша класқа бөліңдер.


Сүрлем. Сүрлем - малдың, оның ішінде мүйізді ірі қараның, негізгі қысқы азығының бірі. Сүрлемге көк азықты шырынды кезінде (астық тұқымдастарды - масақ Масақтана, жүгеріні - собығындағы дәні сүттеніп-балауызданып піскенде, бұршақ тұқымдастарды - гүлдей бастағанда шауып, турап, орға /траншеяға/ мұқият нығыздап салып, тиянақты жауып салады. Осылай орнатылған анаэробтық жағдайда аэробтық, ең алдымен шіріткіш микроорганизмдер дамуы тежеліп, қант қажетті жағдайда анаэробтық микроорганизмдер, оның ішіндесүт қышқылдылары дамиды.
Соның нәтижесінде сүрлемге салынған массадасүтқышқылды ашыту орын алып, сүт қышқылы болуынан орта қышқылданады да, басқа микроорганизмдер тіршілігі тежеліп, азыққоректік заттары /шырыны/ сақталады. Олар ұзақ мерзім сақталуы үшін сүрлем қышқылдығы басқа азықмикрофлорасы (copy күші зор көгерткіштер мен ашытқыларды қоса) дами алмайтын рН көрсеткіші бойынша 4,0 -4,2 деңгейіне дейін жеткізілуі шарт.
Сүрлемге салынған азықтағы осы қышқылдықдеңгейін қамтамасыз етуге қажетті қанттың ең аз мөлшерін қант минимумы деп атайды. Академик А.А.Зубрилиннің қант минимумы теориясына сәйкес құрамындағы қанты бойынша азықтар үш топқа бөлінеді:
а) жеңіл сүрлемделетіндер - қант мөлшері сүрлемделуге қажетті қант минимумынан көп:
б) қиын сүрлемделетіндер - кант мөлшері сүрлемдеуге қажетті қант минимумына тең;
в) сүрлемделмейтіндер–қантмөлшері сүрлемделуге тіпті қант минимумынан аз,
а) тобына... жүгері, күнбағыс, сорго, судан шөбі, топинамбур; б) тобына.... бұршақ тұқымдастар көгі; в) тобына сабан,қамыс жатады. Оларды сүрлемдеу үшін қанты мол, айталық, қызылша, картоп, асқабақ секілді дақылдармен араластырып, құрама сүрлем дайындауға болады.
Сүрлемделетін азықтың қант минимумын анықтағанда, мөлшерін 1,7 коэффициентіне көбейтеді. Өйткені сүрлемге салынған массада сүтқышқылды ашытумен қатарда микробиологиялық өзгерістер, атап айтқанда, торшалық тыныстану, спиртті, сіркеқышқылды, пропион-қышқылды, майлықышқылды ашытулар орын алады. Мәселе, сапалы сүрлем дайындау үшін сүтқышқылды ашытудан басқа, сүрлемдеуүрдісіне пайдасыз өзгерістерді шектеудің қажеттігі бастыорын алады.
Сірке қышқылы тікелей организмдегі май байлауына пайдаланғанымен, оның тұздармен байланған мөлшері сүрлемдеу барысында қоректік заттардың, оның ішінде бактериалдық ыдырауының орын алғанын білдіреді. Аммиак мөлшерінен де байқауға болады Сондыктандайын сүрлемдегі сірке қышқылының көлемі жалпы сүрлем қышқылдардың 40% аспауы керек.
Сүрлемдеудің сапасыз жүргізілгенін (жоғары ылғалдылықта, ұзақ мерзім, тығыз нығыздалмай салынып, топырақпен ласталғанын) байқататын майлы қышқылы болмауға тиіс. Оның пайда болуы улы да зиянды белоктық ыдырудың өнімдерімен байланысты екенін, жағымсыз иісі сиыр сүтіне берілетінін ескеріп, сүрлемдегі көлемінің 0,1-0,15% аспауын қадағалайды.
Дайын сүрлем сапасын ылғалдылығы, пәрменді қышқылдығы (рН), бос сүт, бос және байланған сірке, бос және байланған майлы қышқылдары, олардың арақатынасы, аммиак пен каротин мөлшерімен бағалайды.
Жүгері сүрлемінің оңтайлы ылғалдылығы 70% пәрменді қышқылдығы рН = 4,0-4,2, қышқылдықтың бұдан жоғары болуы сүтқышқылды ашыту пәрменді жүрмегенін - төмен болуы - ылғалдылықтың көптігін мезгейді. Сүрлем қышқылдарының көлемі мен арақатынасы бірқатар Еуропа елдерінде Флиг шкаласымен бағаланады.
Бұл шкала бойынша жалпы қышқылдар көлемінде...
...сүт қышқылының үлесі 25-30% болса - 2 балл, содан кейінгі әр 3 пайызына...+ 2 баллдан қосып, 75% асса - 30 балл;
...сірке қышқылының үлесі 15-20% болса - 18 балл, 20-24% болса - 16 балл, 24-28% болса - 13 балл, 28-32% болса - 10 балл, 32-36% болса - 7 балл, 36-40% болса - 4 балл, 40-45% болса - 2 балл, 45% асса - 0 балл;
...майлы қышқылының үлесі 1,5% аспаса - 50 балл, 1,6-3% болса -30 балл, 3-4% болса - 20 балл, 4-6% болса - 15 балл, 6-8% болса - 10 балл, 8-10% болса - 9 балл, 10-12% болса - 8 балл, 12-14% болса - 7 балл, 14-16% боле - 6 балл, 16-18% болса - 4 балл, 18-20% болса - 2 балл, 20-30% болса - 0 балл, 30-40% болса - -5 балл, 40% асса - -10 балл беріліп,
осы көрсеткіштері бойынша 100-81 балл жинаған сүрлем сапасы өте жақсы, 80-61 балл жинаған сүрлем сапасы - жақсы, 60-41 балл жинаға сүрлем сапасы - орта, 40-21 балл жинаған сүрлем сапасы - нашар, 20-0 баллжинаған сүрлем сапасы - өте нашар болып бағаланады.
Бүкілодақтық азық институты ұсынған бағалау жүйесінде сүрлем қышқылдарымен қатар басқа да сапалы көрсеткіштері ескеріледі:
- рН 3,5-3,8 болса - 2 балл, 3,9-4,3 болса - 3 балл, 4,4-4,6 болса -балл, 4,7-ден асса — 0 балл;
бос қышқылдар қосындысының жалпы көлеміндегі сүтқышқылының үлесі 60%-дан асса — 10 балл, 59-40% болса — 8 балл, 39-30% 5 балл, 29% аз болса — 2 балл;
-майлы қышқылының үлесі 2%-дан аспаса —2 балл, 2,1-5% болса —1 балл,5-8% - 0 балл, 8-12% болса - 2 балл, 12-21% болса - 8 балл, 21% асса -
-12 балл;
-1 кг-дағы каротині 18 мг-нан жоғары болса - 2 балл, 17-12 мг болса -1 балл,11-6мг болса — 0 балл, 6 мг-нан аз болса -1 балл;
-иісі хош, жағымды, консистенциясы қолғажұқпайтын болса — 3 балл, сіркеқышқылды болса - 1 балл беріліп,
осы көрсеткіштері бойынша 20-16 балл жинаған сүрлем сапасы – өте жақсы (1-класс) , 15-11 балл жинаған сүрлем сапасы - жақсы (2-класс), 10-6 балл жинаған сүрлем сапасы - орта (3-класс), 6-дан аз балл жинаған сүрлемсапасы - нашар (классыз) болып бағаланады.
Шаруашылық жағдайында сүрлем сапасын А.Н.Михин тәсілімен бағалаған жөн. Бұл тәсіл бойынша сүрлемнің негізгікөрсеткіші ретінде қышқылдық көрсеткіші (рН) алынған. Оны анықтау үшін шыны ыдысқа сүрлем үлесін салып, үстіне суытылған қайнаған су құйып, араластырып, 15-20 минқояды. Содан кейін сорғыш қағаздан өткізілген сүзбеден сорып алып, ақ фарфор шыныға құйып, әмбебап лакмуспен немесе бромтимолблау мен метилроттан дайындалған арнайы индикатордың 2-3 тамшысын қосып, 2-3 минуттан соң боялуы бойынша рН-ын біледі:
а) сүзбенің...
-алқызыл түсі-рН 4,2 ж/е одан төмендігін көрсетіп......... 5 балл
-сарғылт-қызыл түсі - рН 4,2-4,5 екенін көрсетіп............... 4 балл
-сарғылт түске боялуы - рН 4,6-4,8 екенін көрсетіп............ 3 балл
- сары түске боялуы - рН 4,8-5,5 екенін көрсетіп.................. 2 балл
- жасыл-сары түске боялуы - рН 5,6-6,4 екенін көрсетіп......1 балл
-жасыл түске боялуы - рН 6,4-тен асатынын көрсетіп......... 0 балл
б) сүрлем иісі...
-жағымды, хош, жаңа піскен нан, жеміс иісті болса ............ 4 балл
- аз тұздалған кияр,капуста, сіркекышқылды иісті болса......3 балл
- күшті сіркеқышқылды иісті болса...................................... .2 балл
- қоңырсық, майлықышкылды иісті болса............................... 1 балл
- жағымсыз, шірік иісті болса .............................................. 0 балл
в) сүрлем түсі...
- жасыл сарғылт-жасыл түсті болса....................................3 балл
- қоңырқай- жасыл, бозарған болса......................................... 2 балл
- қоңыр қарая бастаған болса................................................ 1 балл
- қарайған болса...................................................................... 0балл
...беріледі.
Осы көрсеткіштері бойынша 12-11 балл жинаған сүрлем сапасы – өте жақсы, 10-8 балл жинаған сүрлем сапасы - жақсы, 8-6 балл жинаған сүрлем сапасы орта, 6-4 балл жинаған сүрлем сапасы — төмен, 4-2 балл жинағансапасы - нашар болып саналады.
Күнбағыс сүрлеміне 23638-79 МЕСТ талаптары:
Ікласс - жағымды жеміс иісті, 18% құрғақ затында 10% шикі протеин, 60 мг/кг каротин, жалпы қышқылдар қосындысының 60% сүтүлесіне тиіп, май қышқылы 0,1% аспайды, рН = 3,9-4,3;
ІІ класс - жағымды көкөніс иісті, 15% курғақ затында 8% шикі протеин, 40 мг/кг каротин, жалпы қышқылдар қосындысының 40% сүт кышқылының үлесіне тиіп, май қышқылы 0,2% аспайды, рН — 3,9-4,3;
III класс - әлсіз бал, жаңа піскен қара нан, сіркекышқыл иісті, 12%құрғақ затында 8% шикі протеин, 30 мг/кг каротин, жалпы қышқылдар қосындысының 30% сүт қышқылының үлесіне тиіп, май қышқылы 0,3%аспайды, рН = 3,8-4,5.
Сүрлем сапасын 20 тәуліктен кейін бағалап, кіріске алады. Ол үшін орға /траншеяға/ салынған сүрлем көлеміп ордың жоғарғы (ҮІ5 м) және төменгі (Ү2, м) жиегінің үзындығы, жоғарғы (Е,, м) және төменгі (Е2, м) жиегінің ені мен салынған сүрлем биіктігі (Б, м) бойынша келесі формуламен есептейді: К = (Ұ1+Ұ2)/2• (Е1+Е2)/2• Б
Көлемін 1 кубометрдегі салмағына көбейту арқылы сүрлем салмағын шығарады. Шамалап алғанда собығымен салынған жүгері сүрлемінің 1 м3дәні сүттеніп піскенде- 750 кг, сүттеніп-балауызданып піскенде - 700 кг, бұршақ-астықтұқымдастар сүрлемінікі - 650 кг тартады.
Орта сапалы жүгері сүрлемінің 1 кг-да - 0,2 а.ө., 14 г қорытылатын протеин, 1,4 г Са, 0,6 г Р, 15 мг каротин; күнбағыс сүрлемінің 1 кг-да - 0,18 а.ө., 12 г қорытылатым протеин, 1,4 г Са, 0,6 г Р, 15 мг каротин болса, 30% картол, 10% қызылша, 10% сәбіз не асқабақ, 30% бұршақ тұқымдастар көгі, 20% қамыс не құрақтан дайындалған құрама сүрлемнің 1кг-да - 0,3 а.ө., 24 г қорытылатын протеин, 1,0 г Са, 0,5 г Р, 15 мг каротин болады.
1-тапсырма. Оку-тәжірибелік шаруашылықта дайындалған сүрлем мөлшерін есептеп, Михин тәсілі бойынша сапасын бағалаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет