Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет10/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Шыдамдылық әлеуметтік қызметкердің клиентпен өзара қарым-қатынасы барысында міндетті принцип және тұлға сапасы өте қажет. Егер әлеуметтік қызметкер өз клиентімен келісімге келуге тырысса, онда ол шыдамды болу керек. Шыдамдылық – моральдік сапа, яғни қызығушылықпен, сендірумен, басқа адамдардың әдеттеріне құрметпен қараумен сипатталады. Әлеуметтік қызметкердің шыдамдылығы адам қандай болмасын сондай күйде қабылдау, өзіндік салтты жүргізу, яғни, ол мақсатқа лайық деп есептейді, егер бұл қылмыстық жазаланған немесе керісінше, қызметке әлеуметтік қауіпте сипатталмаған жағдайда болады. Шыдамдылық ештеңе білдірмейді, бірақ клиенттің әрекеттерін немесе негативті идеяларын әлеуметтік қызметкер ұнатады, бұл оның өмірлік әрекетіне, қоғамға немесе қоршаған ортаға толығымен жағымсыз әсер етеді. Қиын жағдайға тап болған клиенттермен өз қызметінде кездесе отырып әлеуметтік қызметкер индивидтердің эмоционалдық мәртебесін ескеруі қажет. Тіпті, егер, клиент әлеуметтік қызметкерге ашушаң және негативті эмоциаларын көрсетсе де, әлеуметтік қызметкердің солай жауап қайтаруға құқығы жоқ. Сонымен қатар ол сабырлылықты жоғалтпауы керек, ол клиентті естімейді, оны дұрыс бағалай және ақпарат қабылдай алмайды. Әлеуметтік қызметкер психикасы ауытқыған және сезіну органдарының бұзылған функциялары бар клиентпен қарым-қатынасқа түскенде оған төзімділік және сабырлылық қажет. Солай болғандықтан, клиентпен контактіні жақсарту керек, одан қолайлы формада мәліметке жетуге ақпарат алу керек.
Құпиялылық – әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы жетекші принциптердың бірі. Тұлғаның өмірлік жағдайына байланысты барлық жағдайлар, оның тұлғалық сапалары мен мәселелері құпия ақпарат болып табылады және клиент бұл туралы білуі керек. Ал, клиент туралы мәліметтерді әлеуметтік қызметкер басқа біреуге тек клиенттің келісімімен ғана жеткізіп, айта алады.
Әлеуметтік қызметкердің мейрімділігі адамдарға сүйіспеншілік пен гуманизмге негізделген, яғни айрықша мазмұны бар. Ол – адам күтімін, оның өмірлік әрекеті үшін жайлы шарттарды құруын, жағымды эмоционалдық күйге келтіруін, клиент үшін қажетті дағды мен әрекетті оқытуын, уақытында көмек көрсетуін іске асыру. Әлеуметтік қызметкер сыпайы болуы керек, олардың әлсіздіктерін мақұлдау керек, ол мейірімді, яғни, клиенттерге негативті әсерлерге қарсы тұруға, қиыншылыққа төзуге, өзінің тағдырына және жақындарының тағдырына жауапты болуға үйретеді. Әлеуметтік қызметкер, егер бұл ол үшін өте қажет болса, клиентке жағымсыз шындықты айтуға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет