Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет8/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
treatise140523 (1)

Адамгершіліктік қажеттіліктер – әлеуметтік қызметкердің адамгершіліктік сезіміндегі жоғарғы дәрежесі. Ол кәсіби этиканы сақтауды талап етудегі моральдік қажеттіліктерді сақтайды. Олар кәсіби этиканы сақтауды талап етудегі адамның ішкі қажеттіліктері болып табылады. Ол этикалық принциптерге сәйкес бүкіл өзінің эмоционалдық сапаларын ұйымдастырады, адамгершілік жағынан этикалық қиын мәселелерді шешуге бағытталған. Мұндай жағдайда кәсіби этиканы сақтауды талап етудегі тұлға сапасының тұрақтылығы – күшті фактор, өзінің әрекеті мен қызметін мекеме үшін жұмылдыру – намыс және міндет, абырой және адамгершілік. Маман өзінің адамгершіліктік қажеттіліктерін басқара отырып, әрекет жасай алмайды. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілігі қабылданған белгілі еңбек ұжымында өзара әрекетке ұшырайды. Сонымен қоса әріптес оларды белгілі бір идеал ретінде жай ғана меңгермейді, сонымен қатар нақты шындықпен күнделікті салыстырады. Осы қарым-қатынас өз кезегінде кәсіби моральдің мазмұнына әсер етеді.
Әлеуметтік қызметкердің адамгершіліктік білімі, сендіру және қажеттілікті қалыптастыру кәсіби моральде үлкен рөл алады. Ол өзіндік адамгершілік позицияларын салыстыруға көмектеседі, яғни одан мамандық өкілі ретінде көмек күтеді, бұл көптеген моральді талап етуге бағдарлауға көмектеседі.
Сондықтан, адамгершіліктік білім, сендіру және қажеттілік практикалық қажеттілікпен байланысты, бірақ олар әр түрлі ескертіледі.
Мұндай жағдайға түскен әлеуметтік қызметкер абстрактілі тағайындау шеңберінде жинақталмайды. Бұл моральді мәселелерді шешуге шығармашылықпен келуді талап етеді. Осыған байланысты ішкі қажеттілік әрқашанда адамгершілік тұрғысында болады. Адамгершілік нормалары және құнды жүйені меңгеру арқылы өзінің әрекеттерін іске асыру анализ формасы мен синтез теориясына және практикаға тән жүргізіледі. Сонымен қатар адамгершіліктік қажеттіліктер және адамгершіліктік уәждеме қызметтер жаңа сапаны анықтайды – олар тұлға ретінде әлеуметтік қызметкерді сипаттайды. Әлеуметтік қызметкердің мотивтік қызметі оның тұлғалық сапасын сипаттайды. Әлеуметтік жұмыста оның қызығушылығы жанама түрде пайда болады. Сондықтан, әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мінез-құлқы оның тұлғасының белгілі адамгершілік және ішкі сезімінің сапалары анықталады.
Адалдық – әлеуметтік қызметкер үшін өте қажетті сапа. Адалдық, маманның шындықты айта білуі. Әлеуметтік қызметкер клиенттің жағдайын, оның мәселелерін шеше білуі, жасалған қателіктері туралы шындықты айта білуі керек. Бірақ та адалдық сөзде ғана көрсетілмей, істе де көрсетілуі тиіс. Әлеуметтік қызметкер клиенттің үмітін ақтау керек, егер ол оған көмек көрсетуге уәде берсе, айтқан сөзін жүзеге асыру керек. Егер әлеуметтік қызметкер объективті себептерге байланысты қызмет көрсетуге көңілі болмаса, күмәні бар екенін ол клиентке хабардар ету керек. Егер ол жоспарды ойластырып, клиентке сөз берсе, онда өз сөзінде тұруы керек.
Әлеуметтік қызметкердің намысы өзінің әрекетіне моральдік жауапкершілігінен көрінеді. Намыс тұлға сапасы ретінде оның кәсіби талаптарына және қоғамға, дербес формаға әсер ету болып табылады. Намыс реттеуші әрекет функцияларын орындайды, яғни, моральдік және кәсіби нормаларды орындаудағы таза ресми көзқарастан сақтандыру және шығармашылықты шешуге адамды талаптандырады. Қиын және стандартты емес жағдайда, намыс тұлғаға дұрыс шешім қабылдауды есіне салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет