Жоспары:
1)Өмірбаяны; 2)Есімінің мағынасы; 3)Ел басқару жолындағы қызметі 4)Қоғамдағы рөлі
ӨМІРБАЯНЫ
Майқы би Төбейұлы 1105-1225 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақ халқының төбе биі болған. Майқы би-ел аузында Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты он екі бидің бірі, әділ билігі мен тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымына атағы шыққан адам. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы-Майқы би” дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы болса керек. Тарихи деректерге қарағанда, ол бір ғана емес,бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар,башқұрт,қарақалпақ,өзбек халықтары бас биіміз деп санаған. Майқы бидің шыққан тегі көнеқытай жазбаларында Найман тайпасының Бағаналы руымен байланыстырады,ал кейбір деректерде ол бүкіл үйсінның атасы ретінде айтылған:Төбей→Майқы→Үйсін.
Май
қ
ы есіміні
ң
ма
ғ
ынасы
Майқы іштен бір аяғы кем туғанда, ақсап жүретін адам болған. Туа кембағал адамға төрт мүшесінің бірі кемістіктен майып аты берілген. Кейін қатарынан асып туған басында бағы, астында тағы бар, яғни шыңғыс ханның оң тізесін басқан адамды қазақта Майып деп атауға аузы бармай, бұрын өткен, аяқтыға жол ауыздыға сөз бермеген, қаусырма жақ, қызыл тілге келгенде алдына жан салмаған – осы Майыптың 18 бабасы – Майқының атымен атап кеткен. Демек, 12 ғасырда жасаған Майқы (Майып) мансап иесі бірақ, сөз иесі емес. Бұдан, әрине, Майқының қазақ халқының алдында өткен еңбегі, мансапты дулы- бас уәзір болғандығын жоққа шығаруға болмас.
Май
қ
ы биді
ң
ел бас
қ
ару жолында
ғ
ы
қ
ызметі
Майқы би кезінде қазақ халқының бірлігін сақтап, біртұтас ел болу жолында алғашқы ұлыс бірлігін құруда көп еңбек сіңірген қайраткер. Оның бұл қызметі жөнінде аңыз әңгімелер аз емес.Тарихы еңбектерде энциклопедияларда Майқы бидің сол азаматтық еңбектері толығырақ жазылмағанмен аздап аталып келеді. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі болған. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып сайланған кезде құттықтауға барған 12 ханның бірі көрінеді.
Май
қ
ы биді
ң
қ
о
ғ
амда
ғ
ы р
ө
лі
Майқы би жүздер арасында болып жататын қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен де жоғары қойған. "Бірліксіз — тірлік жоқ" деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт- дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар ғана емес, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп есептеген. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би" деген нақыл бар.