«Өміршеңдік» тіл білімінде «виталдылық» ұғымымен қатар қолданылатын тілдік категория


Әдебиеттер Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т



бет4/4
Дата15.04.2023
өлшемі29,18 Kb.
#82737
1   2   3   4
Әдебиеттер

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

  2. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық / Құраст. Н. Әшімбаева, С. Ақаев, Қ. Рысбергенова және т. б. – Алматы: Арыс, 2007. – Т. 4. – 752 б.

  3. Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі) / Құраст.Н. Уәли, Ш. Құрманбайұлы, М. Малбақов, Р. Шойбеков және т. б. – Алматы: Дәуір, 2013. – 1488 б.

  4. Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің өміршеңдігі / ПМУ хабаршысы. Филологиялық сериясы. – Павлодар, 2010. – № 3.

  5. Петренко Д.И. Лингвистический витализм метапоэтики К.И. Чуковвского: дисс. на соиск. уч. ст. доктора филол. наук. – Ставрополь, 2011. – С. 538.

  6. Болғанбайұлы Ә.Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 256 б.

  7. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы: Ғылым, 1984. – 184 б.

  8. Сауранбаев Н.Т. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР Академиясы, 1963. – 3 шығуы. – 256 б.

  9. Қазіргі қазақ тілінің функционалды стильдік құрамының эволюциясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 262 б.


ҮШТІЛДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨМІРШЕҢДІГІНІҢ НЕГІЗДІЛІГІ
1. Қазақ тілінің әлеуметтік мәселелерін зерделеу, талдау жөнінде біршама ғылыми зерттеулер жүргізілгенімен, қазіргі жаһандану жағдайында тілдің өміршеңдігі туралы мәселе өзекті саналады. ХХ ғасыр соңында тәуелсіздігін алып, енді өз дамуының жолына түскен Қазақ елінің мемлекеттік тілінің өміршеңдігі туралы мәселенің әлеуметтік, саяси, ғылыми мәні зор. 2. Қазақ тілінің өміршеңдігі туралы Н. Уәли, Э.Д.Сүлейменова, З.К. Ахметжанова т.б. сынды ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде біршама ғылыми пайымдаулар айтылады. Зерттеушілер тіл өміршеңдігінің негізгі белгілері мен парадигмаларын анықтау арқылы қазақ тілінің бүгінгі жағдайын зерделейді. 3. Америкалық ғылыми дәстүрде антропологиялық тіл білімі қоғам өмірінің нағыз айнасы ретінде этнолингвистиканың бөліміне еніп, Э, Сепир, Ф.Боас зерттеулерінің негізіне енгені белгілі. Ф.Боас айналадағы шындықтың тілде таңбалануының басты қағидаларын белгілеп, тіл – халықтың рухани өмірінің манифестациясы деп көрсетті. 4. Қазіргі кезеңде тіл біліміндегі әлеуметтік парадигма дамып, макро әлеуметтік және микро әлеуметтік бағытта зерттеле бастады. Макро әлеуметтік тіл білімі бағыт бойынша – тілдік мәртебе, кодтау, этнос тілінің рөлі, тілдік жоспарлау және тілдік құрылыс мәселесі терең қарастырылса, микро әлеуметтік тіл білімі бағытында – тілдің қызметі, лебіз (сөйлеу), тілдердің бір-біріне ықпалы, қатысымдық контекст, тілдің стилистикалық және әлеуметтік құрылымын зерделеу жүргізілуде. 5. Қазақ тілінің өміршеңдігінің басты белгісі ретінде мыналарды көрсетеміз: • ұлттық сананың өсуі мен ұлттық құндылықтардың бағалануы; • ұлттық мәдениет пен ұлттық көркем әдебиеттің болуы; • өмірдің әртүрлі салаларында мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметінің артуы; • 10 жасқа дейінгі балалардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі. 6. Қазіргі үштілділік жағдайында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің мүмкіндіктерін арттыру, оның қоғамдағы орнын кеңейту, балалар бақшасы мен мектеп жасындағы балалардың мемлекеттік тілде білім алуына жағдай жасауға ерекше мән беру – қазақ тілінің өміршеңдігін арттырудың басты жолдары болмаққа керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет