Омыртқа жотасы, омыртқа жотасының бөлімері, кеуде омыртқаларының анатомиялық және морфологиялық ерекшелігі



бет1/5
Дата14.10.2022
өлшемі1,41 Mb.
#43125
  1   2   3   4   5
Байланысты:
омыртқа жотасы Сұлтанова Дариға КЯЛ-201

Омыртқа жотасы, омыртқа жотасының бөлімері, кеуде омыртқаларының анатомиялық және морфологиялық ерекшелігі

Орындаған: сұлтанова дариға

Тобы: КЯл-201

Тексерген: зекенова лайла шаймуратовна

Омыртқа деген не?

  • Омыртқа – тұлға тірек қаңқасын құратын сүйектердің бірі. Омыртқаның қалың да жалпақ біткен бөлігін денесі, жұлын орналасатын қуыс құратын артқы бөлігін доғасы деп атайды. Доғаның дара және жұп қанаттары (екеуі көлденең және төртеуі келесі Омыртқамен жалғасады) болады. Омыртқаның пішіні әр түрлі. Бірінші мойын Омыртқаны ауыз Омыртқа, екіншісін эпистрофей деп атайды. Кеуде Омыртқада қабырға басы бекитін ойықтар бар. Бел Омыртқаның көлденең қанаттары жалпақтау, ірілеу, бұл – қабырға рудименті. Омыртқа бағанасы денеге тірек болып, тұлға мен бас сүйектің қимыл-қозғалысына қатысып, жұлынды қорғайды. Омыртқа бағанасының пішіні адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан.

Омыртқа жотасы

  • Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар:
  • ● 7 мойын омыртқа
  • ● 12 арқа омыртқа
  • ● 5 бел омыртқа
  • ● 7 мойын омыртқа
  • ● 4-5 құйымшақ омыртқалар.
  • Омыртқа жотасының бөлімдері:
  • 1) мойын бөлімі (7)
  • 2) арқа бөлімі (12)
  • 3) бел бөлімі (5)
  • 4) сегізкөз бөлімі (5)
  • 5) құйымшақ бөлімі (4-5)

Мойын омыртқасы

  • Мойын қаңқасын 7 омыртқа сүйегі мен тіласты сүйегі құрайды. Бас пен адам денесін байланыстырушы. Тіршілік үшін маңызды функцияларды орындайды. Мойын омыртқаларының жалпы көлемі бірінші, екінші омырталардан басқалары, кеуде омыртқаларына қарай бағыт алған сайын, мойын омыртқаларына түсетін салмақтың өсуіне байланысты көлемі ұлғая бастайды.
  • Мойын омыртқалары сыртқы пішіні мен түр өзгешеліктеріне және атқаратын қызметіне қарай: негізгі типтік омыртқаларға және жалған атипатиялық омыртқаларға бөлінеді.
  • Мойын омыртқаларының басқа омыртқалардан айырмашылығы көлденең өсінділерінде тесіктер болады. Мойын омыртқаларының денесі үлкен емес, сопақтау, көлденең бағытталған. Омыртқа тесігі үлкен, үшбұрыш пішінді. Мойын омыртқаларының көлденең өсінділері екі бөліктен: меншікті көлденең және қабырғаның рудименті ретінде қабырғалық өсінділерден тұрады. VI мойын омыртқасының қабырғалық өсіндісі жақсы дамыған, оған ұйқы артериясы тығыз жанасқан. Керек жағдайда оны қабырға өсіндісінің төмпегіне басуға болады, сондықтан ұйқы төмпешігі деп аталады. Басқа мойын омыртқаларына қарағанда VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі ұзындау келеді, сондықтан шығыңқы омыртқа деп аталады.
  • І мойын омыртқа— ауыз омыртқаның денесі болмайды. Екі бүйір заттары алдыңғы және артқы доғалармен біріккен. Латералді жағының жоғарысында жоғарғы буындық беттері (бассүйекпен мүшелену үшін), ал төмеңгі жағында төменгі буындық беттері (II мойьш омыртқасымен мүшелену үшін) орналасқан. Алдыңғы доғасының сыртқы бетінде төмпешік, ал ішкі бетінде II мойын омыртқасының тісшесімен мүшеленуге арналған шұңқыр көрінеді.
  • II мойын омыртқасы біліктік, денесінде массивті өсінді тісі болады. Tic бірінші мойын омыртқасының денесінің бөлігі болып табыла отырып, білік қызметін атқарады. Ол арқылы атлантпен бірге бастың қозғалысы жүзеге асады. Тістің бүйірлерінде II мойын омыртқасының жоғарғы беттерінде буындық беттері атлант бірігіп орналасқан.
  • Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың көлемі мен пішіні әр түрлі болады. Ересек адамның Омыртқа бағанасында 7 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқалары жеке орналасқан, қалғандары бір-бірімен тұтасып сегізкөз (5 сегізкөз отмыртқасы) және құйымшақ сүйектерін (3 – 5 құйымшақ омыртқалары) құрайды. Кеуде омыртқаларына 12 жұп қабырғалар бекиді. Сегізкөз омыртқалары 17 – 25 жас аралығында тұтасып, бір сүйекке – сегізкөзге, ал құйымшақ омыртқалары жоғалып кеткен құйрықтың қалдығы (рудименті) ретінде орта жаста тұтасып, құйымшыққа айналады.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет