білім тЕрмИНДЕріН
қалыПтаСтырУДыҢ ШЕЖірЕСі
Қазіргі заманғы қазақ терминологиясын түзу ісі ХІХ ға-
сырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынан бастау алады. Әсі-
ресе, ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан А. Байтұрсынұлы,
Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанұлы, Е. Омаров, Т. Шонанов,
Ә. Ермеков, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, К. Кемеңгерұлы,
Ж. Күдерин, М. Жұмабаев сынды оқымысты зиялылары-
мыз білім терминдерінің үлгісін өз еңбектерінде көрсетіп,
кейінгіге жол салып кетті. Осы ағартушылар еңбектерінің
арқасында бұрын қолданылмаған, қазақ ортасына бейтаныс
пән сөздері, ғылым-білім атаулары қазақ тілінде жасалып,
аударылып қолданыла бастады. Жаңа сөздер жасалды, көп-
теген қатардағы сөздеріміз ғылым ұғымдарына сәйкесте-
лініп, терминдік сипат алды.
Қазақ тілінде терминді арнайы түзу ісін А. Байтұрсын-
ұлы бастады. Мысалы, ғалымның бір өзі қазақ тілі мен
әдебиеті бойынша 500-ден аса ғылыми түсініктерін түгел-
дей қазақ сөзімен атап берді. Сонда-ақ, Х. Досмұхамедұлы,
Қ. Жұбанұлы, Е. Омаров, Т. Шонанов, Ә. Ермеков т. б. да
ағартушыларымыз өз еңбектерінде кейбір пән сөздерін
қазақшалап, қазақ сөздерін термин ретінде, оларға сипат
бере қолдануға тырысты.
Қазақ терминдерінің мәселесі, ең алғаш рет 1924 жылы
Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда өткен ғы-
лыми қызметкерлердің І съезінде алфавит, орфография мен
терминология мәселелері кеңінен сөз болған еді. А. Байтұр-
сынұлына дейінгі қазақ тілінің құрылысы туралы орыс түркі-
354
танушыларының еңбектерінде қазақ тілі ғылыми негізде
алғаш зерттелгенмен, олар орыс тілінде жазылып, түркі тілін
зерттеушілерге арналған болатын. Оларды мектепте қалың
көпшілікке арналған оқулық деуге болмайды, оларда қазақша
тіл терминдері жоқ еді. Сол себепті А. Байтұрсынұлы ХХ ға-
сырдың басында ана тілінде ұлттық тіл білімінің негізін қала-
ған қазақтың тұңғыш ғалымы ретінде танылады.
А. Байтұрсынұлы жасаған ғылыми атаулардың (терми-
нология) принциптеріне сүйеніп, сол кездегі қазақтың
оқыған зиялы азаматтары ғылымды ана тілінде дамытудың
негізін қалады. Сонымен бірге қазақ оқығандары ғылымның
әр саласынан ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын
жаза бастады. Елдос Омарұлы «Пішіндеме», Мағжан Жұма-
баев «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытов «Психология»,
Жұмахан Күдерин «Өсімдіктану» оқулығын, ал «Арифме-
тика», «Есептану» оқулығы атауларына Міржақып Дулат-
ұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Кәрім Жәленовтер көп еңбек
сіңірді. Осы ғалымдар ұсынған принциптер Бүкілодақ-
тың І құрылтайында (Баку, 26 ақпан – 6 наурыз, 1926 ж.)
жасалған ғылыми баяндамада ғылыми тұрғыдан қолдау
тапқан еді.
Сөйтіп бүкіл ұлттың мәдениетінің қанат жаюына ықпал
жасаған шаралардың 20-30-жылдарда тіптен белең алға-
нын айту лазым. Неге десеңіз, сауат ашудың жарқын бір
беттері осы кезеңге орайлас келеді. Оны біз сол кездегі зия-
лы қауымның оқулықтарынан, сөздіктерінен, еңбектерінен
көреміз. Олар ғылымның әр саласында заман талабына сай
өз мамандары жоқ кезде әрі ақын, әрі жазушы, әрі аудар-
машы, әрі сыншы болуға тура келді.
Сонымен бірге қазақ оқығандары ғылымның әр сала-
сынан да ана тілінен оқулықтар мен оқу құралдарын
жаза бастады. Оған дәлел М. Дулатов (1885-1935) – ақын,
жазушы, драмашы, көсемсөзші, педагог, қоғам қайраткері.
Орыс-қазақ училищесін, педагогикалық курстарды бітіріп,
ауыл мұғалімі болып істеп жүріп, өздігімен білім алумен
айналысқан. Соның нәтижесінде әдебиет, мәдениет, тарих
және этнография, тіл білімі, математика жөніндегі жүздеген
355
мақалалар мен еңбектердің авторы. Солардың ішінде М. Ду-
латұлының «Есеп құралы» атты 2 бөлімнен тұратын оқу-
лығы 1914 жылы басылып шықты. 1914 жыл мен 1928 жыл-
дар аралығында оқулық өңделіп, толықтырылып басылып
отырды. М. Дулатұлының осы оқулығында: көбейту, мысал-
дар, есептер, алу, бөлу, қосу, өлшеу, сызғыш, есептану, тік
бұрыш, шаршы, түзу сызық, жаттығы, игеру, қосынды,
қосылғыш, ондық сандар, бірлік сандар, теңге, тиын, саты,
шақырым, қарыс, сүйем, көбейткіш, көбейтінді, есе артық,
есе кем, азайтынды, қалдық сан, бөлгіш, бөлінді, пұт, қадақ,
баспа табақ, таңба, көбейту кестесі, сағат, т.б. жүзге жуық
математиканың жаңа терминдерін енгізген. Арада қанша
жыл өтсе де, бұл атаулар бүгінгі мектеп оқулықтарында
қолданылып жүр. Яғни ХХІ ғасырдың ұрпағына да өзінің
зор ықпалын тигізіп отыр, тигізе береді де.
Сондай еңбектердің бірі С. Қожанұлының «Есеп тану»
атты кітабы 1924 жылы Ташкентте басылып шыққан.
Бұл кітаптағы әр атау да өз баламасын тауып, өмірге жол-
дама алған. Мысалы: аралас бөлшек, түбір, атаулы сан,
жалаң сан, дәреже, алым, бөлім, жақша, арту, белгі, бөлін-
гіштік, артынды, дүркін, дүркінді бөлшек, көбейтінді, құ-
ралғыштық, құрама сандар, бастапқы сандар, туынды
сандар, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, т.б. бұл атаулар да кей-
бір аздаған өзгеріспен осы күнге дейін тұрақты пайдала-
нылып келеді. Ал мүлдем қолданылмай тастағандарын
бүгінгі күнге қолдану мүмкіндігін ойластыруымыз керек.
Осындай математика саласына тағы бір өз үлесін қосқан
Е. Омарұлының «Пішіндеме» оқулығы 1928 жылы Қы-
зылордада жарық көрді. Осы оқулықта тұңғыш рет геомет-
рия пәні атаулары қазақша өз баламасын тапты. Кітапта:
одағай (иррационал), түйін (теорема), құрылымдас (про-
порционал), өрістік (сектор), өре (диаметр), тетік (аргу-
мент), пішін (фигура), қатар сызық (параллель), кесе (пер-
пендикуляр) т.б. төл терминдерімізді жасап, қазақ тілінің
ғылымды игеруге бейімділігін, икемділігін өзінің құнды
еңбектерімен дәлелдеп берді.
356
Кезінде Алаш зиялыларының осы жазып, аударып, ба-
ламаларын тапқан терминдері араға 70-80 жылды салса да,
бүгінгі күндегі тілші ғалымдар тарапынан қолдау тауып
отыр.
Қазақ терминологиясының тарихында елеулі орны бар
Халел Досмұхамедұлы (1889-1939) сан салалы ғылыми
мұра қалдырды. Ол табиғаттану, анатомия, зоология,
фольклортану, этнография, ғылыми терминология жасау
жөніндегі оқулықтар мен еңбектердің авторы. Х. Досмұха-
медұлы кірме сөздерді, әсіресе орыс тілі арқылы енген
сөздерге төл тілімізден балама табуды, кірме сөздерді
қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап қол-
дануын дұрыс құбылыс деп есептеген. Х. Досмұхамедұлы
жарық көрген «Табиғаттану», «Адамның тән тірлігі» атты
оқулықтарын жазуы кезінде қолданған термин сөздері қазақ
тілінің ғылым тіліне айналуына толық мүмкіндігі барына
кепілдік береді.
Ол ғылым дамуы үшін терминология мәселесін белгілі
бір жүйеге түсіруге де назар аударды. Х. Досмұхамедұлы
сонау 1920-30 жылдардың өзінде термин сөздің қабыл-
дану, олардың бекітілу жолдарын анықтап берген болатын.
Оған дәлел Х. Досмұхамедұлы 1925 жылы Орынбор қала-
сында өткізілген қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде
терминология ісін ұйымдастыру жөнінде: «Бүкіл қазақ
халқы үшін жалғыз Білім кеңесі болу керек. Ол Білім кеңе-
сі жанында әр пәннің мамандарынан сайланған комиссия
болуы керек. Пән сөздері әуелі пән комиссиясының сыны-
на түсіп, оның қабылдап алған сөздері баспасөз жүзінде
жарияланып, көптің талқысына түсуге тиіс. Ол пән сөздері
сонан соң ғана барып Білім кеңесінің қарауына түсіп,
бекітіліп шығуы тиіс», – деп ұйымдастыру жағынан бір-
ден-бір үлгі көрсеткен.
1924 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-
қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген кітапшасы ба-
сылып шықты. Ғалым бұл еңбегінде қазақ тіліне өзге тер-
миндерді орынсыз алмау, алған күнде де сақтықпен, тілдің өз
заңына сәйкестендіріп қабылдауды ұсынады. Басқа тілден ен-
357
ген сөздерге қосымшаны да үндестік заңына бағындырып
қолдану керектігін айтады. Ғалым тілдің ежелден келе жат-
қан заңдылығын жойып алмау қамын ойлаған.
Терминологияның, жаңа атаулардың дәл осы кезеңде
кең көлемде дамуы қоғамдағы өзгеріс, дамуымен байла-
нысты, яғни оның қоғамдық қажеттіліктен туғандығы сөзсіз.
Ең алғаш терминология мәселесі 1924 жылы 12-18 шілде
аралығында Орынборда өткен республикалық ғылыми
қызметкерлердің І съезінде сөз болған.
1926 жылы Баку қаласында болған түркологтардың Бү-
кілодақтық І съезі тікелей осы мәселелерді қарастырды.
Мұнда арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде де
қазақ алфавиті, орфографиясы мен терминологиясы сөз
болды. Осындай съездер мен газет бетіне шыққан ма-
қалаларымыз және ағартушылықпен айналысқан ардақ-
ты азаматтарымыздың еңбегінің нәтижесінде 1933 жылы
Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком)
құрылған еді. Оның тұңғыш төрағасы Қ. Жұбанов, мүше-
лері Б.К. Асфендияров, Г.К. Бірімжанов т.б. болған. Ал-
ғашқы ұйымдасқан күннен бастап бұл комиссия қазақ тілі-
нің терминологиялық жүйесін жасау, қалыптастыру жұмыс-
тарымен айналысты.
Сол мақсатпен 1935 жылы мәдени құрылыс қайрат-
керлерінің Бүкілқазақстандық І съезі ашылар қарсаңында
Мемлекеттік терминологиялық комиссиясы «Бюллетені-
нің» төрт саны жарық көрді. «Бюллетеннің» бұл сандарын-
да алдағы зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар сілтейтін
материалдар жарияланды. «Бюллетеннің» 1935 жылы небәрі
төрт-ақ саны шығып үлгерсе де, терминология мәселесін
үлкен әлеуметтік дәрежеге көтеріп тастады. Сонда «Бюл-
летеннің» төрт санында 17 ғылыми мақала жарияланған.
Термин мәселесінің өзіне 7-8 мақала арналған, ал қалғаны
орфография мен алфавитті әңгіме етеді.
Қазақ ғалымдарының ішінен термин сөздің тұңғыш рет
ғылыми анықтамасын жасаған Құдайберген Жұбанұлы
болатын. Бұдан жарты ғасыр бұрын профессор Қ. Жұбанов-
тың терминдерге қойған талаптары, берген анықтамалары
358
кейінгі кездегі көрнекті тіл мамандарының айтқан пікірле-
рінен алшақ емес.
Тұңғыш профессор Қ. Жұбановтың да қазақ терминоло-
гиясын қалыптастырудағы орны бөлек. Ол терминжасам-
ның ғылыми принциптерін алғаш түзген жан. Осының
негізінде бұдан былай қарай термин жасау ісі белгілі бір
ғылыми жүйеге, тіл заңдылығына сәйкес қабылданған прин-
циптер негізінде жүргізілетін болды. Яғни термин жасау-
дың ортақ принципі түзіліп, оның басқа маңызды мәселе-
лері шешім тапты.
Төл пән сөздерді қалыптастыруда, Ахаң жолын жалғас-
тырған Қ.Жұбанов атау сөздердің, ғылыми ұғымдардың
дәлдік пен нақтылық талаптарын өте мұқият ескеріп
отырған.
Алла қазаққа рухани әлемімізді асқақтатар асыл азамат-
тар беруден тарынбаған. Сондай дарынды азаматтары-
мыздың бірі – ақын Мағжан Жұмабаев. Ол тіл байлығы-
мыздың үлкен бір саласы – терминологияға да өз үлесін
қосты. М. Жұмабаев – «Педагогика» атты оқулықтың ав-
торы. «Педагогика» (баланы тәрбие қылу құралы) атты әрі
оқулық, әрі методикалық сипаты бар кітабы 1922 жылы
Орынборда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан. Ағар-
тушының өз сөзіне жүгінсек, «Кітапты бір орыс кітабынан
тура тәржімә деуге болмайды. Алдына бір кітапты жайып
қойып, бұрылмастан көшіре бергенім жоқ. Тәрбие ғалым-
дарының пікірлерін тыңдап алуға ұмтылдым. Шамам
келгенше қазақ жанын қабыстыруға тырыстым. (Көп пай-
даланғаны – Рубинштейин, Сиворцов, Смирновтардың
педагогика туралы еңбектері). Бізде бұрын жасалған пән
тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқандай
қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған
мұғалімдердің жәрдемімен таза орыс сөздері қазақшаға
айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен шет
сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиімді деп
таппадым». М. Жұмабаев еңбегінде педагогикаға жәрдемші
сөздер екіге бөліп қарастырылған.
Мағжан Жұмабаевтың дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі,
сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі, жан көріністері, сезім
359
мүшелері, бақылау, елес, ұлт тәрбиесі, әсерлену, жылулық,
қан жүру, еріксіз қиял, ерікті қиял, ұғым, ойлау, қайрат,
әдет, құмарлық, мінез, көру, суреттеу, қиял, т.б. терминдері
осы күні қолданылуда.
Ал осындай дарынды тұлғалардың бірі – Жүсіпбек
Аймауытов сол кезде психология саласынан еңбек жазған
еді. Талай терминдерімізді қазақша сөйлете алатынымызды
сөзжасамның хас шеберлері әлдеқашан-ақ дәлелдеген.
Психология саласында, әсіресе, Жүсіпбек Аймауытовтың
тәжірибесін жинақтап, кеңінен қолдану лазым. Тілінің
әсем әуеніндей төгілетінін айтпағанның өзінде бір ғана
«Психология мен өнер таңдау» деген еңбегінде 150-ге
жуық термин қолданылып, соның он шақтысының ғана
латынша атауларын жақша ішінде келтіргені еріксіз таңдай
қақтырады. Мысалы: құмартпалы (страстный), аяныш
жанды (сентиментальный), күйгелек (нервный), бірыңғай
(монотонный), қадалмалы (датошный).
Тіліміз үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ психология
терминдері түсіндіруінде сөз шеберінің қалдырған мұра-
сын кеңінен қолданудамыз, тіптен осылай іркіліссіз ауда-
руды үйренуіміз керек. Жан тамыршысы (психология),
ыстық қанды (сангвиник), салқын қанды (флегматик), қыз-
балы (холерик), кейін тартпа (реакционный), ескі пікірлі
(консервативный), үмітшіл (оптимист), көпшілдік (альту-
ризм), мұратшылдық (идеализм) т.б.
Өзіміз қозғап отырған кезеңде жарық көрген еңбектері-
нің бірі – «Өсімдіктану». Тұңғыш биолог-ғалым Жұмақан
Күдерин бұл оқулықты 1927 жылы Москвадан басып шы-
ғарды. Ж. Күдериннің «Өсімдіктану» еңбегінде 300-ге жуық
қазақ тілінде жасалған өсімдік атаулары кездеседі. Оқулық-
тың алғы сөзінде жазған биолог-ғалым Қабділрашит Қайым
кітаптың ғалымдар мен мұғалімдердің іс жүзінде кең пай-
даланып, жетекші құрал етуіне таптырмайтын қомақты
еңбек екенін айта келіп, биология ғылымының докторы
Ғ.З. Бияшев пен А. Алманиязовтың пікірлерін келтіреді.
Онда «биолог-ғалым Ж.Күдериннің «Өсімдіктану» кітабы
қазірдің өзінде маңызын жоғалтқан жоқ. Ол әлі де болса
360
қазақ арасында өсімдік өмірі жөнінде ғылыми білімді та-
ратудың өте құнды құралы болып табылады» делінген.
Бір ғажабы, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарда қай-
мағы бұзылмаған ана тіліміздің байлығы – термин жасауда
ұтымды пайдаланылған.
Кезінде ұлт тілінде термин жасаған ұлт зиялыларының
тілді жақсы білумен қатар, осы тілдің заңдылықтары
мен сөзжасам тәсілдерінен хабары мол болғанын бай-
қауға болады. Оған А. Байтұрсынұлының, Е. Омарұлының,
Н. Төреқұлұлының, М. Жұмабайұлының, Ж. Аймауытұлы-
ның, Халел Досмұхамедұлының, Ж. Күдериннің, С. Қожан-
ұлының, Т. Шонанұлының, т.б. өткен ғасыр басындағы
қазақтың тілінің қалыптасуына атсалысқан Алаш азамат-
тарының жасаған терминдері мен жазған еңбектері дәлел
бола алады.
Қазіргі кездегі терминологиялық лексиканың жасалуы
мен қолданылуы, қалыптасуы мен дамуы, сонау 1920-30
жылдары А.Байтұрсынұлы бастаған қазақша терминжасам
үлгілерінің, принциптерінің, қағидаларының жалғасы деп
айтуға болады.
1920-1930 жылдары шет сөздерге ана тілінен балама
табуға ұмтылу әрекеті басым болғанын сол кезеңдерді
салыстыру, зерттеу арқылы көз жеткізіп отырмыз. Бұл ке-
зеңде дәуір зиялыларының ұлт тіліне баса назар аударуы
қазақ тілінің мәртебесін жоғарылатты. Мұндай сөз тасқы-
ны қазақ тілінің тарихында бірнеше дүркін болған болса, бұл
күнде халқымыз тіл, термин мәселелерінен қиналмайтын
еді. Олай дейтініміз ұлт тіліне деген жаңаша көзқарастың
сипат алуына, тілдің төл қоры арқылы жаңа атау, терминдер
жасау, қайта құрау процесінде олардың қазақыланған атау-
ларын жасауда, тілдің төл мүмкіншіліктерін іздестіруде
1920 жылдарда тілімізде пайда болған терминдеріміздің
өзіндік ерекшеліктерін зерттеудің маңызы ерекше. Бұл
кезеңді термин дамуының өз алдына бір дәуірі, үлкен тарихи
кезеңі деп қарау орынды. Өйткені ол бүгінгі таңдағы білім
терминдерін жүйелеуде негізгі нысана болмақ.
Пән тілі ең әуелі қазақ халқының сөзінен ізделінсін»
деген ұстанымға сүйенген кезеңнің тәжірибесі бүгінгі
361
терминологияны ана тілінде дамыту үрдісіндегі негізгі тірек
болуы тиіс. Соңғы тұста жарық көріп, кейін қалыс қалған
атаулар өте көп. Ал оларды қайта жаңғырту, сол дәуір
зиялыларының термин жасау шығармашылығындағы әдіс-
тәсілдерін зерттеу бүгінгі тіл мамандарының міндеті. Олай
болса, «Ескі сөз – жаңа сөздің түп қазығы» дегендей, 1920-
30 жылдарда білім саласындағы терминдерге назар аударып,
әдеби тілдің кәдесіне жарайтын баламаларды актив сөз
қатарына қосу керек.
Қорыта айтқанда, жат сөздердің орнына жұртшылық
жылы қабылдайтын, болашағы зор жаңа қазақша балама
қалыптастыру, оның заңдылықтарын ашу, оған үн қосу – бір
адамның емес, бәріміздің міндетіміз. Ол үшін қазақ тілінің
сөз байлығы, көне замандардан келе жатқан байырғы сөздік
қорын жан-жақты пайдалануымыз қажет.
Өткеннен сабақ алмаған өнер де, білім де алға басып
өркендемек емес. Олай болса, А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұха-
медұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Қ. Жұбанов, т.б. тә-
різді біртуар асыл азаматтардың педагогикалық еңбектерін
қайта қарап, бүгінде қайта енгізу бүгінгі ұстаздар міндеті.
Ал 1920-30 жылдардағы термин жасау тәжірибесін зерт-
теу – қазіргі терминологияның сан-салалы сауалдарына үле-
сін қосар бірден-бір дұрыс нысана.
Сөз соңында Ә. Кекілбаевтың мына бір сөзіне назар аудар-
ғанды жөн көрдік: «Арғы-бергідегі арманда кеткен баба
буынның, бүгін ортамызда жүрген аға буынның халқы-
мыздың осы күнге дейін аман жетіп, өніп, өрбуіне, өсіп-
өркендеуіне қосқан қай үлесін де әділ бағалап, олар салған
игі дәстүрлерді жемісті жалғастырып, жеткен жетістіктерді
одан әрі дамытып, жете алмай кеткен жеңістеріне батыл
құлаш сермеп, шеккен тауқыметтерінен тиісті қорытынды
шығарып, алға жылжуымызға септігі тиер шарапатты та-
ғылым ала білсек қана, аузымызға алалық, ісімізге шалалық
кірмесі даусыз».
Бұл мақаланың да көздеп отырған негізгі мақсаты осы.
362
тіл майДаНыНыҢ
ЕСтЕН КЕтПЕС СОқПақтары…
Мені тіл майданына өмірдің өзі жетелеп әкелді…
Өткен ғасыр 50-жылдардың соңы, 60-жылдардың ба-
сында Алматы шаһарында оқып, үйленіп, қызметіне енді
іліге бастаған жас мамандар алдынан шешуін тілеп тұрған
күрделі мәселелер туындай бастаған еді. Ол – бірде бір
қазақша балабақшасы жоқ, мектебінің де сыйқы шамалы
орталық қалада дүниеге енді келе бастаған сәбилерін қай
жерде, қай тілде тәрбиелеу керек деген проблема болатын.
Бұл мәселені алдымен Т. Әлімқұлов, Ш. Смақанұлы, Р. Бер-
дібайұлы, Т. Кәкішев, Ж. Молдағалиев, С. Шәймерденов
сынды ағаларымыз қозғады. Олар газет, журналдар арқы-
лы өз ой-пікірлерін ашық айтып, ой тастады. Ш. Смақан-
ұлы тіпті жаңадан мектеп ашуға дейінгі нәтижеге қол
жеткізді.
Ал Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, С. Жүнісов, Қ. Ысқақ,
И. Жақанов, А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, К. Сыздық,
Ә. Кекілбаев тәрізді замандастарымызды да толғандыра
бас-таған ұрпақ тәрбиесі күрделене берді. Тағдырларымыз
ұқсас еді. Менің де көңілімді алаңдатқан осы мәселелер.
«Социалистік Қазақстан» газетінде 3,5 жылдай қызмет
етіп, аз да болса тәжірибе жинақтап, Академияға Тіл білімі
институтына ауысқан кезім. Әйелім банк қызметкері, мен
кіші ғылыми қызметкермін. Бірінен кейін бірі Біржан, Ерлан
атты екі ұл дүниеге келді. Газетте істеп жүргенде алған бір
бөлмені екіге жарып екі бөлме еткенбіз. Елден шешем мен
1 сыныпты бітірген інімді көшіріп, қолыма алдым. Кентау
қаласында тұратын қарындасымның да жағдайы қиындай
бастаған соң, екі қызымен оны да көшіріп алдық. Үй тар
болғанмен, көңілдің кеңдігіне сүйеніп, тату-тәтті өмір кеше
бастадық.
Алайда күрмеуі күрделі проблемалар біртіндеп алдан
шыға бастады. Балаларымның тілі шыға бастаған. Үйде
қазақша сөйлеуге тырысамыз, ал сыртқа шықса болды,
орысша сайрай жөнеледі. Қарындасымның екі қызының
363
да тілі орысша шыққан. Қазақша тәрбиелейтін балабақша
іздей бастадық. Атымен жоқ. Інімді қазақ мектебіне берейін
деген ниетімнен де ештеңе шықпады. Сол кездегі №12
жалғыз қазақ орта мектебін бұрынғы орнынан (Комсомол
мен К. Маркс көшесінің қиылысындағы) Көктөбе жаққа
көшіріп, екі қабатты шағын 7 жылдық мектеп үйіне тығып
тастапты. Қаланың жан-жағынан қатынайтын қазақтар мек-
теп жасындағы балаларын амалсыз тұрған жеріндегі
орыс мектебіне беруге мәжбүрленген. Сол кездегі менің
замандастарым ұл-қызын жетелеп осы 12-мектепке бара-
тын. Сондай-ақ бақша жасындағы балаларын орыс бала-
бақшаларына амалсыз бере бастаған ата-ана өкілдерін
де бұл мәселе қатты ойландырды. Бұл сол кездегі қазақ
зиялыларының алдында тұрған өмірлік мәселе болатын.
Мемлекеттік тұрғыда шешілуге тиісті шаруа екенін біле
тұра, әрқайсымыз өзімізше әрекет етіп, ұрпағымызды ана
тілінен мақұрым қалдырмаудың әдіс-тәсілдерін өзімізше
ойластыра бастадық.
Сол кездегі өз әрекеттерімнің де кейбір тұстарын еске
ала кеткенді жөн көрдім. Тұяқ серіппе сияқты тірлік бол-
ғанмен, мұнымыздың да өзіндік мәні болған сияқты. Ең
алдымен үйде орысша сөйлеуге тыйым салдым. Маған бір
нәрсе айтқысы келсе, балалар өзді-өзді кеңесіп, ананы не
дейді, мынаны қалай айтамыз дегенді біліп алып барып,
менімен сөйлесетін болды. Мұның да нәтижесі шамалы
екенін байқай бастадым. Өйткені сыртқа шықса болды,
әсіресе балабақшадан келе орысша сайрай бастайды. Енді
не істеу керек? Балалардың туған күнін қазақша өткізудің
жолдарын ойластыра бастадық. Әрқайсысына арналған
түсініктеріне жеңіл өлеңдер жаза бастадым. Мұны жаттап
алып бірін-бірі осындай өлеңмен құттықтауды дәстүрге
айналдырды. Содан әрқайсысына жеке-жеке өлең жолдары
туындады. Бұл да аз сияқты көрінді. Өлең мәтіндерін
әуенмен айту қажеттігі байқалды. Әр өлеңнің өз әуенін ойлап
табу керек болды. Сөйтіп үлкен ұлым Біржанның туған
күнінде олар «Туған күнің құтты болсын» деген өлеңмен
құттықтауды, ал Ерланның туған күніне арнап «Ерлан туған
364
күнінде, ән айтатын біздер бар» деген өлеңді әнімен айтатын
болды. Ал дүниеге Ләзиза атты қызым келгенде «Аққоян»
деген ән туды. Осы өлеңдермен олар бірін-бірі құттықтап,
қазақша тілін жаттықтырды. Есейгенше айтып жүрді. Бұл
әуендер кейін олардың өз перзенттеріне, менің немереле-
ріме ұласты.
Міне, осылайша әр алуан әрекеттерге барып әуреленіп
жүргенде інімнің оқитын мектебін іздеуге тура келді.
Алматыдағы айтулы жалғыз орта мектептің сол кездегі
жағдайын көрген соң көңіл күй тіпті күйзеліске түсті. Себебі
осы жалғыз мектептің өзіне келетін оқушылардың саны
жылдан-жылға кеміп барады екен. Өмірге келген қазақ
бүлдіршіндерінің бәрінің алғаш ауызданатыны ана тілі емес,
орыс тілі болған соң, қазақ мектебі қазақ баласын қайдан
тауып, кімді оқытпақ?!
Бала тәрбиесін қай тілде жүргіземіз деп аңтарылып
жүрген мен сияқтылардың сол кездегі жағдайы осындай
күйде болатын…
Өткен осы тарихты саралай келе, қазіргі күйімізді зер-
делей бастадық. Өзінің даму тарихында қуғын-сүргіннің
алуан түріне душар болған ұлт тілі мен ұлт мәдениеті
ашаршылық, респрессия, тың көтеру, тоқырау жылдарынан
бұрын да, тіпті 80-жылдары коммунизмнің материалдық-
техникалық базасы толық құрылып бітеді деген Хрущев
заманында да осы соры қалың тілімізден айырылып қала
жаздадық емес пе? Ал коммунизмге бір ғана тілмен, бір-ақ
мәдениетпен деген даурықпа «теория» жеке адамдардың
болжамы ғана емес, партия съезінде «талқыланып» бекі-
тілген ресми бағыт, қалыпты теориялық тұжырым болғаны
мәлім. Жоғарыдағы әңгіме болған күйге біз дәл осылайша
жоспарлы, жүйелі түрде түскенімізді біртіндеп біле бас-
тадық. Ұлт мектептерінің топ-тобымен жабылып, тіл қол-
даныс аясының осылайша тұмшалануы, келешегінің қиы-
луы да – осы құйтырқы саясаттың нәтижесі болатын. Ұлт
тілінің шашбауын көтерушілерге ұлтшыл деген «қара
таңба» тағылуы да – осы саясаттың нәтижесі. Осындай
үнемі жасалып отырған қисындарға қарамастан, ұлт тілін,
365
ұлт мәдениетін қорғап, оны дамытуға бар күш-жігерін
аямай жұмсаған азаматтар бұрын да аз болмаған. Бүгінгі
күні толық ақталып, аттары ардақтай аталатын 30-50-жыл-
дары репрессия құрбанына айналған қазақ зиялылары –
осының айғағы.
Сол 1960 жылдардың бас кезінде қазақ мектептерінің
жаппай жабылып, дұрысында жаппай жаптырылып жат-
қан кезінде, қазақ мектептерінің келешегіне балта шаптыр-
май, қазақ тілінде балабақша ашу үшін жасалған талай
әрекеттердің куәсі болдық. Сондай әрекеттердің қалың
ортасында біз де болған едік. Қазақ мектебі мен бала-
бақшалардың дүниеге келуіне атсалысқанымызды жұрт-
шылық біле бермейді. Мұны мақтану үшін емес, тіл мен
мәдениет үшін жасалған іс-әрекеттердің басы қасында
болған әріптестердің есімін жұртшылық біле жүрген
дұрыс қой деген ниетпен жазып отырмын. Әрқайсымыз
бала тәрбиесімен өз бетімізбен айналыса жүріп, бірлескен
әрекетке көшіп едік.
Ол былай басталып еді…
1962 жылдың қыркүйек-қазан айларының бірінде бірге
қызметтес (Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі инсти-
тутының кіші ғылыми қызметкеріміз) Нұрқанов Сейтбек
(бізден гөрі ересек жігіт) жуырда №12 мектепте ата-ана-
лар жиналысы болатынын, онда қаладағы қазақ мектебінің
келешегі, тағдыры талқыланатынын айтып, сол жиналысқа
қатысқанымызды қалады. Дәл осындай тілек көрші инсти-
туттарға да хабарланыпты. Қазақ мектебі мен балабақ-
шаларының тағдырын ойлап, құлағымыз елеңдеп жүрген
кезіміз. Бардық. Мектептің шағындау акт залы лық толды.
Тіпті жұрт сыймай, тік тұрды.
Жиналыстың төріне бірден Алматы өнеркәсіп обкомының
хатшысы бастаған жауапты қызметкерлер жайғасты да, жи-
налыс басталып кетті. Бұл кезде Алматыда (басқа облыс-
тардағыдай екі обком болатын) қала іші өнеркәсіп обко-
мының, дала шын мәніндегі облыс ауылшаруашылық
обкомына бағынатын. Бұл Хрущев енгізген өткінші көп
саясатының бірі еді.
366
Жиналысты басқарған обком хатшысы Қ. Ахметов
№12 мектептің ата-аналары атынан өтініш-арыз түскенін,
онда қазақ мектебінің келешегіне мән берілмей отырғаны,
қаладағы жалғыз қазақ мектебінің күйі төмендеп, тіпті
оның қала шетіне қарай ығыстырылып бара жатқаны
көрсетілгенін айтты да, осының бәрі әлдебіреулердің
қоғам дамуына кедергі келтіргісі келгендігі деп тоқтады. Ол
кісінің сөзінің негізгі түйіні – қазіргі кезде қазақ мектебін
ешкім де қудалап отырған жоқ, оның оқушы саны өте аз,
қазақтардың өздері балаларын қазақша оқытқысы келмей,
жаппай орыс мектептеріне беріп отыр. Оларға балаларың-
ды қайтсең де қазақ мектебіне бер деп зорлық қыла алмайды…
Оны түсінуге болады. Ол кездегі жүргізіліп отырған
саясаттың түрі осындай. Обком хатшысы сол саясатты іске
асыру керек. Ол кісі осы бағытта сөзді біраз түйдектетіп
алды да, бірлі-жарым партия саясатына қарсы келер жан
болса, басып тастайтындай екпін танытты. Сценарий түрі
осылайша құрылып келген болу керек. Айтылған үстем
сөзге қарсы аталы сөз шықпай жатыр…
Бір кезде мінбеге шоқша сақалы бар шағын денелі қаң-
бақ шал көтерілді. Ол аздап өз тарихын еске алды.
Соғысқа қатысыпты. Онда әртүрлі ұлт өкілдерінің бірге
болғанын, олардың ешқайсысы да өз ана тілін ұмыт-
пағанын, керемет білетінін, анасындай қастерлеп, қадір тұ-
татынын айтты. Сөз аяғында: «Мен орысша нашар
сөйлесем де, ұғыныса алам, ал орысша жаза алмаймын» –
деді. – Әй, Ахметов, сендер мені баламнан, немерелерімнен
айырдыңдар…». Жұрт жым боп тына қалды. Әлгі қарт
жалт етіп Ахметовке, президиумға қайта қарады да, екі
көзінен от шашып: Менің немерем әскерде. Сағынып
жүрмін. Хатты орысша жазады. Мен оны оқи алмаймын.
Мен қазақша хат жазам, ол түсіне алмайды. Алыста, шетте
жүрген бала ата сезімін, әке мейірімін сезіне алмаса, қалай
ол ертең мейірімді болмақ, қалай отаншыл болмақ? Өз ана
тілін білмей, ол өз ұрпағын қалай, қай тілде тәрбиелемек?
Осыны түсінетін кім бар? Біздің ұрпақтың келешегі кімнің
қолында? Інім, сен обком хатшысысың. Сонда сендер елден
367
ақылдарың, білімің, іскерлігің асқандықтан ғана хатшы
болып отырған жоқсыңдар. Ең алдымен, қазақ болғандық-
тан хатшылық қызметтесіңдер. Тым болмаса осыны ақтау
керек емес пе?»
Әңгіме осылай шиыршық ата бастады. Тағы біраз адам
сөйледі. Ата-аналардың әзіргі тілегі – №12 мектепті
орталыққа көшіру. Өйткені оған балаларын әкелетін қазақ-
тар қаланың әр тұсынан қатынайды. Ал балаларын орысша
оқытқысы келетін ата-аналардың өз еркі? Сондықтан бұл
жерде ешқандай әсіре ұлтшылдықтың қисыны жоқ.
Бұл басқосу ешқандай мәселені шешіп бере алмады.
Сөзден ұтылып, көпшіліктің қаһарынан ыққан жиналыс
басшылары ешқандай шешім қабылдай алмай, көрерміз
деген сылтау жетегінде кете барды. Жиналыстың олжасы –
мәселені дұрыс ойлап, бірлік танытылса, оны кез келген
жоғарғы орын алдына қаймықпай табандалықпен қоюға
болатындығы; жұрттың және азаматтардың қоғамдасу
қажеттігі еді.
Өзара ақылдасу, кеңесу барысында қазақ мектебінің
ауыр халы жөнінде, қазақ балабақшаларын ашу туралы
СОКП Орталық Комитетіне көпшілік атынан өтініш жол-
дау қажеттігі шешілді. Ол кезде тек идеология саласында
ғана емес, қоғамдық өмірдің бар саласында мәселе партия
комитеттерінде шешілетін. Бұл – бір. Екіншіден, ата-ана-
лар балаларын қазақ мектебіне неге ықыласпен бермейді
деген сұрақтың шешімі әлгі жиналыс барысында ұйым-
дасқан топты қатты ойландырды. Басты себебі қалада қа-
зақша балабақшаның жоқтығы болып шықты. Мұның үстіне
ол кезде бөбекті балабақшаға орналастыру – үй, пәтер
алу мәселесінен кейінгі екінші кезекте тұрған өте күрделі
проблема болатын. Сан жылдар бойы тілі де, діні де орысша
дамып өсіп келген жеткіншектердің ана тілін білмеуі, оның
үстіне оған ата-анасының мән бермеуі, аты қазақ дегенмен
заты оған үш қайнаса сорпасы қосылмайтын адам болып
шығуын қалыптастырды. Қайсыбір ата-ананың бұған іштей
наразылығы болса да, «іш қазандай қайнайды, күресерге
дәрмен жоқ» деген сарынмен кедергісіз жүріп жатты. Ал ол
368
бала бір ауыз сөз қазақша білмейтін болса, қазақ мектебі-
нің табалдырығын қалай аттамақ? Сөйтіп ендігі жерде
қалада қазақша балабақша ашудың қажеттігі негізгі мәселе-
ге айналды.
Орталық Комитетке жазылған өтініште қазақ мектебімен
бірге үлкен әлеуметтік, мәдени маңызы зор мәселе ретінде
қазақша балабақшаның ашылуы сұралды. Осы мәселелерді
жүйелеп, оған көпшіліктің назарын аударып, жігіттерді
ұйымдастырып жүргендер: Саламат Шалабаев – геология
ғылымының кандидаты, сол кезде Геология министрлігінің,
кейін Министрлер Кеңесінің қызметкері, Тіл білімі инсти-
тутының кіші ғылыми қызметкерлері Сейітбек Нұрханов,
Сейілбек Исаев, Өмірзақ Айтбаев және Сержанов – қазақ
радиосының қызметкері т.б. №12 мектепте Саламат пен
Сейітбектің балалары, менің інім оқитын. Аталған топ
мектеп жанынан құрылған ата-аналар комитетінің жұмы-
сына қызу араласып кетті. Олар аудандық оқу бөлімінен
министрлікке дейінгі, аудандық партия комитеті мен Орта-
лық комитет аралығындағы мәселе шешеді-ау деген мекеме-
лердің бәрінің есігін ашты. Алайда құр уәдеден басқа
нәтижеге жете алмады. Ұрпағының қамын жеген бұл топ,
сонда да балабақша мен мектеп үшін күресін тоқтатпады.
Билік басындағыларға тыным бермеді.
Бір жолы көрсетілген негізгі тілектер, жазылған өтініш-
терді алып Саламат Шалабаев Мәскеуге аттанды, Министр-
лер Советінің тапсырмасымен іссапарға шыққан болатын.
Ол 1963 жылдың қараша айының 6-сында СОКП Орталық
Комитетінде болып, мән-жайды түсіндірген. Бір қызығы,
Алматыдағы әртүрлі бастыққа жұмалап, тіпті кейде айлап
жолыға алмай жүргенімізді де өтініште көрсеткенбіз.
Әсіресе, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бізді
қабылдап, тілегімізді түсінсе екен деп те өтінген едік. СОКП
Орталық Комитетінің қабылдауында болған (Қазақстан мен
Түрікменстан оқу орындары бойынша жауапты қызметкері
әңгімелескен) Саламат Шалабаевтың айтуынша, әлгі өкіл
Алматыдағы мұндай жағдайға таң-тамаша қалыпты (Ал
шындығында мұндай жағдай тек Алматыда ғана емес, бүкіл
369
Қазақстанға тән еді). Ол кісінің айтуынша, Украинадан
көптеген хат түсетін көрінеді. Онда көбінесе әңгіме
болатыны орыс мектептерінің жағдайы. Онда орыс мек-
тептері жеткіліксіз екен. Орталықтан барған болу керек,
көптеген инженер-техник қызметкерлер орыс мектептерін
ашуды талап етеді екен. Ал бүкіл Алматыда жалғыз-
ақ қазақ мектебінің болуы, тіпті соның өзінің жағдайы
мүшкіл екені таңғалдырған. Бүкіл астанадан бірде-бір қазақ
балабақшасының болмауы өкінішті жай екен депті.
Дереу Алматыға телефон соғып, ешкімді таба алмап-
ты. Қарашаның 6-сы мерекенің кезі ғой, Алматы уақыты
Мәскеуден үш сағат бұрын. Айтқаны: «Мереке өтісімен
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің секретары
сіздерді қабылдар, мен міндетті түрде телефон соғамын,
бұл мәселені дұрыс шешуге болады». Айтқандай, шама-
мен қарашаның 18-і күні болу керек, бізді Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Н. Жанділдин
қабылдады. (Біздің адресіміз, аты-жөніміз, жұмыс телефо-
нымыз өтініште көрсетілген болатын.) Н. Жанділдин
жолдас бұл мәселені жалғыз біз емес, бізден бұрын да
талайлар көтеріп келгенін, бірақ бұдан мардымды ештеңе
шықпайтынын айтты. Өйткені жұрттың көбі балаларын
қазақ мектебіне бермейді. Себебі, біріншіден, қазақ мектебін
бітірген балалардың білімі төмен. Екіншіден, жоғары
оқу орнына түсе алмайды. Тіпті түсіп кете қойған күннің
өзінде, әрмен қарай оқуда көп қиналады. Ал техникалық
саладағы оқу орыс тілінде оқытылады… Міне, байқасақ
бәрі орнында, бәрі түсінікті. Жалғыз-ақ бұған біздің ғана
түсінгіміз келмейді екен. Түсінгіміз келмейтіні, біріншіден,
қазақ мектептеріне неге ешқандай қамқорлық жасалмай
отыр. Екіншіден, жағдай жасалса, қазақ мектебіне баласын
бергісі келетін ата-аналар аз емес. Үшіншіден, қазақ
балабақшаларын көптеп ашу керек. Қаладағы қазақ жастары
қазақ тілін ұмытып барады, дұрысында білмей қалып
жатыр. Сондықтан қала жағдайында орыс тілін үйрену
проблема емес, баланың көшеде, балабақшада, мектепте
барлық жерде орысша үйренуге толық мүмкіндігі бар.
370
Ал мәселенің ең қиыны – ана тілін оқып, үйренуде болып
тұр. Біздің дәлелдеріміз хатшының көкейіне қонса да, оған
мойын бұрғысы келмеді. Партияның сол кездегі саясатын
қатып ұстанатын ағайынның қарасы көбейген кезі ғой бұл.
Мәселенің қаншалықты қиын екенін ескерте берді. Тіпті
болмаған соң: «Қане, табыңдаршы оқушыларды, орталық-
тан жаңа мектеп салып берейік», – деді. Біз: «Жақсы, бізге
радио мен теледидардан сөйлеп, газет-журналдар арқылы
жұртшылыққа түсіндіріп айтуға мүмкіндік беріңіз», – дедік.
«Ол болмайды, елді дүрліктіріп аламыз», – деді. Тағы да
тұйыққа тірелдік. Хатшы жолдас халық қамын, тек біз ғана
емес, өзінің де күндіз-түні ойлайтынын түсіндірумен бол-
ды. Мәселе шешілмейтін болған соң, бос сөзге құлақ ас-
пайтын сыңай таныттық. Ақырында облыстық партия
комитеті бар, басқа да органдар бар, әйтеуір ақылдасып
отырып бір шешімге келетінін, мәселені аяқсыз қалдырмай-
тынын айтты. Хабарласып тұруға телефонын берді. Біз ауыр
оймен қоштасып шығып кеттік.
Енді не істеу керек? Халыққа керек мәселемен, оның
ішінде өз ұрпағыңның тағдырына байланысты шаруаға кі-
ріскен екенсің алған беттен қайтуға бола ма?! Обкомның
(Алматы облыстық өнеркәсіп комитетінің) бірінші хатшы-
сы Дыхновқа да кіріп сөйлеспекші болдық. Мәселені бір
шешетін жер осы болуы кәдік дегенді естігенбіз. Сол үміт-
тің жетегімен осы кеңсені жағаладық. Ол кезде обком Ком-
мунистік проспект (қазіргі Абылай хан көшесі) бойындағы
қалалық атқару комитетінің үйінде болатын. Кіретін есігі
сол Коммунистік проспект жағынан. Дыхновқа кіру оңай
болмады. С. Шалабаевтан басқамыздың бәрі де (С. Нұрханов
та, С. Исаев та, мен де) коммунист екенбіз. Ол кезде
Орта-лық Комитетке де, Обкомға да партбилетпен кіргізе
беретін. Коммунист болсаң болды. Бірнеше күн
таңертеңнен келіп, кіре алмай, Дыхнов қабылдамай бос
қайтып жүрдік. Бірақ Дыхновтың қай кезде келіп, қай
кезде кететінін байқап қалдық. Ол таңертеңгі 8 сағат 45
минутта келеді екен. Сөйтіп бір күні осы топ сегіз жарым
болмай обкомның хатшысының есігінің алдында тосып
тұрдық. Есік көзіндегі милиционер бізге бұл жерде топ-
371
тасып тұруға болмайтынын ескертті. Біздің бөтен ниетіміз
жоқ екенін айттық. Дыхнов сағат 8.45-те көлігінен
түсіп, кабинетіне көтеріле берді. Ауыздағы милиционер
созылып, қаққан қазықтай оң қолын шекесіне апарып,
қатты да қалды. Біз жалма-жан Дыхновты қоршап алдық.
«Бұл не?» – деді тұра қап Дыхнов шошынған пішінмен.
«Жолдас хатшы, сізге ата-аналар қауымы дейді», – деді
милиционер еш қозғалмастан. «Жолдас Дыхнов, біз қала-
дағы қазақ ата-аналар қауымының өкілдері едік, қабыл-
дауыңызды сұраймыз», – дедік. «Ол не қылған ата-аналар
қауымы? Менің қазір еш уақытым жоқ», – деді әңгімені
шолақ қайырып Дыхнов. Біз әбден бекінген кейіппен:
«Жоқ, Сіз бізді қабылдауға тиіссіз. Біз жеке бастың қамын
күйттеп емес, қаладағы қазақ ата-аналар қауымының
тапсырмасымен келіп тұрмыз. Егер оны менсінбесеңіз,
онда тура айтыңыз. Біз осы араны қарауылдап жүргенімізге
бірнеше күн болды. Бұдан ары тосуға да, төзуге де шамамыз
жоқ», – деп біз де ашына, тіпті қайтпай, өктем сөйледік.
Ол азғана ойланды да сағатына қарап: «Он минуттан артық
уақытым жоқ, естеріңізде болсын!» – деді де, милиционерге
бір бұрылып: «Жіберілсін!» – деді. Өзі тез-тез адымдап
жалпақ баспалдақпен жоғары көтеріле берді. Іле-шала біз
де кірдік. Өз столының жанына қатар тұрып қалып ек. Өзі
де орнына отырып жатып, бізге де «отырыңыздар» деп
ишара етті.
«Ал, тыңдап тұрмын, халық қамын жеуші жолдастар!» –
деді сәл кекесіндеу үнмен. Біздің сөзімізді ұстанушы
арамыздағы Сейітбек Нұрханов: «Жолдас Дыхнов, біз сізге
қаладағы қазақ балаларының, олар оқитын жалғыз қазақ
орта мектебінің жағдайын айтып, көмек сұрап келдік» –
деп, әрмен қарай мән жайды түсіндіре беріп еді, оның сөзін
бөліп: «Өзіңіз не айтып отырсыз? Қазақ балаларының
жағдайы басқалардан кем деп кім айтты. Кеңес өкіметінің
алғашқы күндерінен бастап-ақ қазақ балаларына толық жағ-
дай жасалған. Біз оны қазір жалғастырып отырмыз», –
деді Дыхнов енді не айта қояр екенсіз дегендей рахаттана
күлімсіреп. Сейітбек қайтар емес.
372
– Нет, товарищ Дыхнов, для казахских детей вы не соз-
дали даже те условия, которые созданы для христиан-бап-
тистов.
– Что-о-о? – деп Дыхнов орнынан қызара бөрте атып
тұрды.
– Молильный дом христиан-баптистов находится в центре
города, речь идет не об административном, а географичес-
ком центре на углу улиц Комсомольской и М.Ауэзова.
А единственная Казахская школа находится за чертой
города. Как же могут быть другие условия?», – дегенде
Дыхнов белі бүкірейіп, демін ала алмай тұрып қалды. Аз-
мұз ойланды да: «Жақсы, қазақ балалары үшін қолдан
келген бар жақсылықты аямаймыз, барлығын да жасай-
мыз», – деп әрқайсымыздың қолымызды алды. Осыдан үш
күн өткен соң христиан-баптистер ғибадат үйі орнынан
ғайып бопты. Дыхнов жасаған қамқорлықтың ең үлкені
осы болды.
Обкомға бұдан кейін де нәтиже күтіп талай келдік. Қа-
ланың атқару комитетінің төрағасы Есен Дүйсеновтің және
обком орынбасары К. Ахметовтың алдында да талай бол-
дық. Ақыры біз көтеріп жүрген мәселе обком бюросында
қаралатын болды дегенді Жандилдиннің көмекшісі хабар-
лады.
Сөйтіп, 1963 жылы қаңтардың 2-сі күні обкомның бю-
росы болды. Біз обкомның алдында тас баспалдақта бюро
шешімін күтіп отырдық. Әлден уақытта біздің мәселе
бюрода қаралып, №12 мектепті орталыққа көшіретіні,
қалада бірнеше қазақ балабақша және әр аудандағы же-
келеген балабақша қасынан қазақша бірнеше топ ашу
жайында қаулы қабылданғанын бізге жеткізді. Бір-бірімізді
құттықтап, сүйінші сұрасып, үйді-үйімізге тарадық.
Қуанышта шек жоқ. Бірақ қаулының қабылдануы бар да,
оның іске асуы жағдайы тағы бар ғой. Мұның екеуі екі түрлі
нәрсе. Бұл екі арада біраз уақыт өтсе де, әзір ешнәрсе істеле
қойған жоқ. Қабылданған қаулыны кім іске асырады?
Баяғы жігіттер тағы да бас қосып ақылдастық. Біз бар-
ған бастықтардың ішінде мәселені жанашырлықпен тү-
373
сініп, іш тартып, жылы қабақ танытқан қалалық атқару
комитетінің төрағасы Е. Дүйсенов болатын. Енді әңгімені
осы кісіден қайта бастауға тура келді. Ол кісі бізді кезексіз
қабылдады. Барған жердің бәрінде де ата-аналар қауымының
өкіліміз деп, кезексіз қабылдауды талап етіп отырдық.
Жұртты қабылдамайтын күндері барамыз.
Е. Дүйсенов бізді тағы да ықыласпен қабылдады. «Жарай-
сыңдар, жігіттер! Бұл – үлкен жеңіс! Бірақ бірдеңеге
ұрынып қалып жүрмеңдер. Бұл өзі қисыны қиын іс қой», –
деп бізді әрі сақтандырып, әрі көңілдендіріп тастады. Ол
кісі бюро мүшесі ретінде сол бюро жұмысына қатысқан
екен. «Бізді неге қатыстырмады?» – деген сауалымызға:
ол туралы әртүрлі пікір болды. Оның түбіне жетеміз деп
қайтесіңдер. Ең бастысы тамаша қаулы қабылданды. Ендігі
жерде аптықпай қаулыны жақсылап іске асыру керек…
№12 мектеп пе? Ешкім оған өз орнын бере қоймайды. Жаңа
мектеп салу үшін ол алдын ала жоспарға енгізілуі керек,
қаржы керек. Лайықты жер табу да оңай емес. Тиімді бір
вариант табу қиын… Сендер әйтеуір бастадыңдар ғой. Енді
жалықпай, осы лайықты-ау деген жерде салынып жатқан
мектеп бар ма екен? Соны қараңдаршы, – деді де, телефонды
көтеріп, – Шаһмардан, менің алдымда бір топ жігіттер
отыр. Екеуміздің де қолымыздан келмейтін іс атқарды.
Естіген шығарсың, осылардың талап етуімен обком арнаулы
қаулы қабылдады. Енді маған үлкен бір өтінішпен келіп
отыр. Сенің ғой бір балабақшаң жуырда берілгелі тұр. Соны
қазақ балабақшасы етіп, оқу бөліміне берсең қайтеді. Аты
өзгергенмен, заты өзгермейді ғой. Бір жігіттік жаса. Жақсы,
келістік!» – деп күлімсірей бізге қарады. Шаһмарданның
ол кезде Геология министрі, кейін Министрлер Советі
төрағасының орынбасары, одан соң Қазақ ССР Ғылым
академиясының президенті болған академик Ш. Есенов еке-
нін кейін білдік. Әңгіме салынып, бітіп келе жатқан
Ленин проспектісіндегі (Киров пен Комсомол көшелерінің
аралығындағы) кейін 204 деп белгіленген балабақша жа-
йында екен. Шынында бұл балабақша ведомстволық сипат-
тан қалалық оқу бөлімінің иелігіне көшті.
374
Бұдан кейін де талай қиындық бастан өтті. Қаланың иесі
(мэрі) Е. Дүйсенов сөзінен кейін біз қаланы шарқ ұрып, әр
жерде салынып жатқан құрылыстарды аралаумен болдық.
Абай даңғылының үстінде Байзақов пен Чапаев көшелері-
нің аралығында бір мектеп салынып бітіп тұр екен. №12
мектепке лайық болса осы болар деп сендік. Осы ойымызды
сол сәтінде Е. Дүйсеновке жеткіздік. Бірақ оған ол кісінің де
күші жетпеді. Оны қазақ мектебі ету қолынан келмеді. Біздің
бұл әрекетімізді сезіп қалған кейбір бастықтар бұл мектепті
қазақ мектебі етпес үшін жедел түрде оған №103 орыс мек-
тебі деп ат қойып, айдар тағып, директорларын тағайындап,
шала-шарпы контингентін белгілеп үлгеріпті. Бір қызығы,
алғашқы директоры болып Приезжев деген азамат таға-
йындалыпты. Сөйтіп, №12 мектепті алғашқыда жарылқай
алмадық, бірақ орнынан қозғадық. Кейін бұл мектеп Фур-
манов – Комсомол көшелерінің қиылысқан жеріне көшіп
келді. Одан кейін қазіргі үйін мекендеді. Осылайша арпа-
лысып жүргенде уәде етілген балабақшалардың да жайы
мәз бола қоймады. Аудандық оқу бөлімдерінің басшылары
қазақ тілінде тәрбие жүргізуге жаны аши қоймайтын, тіпті
кейбіреуі оған қарсы жұмыс істейтін арнайы іріктелген
мамандар сияқты еді. Соның салдарынан қаулыда көрсетіл-
ген қазақ тіліндегі топтың бәрі бірдей ашыла қоймайтын
ыңғайы бар екен. Оның үстіне қазақ балабақшалары
мен топтарына балаларды жаңадан қабылдамай, бұрын
орыс балабақшаларындағы қазақ балаларын жинап алып,
қабылдамақ болып жатты. Осының кесірінен алдыңғы
жасалған әрекеттердің барлығы зая кете бастағандай болды.
Тағы да табалдырық тоздырар жүрістер басталды.
Обкомға бардық. Бұл кезде идеология жөніндегі хатшы
Хакімжанов екен, әңгімені қайта бастап, бюро шешімін
еске алдық. Хатшы жыл басында болған бюро материалын
алғызып қарап еді, біздің мәселе жөнінде ешбір ақпар
болмай шықты. Бөлім бастығы Яренская дегенді шақыртып
еді, ол кісі ондай қаулы алынғанын, бірақ протоколға енбей,
ауызша түрде болғанын айтты. Солай етіп бірінші хатшы
нұсқау берген екен. Бұл не деген саясат? Қулық па, сұмдық
375
па? Арбау ма, алдау ма? Бір кісінің емес, бір халықтың
тағдыры безбенге түскенде жасалған мынадай сайқалдықты
қалай түсінуге болады? Бұл алдамшы әрекетті бюро мүшесі
боп отырған қазақтар да көріп отырды ғой. Селт етпегені ме?
Әлде олар да ауызша қаулыны үлкен жетістік деп ойлады
ма екен? Іс жүзіне асырылатын қаулының протоколға енбей
қалуының ауызша қабылдануы тарихта ізі қалмасын деген
ойдан ба? Оған баға беру қиын. Әйтеуір әзір қаулының күші
жойыла қоймаған, естен шықпаған. Соған да шүкіршілік!
Обкомның алдына қайталап қойған мәселеміз, әсіресе бала-
бақша жөніндегі ойымыз мынау болды: ашылып жатқан
және ашылмақшы қазақ балабақшалары мен топтарына
балаларды басқа балабақшалардан емес (қажет болса,
олар кейін бір-бірінен ауыстырып та алады), аудандық оқу
бөлімдерінде кезекте тұрған балаларды, сондай-ақ кезекте
әлі тұрмаса да, қазақша тәрбие алғысы келетін балаларды
алу керек: ол үшін қазақ балабақшаларына қабылдауда ата-
аналар өкілдері міндетті түрде қатысып отырсын. Бұл тілек
толық қабылданды да Сейілбек Исаев Фрунзе ауданына
өкіл болып кетті. Қазіргі «Отырар» қонақ үйінің орнында
кішкене ғана екі қабатты үй болатын, соның бірінші
қабатында аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Фишер
дегеннің кабинетінде күнде кешкі сағат 6-дан 8-ге дейін
С. Исаев пен Зейнолла Бейсембаев («Қазақстан мұғалімі»
газетінің бас редакторы, депутаттық жұмыс ретінде) екеуі
ата-аналармен әңгіме өткізіп, №204 балабақшаға бір ай
уақыт бойы бала қабылдағаны есімде. Бұл балабақшаның
алғашқы меңгерушісі К. Темірболатова деген кісі болды-ау
деймін. Осы балабақшада Сейілбектің екі баласы, Аққалы
Қалыбаеваның қызы, Сақтаған Бәйіштің немересі, Өмірбек
Жолдасбековтың баласы, т.б. тәрбиеленді.
Дегенмен біз діттеген мақсатымызға жеттік. №12 қазақ
орта мектебі қалпына келтірілді. Алматы қаласындағы алты
ауданда да балабақшалар ашылды. Қанша балабақша бол-
сын, қанша мектеп болсын онда барып оқитын, тәрбиеле-
нетін қазақ балалары мен сәбилердің саны жеткілікті
екеніне әкімдердің көзі жетті. Алайда қазақ тілінің мүшкіл
376
халі бәрібір түзеле қойған жоқ. Бүкіл Қазақстан аумағында
700-800-ге таяу қазақ мектебі айдың күннің аманында өзінің
өмір сүруін тоқтатты. Бұл кезіндегі партия саясатының
«жемісі» еді.
Өткен тарихты қаузай отырып, бүгінгі болмыс-бітімі-
мізге шүкіршілік айтуға тура келеді. Тәуелсіз ел болғаны-
мызға жиырма жылдан асып барады. Бұл 20 жылда екі
ғасырға татитын іс тындырылды. Сондағы басты жеңіс-
теріміздің бір де болса бірегейі қазақ тілінің мемлекет тіл
ретінде қызмет аясының кеңеюі деуге болады. Бұл Елбасы
жүргізіп келе жатқан сараман саясаттың нәтижесі.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-
тың жүргізіп келе жатқан кемел саясатын қуаттай әрі
тәнті бола отырып, ширек ғасырға таяу уақыт деңгейінде
мемлекеттік тіліміздің өгіз аяңмен межелі жерге көтеріле
алмай келе жатуының себебін іздеп аңыратын жағдайымыз
да бар. Мемлекеттік тілге байланысты Елбасы тарапынан
жасалып жатқан қамқорлыққа риза бола отырып, орындау-
шы мекемелердің салғырттығына қайранбыз.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде жұмыс
істеу үшін екі-ақ нәрсе керек-ау деген ойдамын. Осы ойды
да ақылға сала кеткенді жөн көрдім.
Біріншіден, барлық орта мектептерде (қазақ, орыс деп
бөлмей) қазақ тілі емтихан тапсырылатын негізгі пәндердің
қатарында, аттестатқа енгізілуі керек. Сонда ғана жас ұрпақ
мемлекеттік тілді толық игеріп, Қазақстан азаматтарының
қатарына қосылатын болады. Мұндай талапты 50-ден асқан,
70-ке тақаған азаматтардан талап етудің қажеті шамалы.
Болашақ ұрпақтың тіл ұстарту тұсауын кесудің бір жолы
осы.
Екіншіден, мемлекеттік мекемелерге – Президент Кеңсе-
сінен бастап, барлық әкімдіктер мен министрліктерге қыз-
метке тұрғысы келетін азаматтардан мемлекеттік тілді білу
міндетті түрде талап етілуі қажет.
Ендігі жерде осы екі мәселені қадағалап іске асыратын
болсақ, тәуелсіз еліміздің мемлкеттік тілі талапқа сай
қызмет ететін болады деп есептеймін.
377
Достарыңызбен бөлісу: |