тҮрКі ДҮНИЕСіНіҢ тұтаСтыҒыН
тіл бЕКітЕДі
(ортақ жазу және ортақ ғылыми атаулар хақында)
1. Алла Тағаланың мейір-шапағатының арқасы болар,
әсіресе соңғы он бес жылда түркі тілдес халықтар өзінің
түп негізіне тереңдеп, ортақ дүниесін ортаға сала бастады.
303
Мұндай ортақтастық заттық (материалдық) және рухани
мәдениет салаларында анық аңғарылады. Соларды зерттеп,
оның әр алуан үлгілерін саралап көрсету үшін түркі
жұртшылығы ғалымдарының жүйелі түрдегі бірлескен іс-
қимылы мен сауатты әрекеті керек. Ол үшін осыған дейін
әр елде әр алуан күй кешіп, өз халынша еңбек етіп жатқан
әрқилы қоғам, ұйым, одақтардың басын бір арнаға біріктіріп,
түркі халықтарының өз мүддесіне сай жоспарлы түрде еркін
жұмыс істей алатын ғылыми, мәдени зерттеу орталығы
жайында түбегейлі әңгіме қозғайтын мезгіл жетті.
2. Түбі бір түркі халықтарын бірінен-бірін алшақтатқан
тарихтың талай теперіші болды. Соның ішінде жазу ал-
шақтығының алар үлесі тым мол. Қараңыз, отыздан астам
туыс тілдер осы жазу түрлілігінің кесірінен 70-80 жылдың
барысында тіпті бірін-бірі түсінбейтін күйге жетті. Араб,
кириллица, латын т.б. жазуларының сан құбытылған нұс-
қаларын мұра тұтқан түркі тілдері туыстық негізде дамудың
орнына бірінен-бірі оқшауланып, дараланып, тұмшалана
түскені мәлім. Түркі халықтары негізінен дербестікке қолы
жетіп отырған бүгінгі таңда осы бір орасан олқылықтың
орнын толтыруды ойластырғаны абзал. Бұл – тарихи шанс,
тарихи мүмкіндік. Егер біз мұны дер кезінде пайдаланып
қалмасақ, кейін кеш болуы мүмкін. Сондықтан жазу, сызуы
ертеден жүйеленіп қалыптасқан түркі тілдерінің негіз-
гілері латын жазуын мирас етіп отырған қазіргі тұста бәрі-
міздің осы үйірден табылғанымыз жөн.
Әрине, түркі жұртшылығының мәдени тарихын қаузап
қарасақ, ол сонау – V ғасырдың өзінде-ақ Орхон-Енесай
деп аталып кеткен өз жазуын өркендеткен ел. Егер өз
жазуымызды сол негізде өрбітер болсақ, бұл ата-баба
тарихы алдындағы перзенттік парызды өтеген болар едік.
Алайда, өкінішке қарай, қоғам тарихы басқаша бетпен кетті,
өз жазуымызды өзіміз жат санайтын өзгеше бір заманға
жеттік. Әйтсе де бұл жазудың қайта түлейтін заманы алда
екені даусыз. Келер ұрпақ бұған соқпай өтпейді. Өмірдің
қазіргі даму заңдылығы бізге латын жазуын бұйыртып
тұрғандай. Әзірге осы алфавит негізіндегі жазуымызды
304
жүйелеу арқылы түркі жұртшылығын түгелдеп алғанымыз
абзал. Мұны қалыптастырып жүйелеуде де шешім күтіп
тұрған мәселелер жетерлік. Бұларды да ортақтаса, бас
біріктіре ғылыми парасатқа сала отырып қарастыру қажет.
Түркі халықтарының әлемдік парасат биігінен көрінер
тағы бір тұсы осы. Жазуды ортақтастыру арқылы біз
түркілік тұтастығымызды бекіте түсетін боламыз. Ортақ
мұраларымыз бен рухани игілігіміздің байыбына барып,
иелік жасай алатын боламыз.
3. Үнемі назарда тұрар тағы бір іргелі мәселенің бірі –
ғылыми ізденістер жүйесіндегі ортақтастық. Яғни қалып-
тастырған жазу негізінде жүргізілетін ғылыми зерттеу
жұмыстарының негізгі құрылыс материалы – терминоло-
гиялық лексиканы жүйелеу мәселесі. Бұл жерде әңгіме
ортақ тіл (кейбіреулер әңгіме етіп жүргендей) жайында
емес, ортақ терминологиялық жүйе жайында болып отыр.
Егер түркі тілдес халықтардың зиялы қауымы келісім
алаңына жиналып, парасаттылық танытар болса, бұл мәсе-
лені шешуге де толық мүмкіндік алар еді.
Сондағы біздің көздеп отырғанымыз мынадай үш негіз:
а) түркі тілдерінің көбіне ортақ неше алуан туынды
сөздер жасауға негіз болатын түбірлер. Мұның саны едәуір
және бұлар кез келген түркі тілдерінен кездеседі. Соларды
кез келген тілден тек саралап, жүйелей біл, талғай біл;
ә) түркі тілдеріне әр дәуірде еніп, сіңісіп кеткен кірме
сөздер. Олар араб, парсы, моңғол, орыс сөздері. Мұның
үстіне кейінгі бір ғасырға жуық мерзімде орыс тілі арқылы
тілдерімізге көп күштеп ендірілген интернационалдық
терминдер. Бұлай деп отырғанымыз әлгі термин сөздер орыс
тіліндегі пошымын бұзбай, яғни өзге тілдің заңдылығын
сақтай енгізілгендіктен біз емле ережелеремізді де осы
ыңғаймен, яғни орыс тілінің үлгісімен түздік. Сөйтіп ті-
ліміздің айтылу, жазылу заңдылықтарына айтарлықтай
нұқсан келтіріп алдық. Енді осыларды жаңаша игеріп,
реттеуде де өзара ортақтаса шешілетін мәселе туындауда.
Ендеше бұл жөнінде де кеңес қажет-ақ;
б) әрбір тілдің ғасырлар, жылдар бойы қалыптасқан
өзіндік сөзжасам үлгілері, яғни әрбір тілдің өз байлығын
305
сарқа пайдалану мүмкіндігінің де оңашалыққа ғана емес,
ортақтыққа қарай жетелейтін мысалдары мол. Міне,
бұл жерде де сауаттылық пен сарамандық қажет. Осы
айтылғандарды негізге ала отырып, түркі тілдерінің бәріне
ортақ үлгіні жасауға әбден болады деп білеміз.
4. Қозғалып отырған мәселені ғылымның кез келген
саласы бойынша тарата әңгімелеуге болады. Мәселен,
медицина саласын алалық. Медицина ғылымы неше алуан
салалар мен тармақтардан тұратыны мәлім. Соның қай
бөлігінде де жүйелеуді, реттеуді күтіп тұрған мәселесі
қыруар. Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдырудың тү-
бегейлі мәселелері қарастырылып жатқан қазіргі кезде бұл
шаруаның көкейтестілігі тіпті анық. Тәуіп, емші, сынықшы,
ұшықшы, тамыршы т.б. тәрізді толып жатқан ұғымдардың
өзі-ақ мемлекеттік тіліміздің өрісін бұл салада да кеңейте
түсуге болатынын байқатпай ма? Тек ізденімпаздық керек.
Жоғарыда сөз болған түбір сөз де, кірме сөз де, сөзжасамның
сан түрін танытар төл байлығымыз да медицина саласында
мол, олардың талай терминге негіз болары хақ.
Медициналық терминдерге бұрын да негіз болған, қазір
де негіз боларлық сан мыңдаған өсімдік атаулары мен мал
атаулары, дене мүшелері, ас, тағамды білдірер сөздерді біз
түгел игердік деп айта аламыз ба? Осы игілікті игерудің
неше алуан заңды жолдары мен принциптері сараланбай
тұрып медицина ғылымының да ұлттық тілде дамуы не-
ғайбіл. Ендеше бұл ғылым мамандарының алдында да өзге
тіл ғалымдарымен ортақтаса, кеңесе шешер мәселелер
баршылық. Мынадай жиындар зиялы қауымды осындай
ортақтастыққа жетелесе керек.
тЕрмИНДЕНУ – тіл ДамУыНыҢ бір Көзі
Қазақ әдеби тілі әр алуан лексикалық арналардан құра-
латынын лингвист ғалымдарымыздың көбі мойындайды.
Бірақ оны қазбалап зерттеп, қадағалап қарастырып, әр-
қайсысына тән өзгеше сипатын тануда істелетін жұмыс әлі
306
жетерлік. Сол тарамдана толысып, сөз байлығын молайтып
жатқан салалардың мүмкіншілігі мен ауқымын анықтап
алмай тұрып әдеби тіл жайында әңгіме қозғау қиын.
Неге десеңіз, қоғам өміріндегі әлеуметтік өзгерістер
әсерінен, белгілі дәрежеде тілде де әрқилы құбылыстар
болып жататынын бүгінгі біздің болмыс дәлелдеп отыр.
Әсіресе ғылымның, техника, өнердің т.т. тарихта болмаған
сапада жандануына байланысты ана тіліміздің әлеуметтік
мәні артып, қоғамдық қызметі кеңейе түскені мәлім.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, әдеби тіліміздің ауқымын
аумақтандырып, оның ғылыми өрісін тереңдете түсіп
отырған терминологиялық лексиканың жөні мүлде бөлек.
Тіліміз дамыды, жетілді, қызметі артты дегенде, ойға
алдымен оралар арналардың бірі осы термин сөздер
жүйесі. Қазақ тілі терминологиясының мәселелері әу
бастан-ақ, ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан-ақ қолға
алынғанымен, оның мәселелері түбегейлі зерттеліп, сала-
лары сараланып бітті деп айта алмаймыз. Тіпті керек де-
сеңіз, термин деген сөздің мән-мағынасын түсіндірудің
өзінде әлі күнге ала-құлалық кездеседі. Мұның бер жағын-
да әрбір ғылым саласының өзіне ғана тән терминдер
жүйесін тұрақтандырып, сұрыптауға байланысты қаншама
жұмыс бар?
Сонда термин дегеніміз не? Оны қалай түсіндіреміз?
Ғылыми түсініктеме беретін көптеген сөздіктер мен сұ-
раулық, сондай-ақ осы саланы қазбалап қарастырып жүр-
ген мамандар пікіріне жүгінсек, бұл сөздің түп төркіні
латын тіліне барып тіреледі екен. Әдепкіде «шек», «шекара»
деген мағынаны білдіріпті. Олай болса терминдер басқа
сөздің барлығынан өзіне ғана тән шектеулік мағыналық
сипатымен ерекшеленеді. Ол контексте осы қасиетін
бұзбай сақталынуы тиіс. Қай ғылымның саласында қандай
мағынасы тұрақталса, сол бір ғана мағынаны қатып ұстап
тұрады. Қолданыстың ыңғайына қарай сан алуан құбылып,
әр алуан өріс ашатын өзге сөздер бойындағы құбылмалы-
лық бұларға жат. Яғни сөз мағынасының дәлдігі, жалқылығы,
нақтылығы және тұрақтылығы терминдердің басты белгі-
лері, міне, осы тектес.
307
Олар құрамы, құрылысы жағынан түрлі болып келе
береді: жеке сөз, сөз тіркесі немесе біріккен сөз т.с.с. термин
сөздердің өздеріне тән тағы бір қасиеті сол, олардың көбі
қолдан жасалады, не өзге тілдерден аударылады, не сол
бөгде тұлғадағы күйі өзгеріссіз сақталып, қабылданады.
Тілдегі байырғы сөздерге терминдік мағына телініп, жаңа
қызметте жұмсалып жатқан сөздер қаншама. Терминдік
мағына теліну деп отырғанымыз мағынасы көмескілеу сөз-
дерге қосымша қызмет жүктеп, оларды бұрынғы қолданыс
дағдымызда онша активтік таныта қоймаған, жеке-дара
мағынада қолдану деген сөз. Сондай-ақ екі сөзді біріктіру
арқылы жасалған терминдер де тілімізде жетерлік. Термин
жасауда жалғау, жұрнақтардың рөлі зор. Тағы бір тәсіл,
сөздерді тіркестіріп барып, оларға терминдік сипат беру
болып табылады. Мұның бәрі, негізінен ұлттық тіліміздің өз
сөз байлығын сарапқа салу нәтижесінде болатын құбылыс.
Термин жасаудағы екінші бір өнімді өріс – өзге тілдің
лексикалық байлығын қабылдау болып табылады. Бұл қа-
былдау екі түрлі принципті негізде, екі ыңғайда жүріп
жатады: бірі калька жолымен, яғни аудару арқылы, екіншісі –
дүниежүзі халықтары тілінің көбіне ортақ халықаралық
терминдерді және социалистік елдер тілінің сөздік құра-
мына енген советизмдерді сол қалпында қабылдау прин-
ципті. Жасалу жолдарының әрқайсысын жеке-жеке қарас-
тырып, талдап беру келесі бір кезектің әңгімесі болғандық-
тан, біз әзірге мәселенің бұл жағына барыңқырамай отырмыз.
Жалпы есте болатын бір ақиқат, жасалу жолдары да
алуан-алуан осы процестің бәрінде ана тілінің ежелден
қалыптасқан, сыннан өткен заңдылықтары сақталып оты-
руға тиіс. Ол сақталмаған жерде термин тілге сіңбейді.
Ондай термин уақыт сынынан өте алмай, керексіз элемент
ретінде қолданыстан шығып қалады.
Сонымен, арнаулы ұғымдар мен арнаулы заттар және нәр-
селерді білдіретін дара мағыналы сөздер тобын терминдер
деп тану керек.
Әдеби тіліміздің дамып, қалыптасу жолын бағдарласақ,
кеңес өкіметі орнаған 67 жылдың ішінде терминологиялық
308
лексика үнемі бір қалыпта, бір бағытта дамып, қалыптасып
отырмаған. Сөздердің терминдену сипаты әр алуан. Оның да
бастау көзі, шарықтау шағы болған. Қазақ тілі терминдері
Қазан төңкерісі жеңгеннен кейінгі алғашқы кезеңде,
яғни 20-жылдарда елді жаппай сауаттандыру шаралары
мықтап қолға алына бастаған тұста жасала бастайды. Ал
сауаттандыру үшін жазудың тиянақталғаны керек. Міне,
сондықтан да ә дегеннен-ақ алфавит пен орфография
мәселесі күн тәртібіне қойылып, бұлармен қатар термин
жасау принциптерінің сөз болуы тегіннен-тегін емес. Бұлар
бейнелеп айтқанда, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын, бірін-
бірі қатты керек ететін мәселелер.
Қазақ халқының сауат ашу тарихында үш түрлі жазу
болғаны мәлім (араб, латын, орыс графикасына негізделген).
Мұның әрқайсысының өзінше пайдалы жақтары мен
кемшіліктері болды. Қай-қайсысы да кезінде сауат ашуға
қызмет етті. Алайда жаңа өмірдің даму қарқыны араб
пен латын жазуының кейбір кемшіліктерін көрсетпей
тұра алмады. Осы кездегі жағдайды жетік білетін және өз
халқының мәдени болашағын алдын ала болжай алатын
зиялылар үкімет пен партияның қолдауының арқасында
біртіндеп орыс графикасына негізделген жазудың қолайлы
екенін түсінді. Сөйтіп 42 әріптен тұратын қазақ алфавиті
ұлттық жазуымызды жөнге келтіріп, халқымызды прогреске
жетеледі. Тереңдеп талдап жатпай-ақ мынандай қарапайым
мысалдың өзінен-ақ араб, латын жазуларының сапасын
анықтауға болады. Мәселен, араб алфавитінің құрамындағы
небәрі үш дауысты дыбыс, негізінде үнді, әуезді, ашық
дауыстылардан келетін қазақ сөздерін жазуға келгенде
жетімсіздігі, кемшілігі байқала берді. Өйткені онда қазақ
тілінің 9 дауыстысына сәйкес келетін дыбыстар жоқ еді.
Ал латын жазуына келетін болсақ, алғашқыда қалтқысыз
қызмет еткенмен, көптеген сөздерді, әсіресе, халықаралық
терминдерді дұрыс таңдауда мұның да олпы-солпы тұстарыы
жетерлік болатын. Мәселен, физика, химия, хлор, фабрика,
цемент тәрізді терминдерді пизика, қыймия, қылор, пәбіріпке,
семент деп жазып былықтырдық. Ал енді бұларды қазіргі
309
кейпінде жазып қалыптастыруға дейін қаншама талас-
тартыс, дау-дамайдың болғанын білеміз. Әсіресе ана тілін
өзге тілдер «шабуылынан» таза ұстауды көздеген жалған
патриотизм бой көрсеткені де рас. Осындай пуристік ағымды
қатты ұстаған топ ол кезде халықаралық және кеңестік
терминдерін, жобасы келсін-келмесін, қалайда қазақшалауды
мақсат еткен. Кезінде қара айғырдың – паровоз, отарбаның –
поезд, бибауырмашылдық – интернационалистік, орданың –
институт, ортақшылдық – коммунист мағынасында алынуы
осыған дәлел. Тілдің даму заңдылығы бұл әрекеттердің
дәйексіз болғандығын дәлелдеп шықты.
Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуына
1933 жылы құрылған Мемлекеттік терминология комиссия-
сының рөлі ерекше болды. Оның алғашқы төрағасы профес-
сор Құдайберген Жұбановтың басшылығымен комиссия
мүшелері азғана жылдың ішінде қыруар жұмыс істеген.
Басқасын қойғанда, 1935 жылы мәдениет қызметкерлерінің
Бүкілқазақстандық І съезі өткізілер қарсаңда жұртшылыққа
ұсынылған Мемтерминком Бюллетенінің төрт санының өзі-
ақ осы кезде істелген шаруалар жайында біраз мағлұмат
береді. Термин жасау, қабылдау принциптерін ғылыми
заңдылықтарға негізделіп, талас туғызып жүрген біраз мә-
селелердің беті ашылды, бірыңғай ғылыми жүйеге көшті.
Съезде Қ. Жұбанов ұсынған жоба талқыланды. Ол жоба-
да қазақ терминологиясын жасаудың, халықаралық термин-
дерді қабылдау, оларды қолдану, тұрақтандырудың ғылыми
принциптері жан-жақты қамтылған болатын. Міне, содан
бері Мемлекеттік терминология комиссиясы қазақ термино-
логиясын бірізге түсіруде үлкен жұмыс атқарып келді.
Ғылым мен техника сала-саласы бойынша сан түрлі
терминдер сарапқа түсіп, мамандардың талқысынан өтіп,
күнделікті қолданысқа жолдама алды. Олардың көбі ана
тіліміздің сөздік құрамына еніп, әсіресе ғылыми ой-пікірді
өрнектеуге жұмсалатын құрал есебінде арнайы қызмет
атқарып келеді. Терминология шаруашылығында күнделікті
жүргізілген осындай шаралардың нәтижесінде қазір қазақ
тілінің терминдік жүйесі біршама қалыптасып қалды деп
310
айта аламыз. Қай ғылым саласын қарасаңыз да өзіндік
терминдік жүйесі бар. Бұлар әдеби тіліміздің шеберлігін
ұлғайтып, икемділігін арттырып, ғылыми өрісін ұзартып
отырған лексикалық байлығымыз.
Термин жасау мен қалыптастыруда күнделікті баспасөз
бен баспа орындарының, радио мен телевидениенің
қызметі айрықша. Қазір әдеби тілімізге сіңісіп, байырғы
сөздер қатарына қосыла бастаған қаншама термин о
баста көпшілікке қызмет ететін осы органдар арқылы іске
жаратылып, жүйеленген болатын.
Қазақ тілі терминологиясының даму кезеңдерінің бірі
ретінде аударма ісінің жандануын айту керек. Әсіресе
марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын қазақ тіліне
аударуға байланысты қаншама сөздер қайтадан електен
өтіп, бұрын бұйығы жатқан мағыналық бірліктер қайта
жаңғырып, терминдік мәнге ие болды. Сөйтіп, қоғамдық-
саяси терминологияны жинақтап, жүйелеп алдық. Бұл
үрдісте қазақ тілінің төл сөздері, тіпті байырғы көне
лексикалық қабаттар, арабизмдер мен парсизмдерге дейін
сарапқа түсті. Қарап отырсақ, осылай саналы түрде реттеу,
жүйелеу барысында тіліміздің бүгінгі болмысында зор
мүмкіншіліктер көзі ашылған екен.
Кейде терминдер шеруінен тіксініп, тіліміздің бейнелі
қасиетінен, өз табиғатынан айырылып бара жатқан жоқ па
деп қауіп ойлайтындар табылады. Егер әдеби тілдің қоғам
өміріндегі даму заңдылықтарына саналы көзбен қарасақ,
«бұзып-жарып» бұра тартатын пәлендей өрескелдік жоқ.
Жоғарыда ескерткеніміздей, тіліміздің даму өзгешелігіне
орай түзілген принциптер негізінде терминологиялық
лексика әдеби тіліміздің үлкен бір тармағы есебінде бой
көрсетіп отыр.
Принциптер дегенде, оның ең басты екі түріне назар
аударған жөн. Бірі – термин жасауда төл сөздерімізді
кеңірек пайдалану болса, екіншісі – орыс және халықаралық
терминдерді әжетке жарату. Мұның өзі екі ыңғайда бой
көрсетеді. Аударуға келетінін аударып, калька жасау
жолымен тілімізге сіңген көптеген терминдер бар. Мәселен,
311
өнеркәсіп, жемшөп, бесжылдық, социалистік міндеттеме,
қызыл бұрыш, үндеу, шешім, бұйрық, шығарма т.б. толып
жатқан терминдер тіл байлығына айналып кетті. Егер ана
тілімізде толық мағынасын беруге болмайтын жағдайда,
терминдерді сол түпнұсқадағы қалпын сақтап алу бірден-бір
дұрыс тәсіл деп ойлаймыз.
Космос, станция, фабрика, рентген, орбита, композиция,
ракета, спутник, механика, алгебра, т.т. қазақ тілінің
байлығына қосылып отырған қазына.
Іргелес отырған елдер тілі біріне-бірі әсер етпей
тұрмайтынын талай тарихи деректер растайды. Мәселен,
түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің көптеген
сөздері қазір орыс тілінің игілігіне айналған. Бұл жағдайда
ертелі-кеш шығып жатқан екі тілді, түсіндірме және екі
тілде баяндайтын сөздіктер материалдармен танысуға бо-
лады. Әсіресе «Орыс тілі құрамындағы түркизмдер» деп
аталатын Е.Н. Шипованың кітабын қарасақ, толып жатқан
мысал табасыз. Орыс баспасөзі мен орыс жазушылары
шығармаларының кез келгенінен мынандай сөздерді кез-
дестіреміз: адам, айтыс, ақын, арғымақ, арқан, ауыл, базар,
бәйге, бауырсақ, бешпет, болат, жайлау, дихан, жігіт,
жайран, домбыра, дастархан, доға, қазы, қазына, қаймақ,
қаракөл, қарға, қатық, кетпен, қанжар, кірпіш, қобыз, көш,
көк сағыз, құймақ, құрт, маржан, марал, мата, нар, наурыз,
орда, отар, сазан, сайғақ, сақпан, сабан, сандық, сарай,
сүйрік (севрюга), сел, сырға (серьги), тостаған (стакан),
табын, тобылғы, тақыр, таңба, текемет, той, тілмаш,
тұлпар, тұмақ, түрме, ұлыс, өрік, хан, шайхана, шапан,
шекпен, шопақ, сорпа, жарлық, жақұт, т.б. сөздер осыған
дәлел.
Осыдан шығатын қорытынды – тілдердің өзара байла-
нысы, сөз алмасу, яғни ауыс-түйіс жасауы табиғи құбылыс.
Тіл қашанда өзінің құрамына керектіні алып, керексізді
қабылдамайды. Әрине, бұл процеске, өмірдің даму заң-
дылығына қоғамның талап-тілегіне орай, саналы түрде
араласып, оны белгілі бір жүйеге түсіріп қалыптастырып
отыратын кез болады. Қазақ тілі терминологиясының даму,
312
қалыптасу тарихынан біз осыны байқаймыз. Ендеше әдеби
тіліміздің бүгінгі болмысында табиғи өріс және жақсы
жарасымдылық бар. Қазір ана тіліміздің мүмкіншілігінің
бұрынғыдан да молайғаны соншалық, әлемде болып жатқан
оқиғалардың қандайын болсын, кемеңгер мұраттар мен
ғылыми ой-пікірлердің қандайын болсын қалағаныңызша
баяндап бере алатын, тіпті суреттеп бере алатын қуаты бар
дамыған тілдер қатарында. 12 миллионға жуық халықтың
әжетіне мүлтіксіз жарап отырған тілдің болашағы бүгінгіден
де жарқын.
тҮрКі тЕрмИНОлОГИЯСыН ОртақтаСтырУ –
Ортақ міНДЕт
ХХІ ғасыр тек қазақ халқының алдына ғана емес, тұтас түркі
тектес жұрттардың алдына мол мүмкіндіктер ашуымен бірге
шешімін табуды көздейтін зор міндеттер де қоюымен ерекше-
ленуде. Рухани құбыланаманы анықтауда, ғылымның сан
алуан саласында зерттеулер жасап, ізденістер жүргізуде осы
кезге дейін біржақты еуропаменмендік («ұлы орыстық»)
ой-арна аясында қалыптасып қалған әдіс-тәсілдер мен
негіз-тіректерге, көзқарастық бағдарларға ғана сүйеніп,
елеулі табыстарға жете алмайтынымыз әрі көне сүрлеуді
шиырлаудан аса алмай, көшірінді еліктеушілік шеңберден
шыға алмайтынымыз анық болып тұр. Оның үстіне Кеңес
Одағы аясында өмір сүрген түркі халықтарының ойлау
жүйесіне ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік еткен «форма-
сы – социалистік, мазмұны – ұлттық» әдіс-тәсілдің де
тигізген әсер-ықпалы аз емес.
Дербес даму арнасына түскенімізге біршама уақыт өтке-
ніне қарамастан, одақтық (ұлы орыстық) ой-арна құрсауынан
құрық үзіп шығудың өзі оңайға түспей тұрғанын жасыр-
мауға тиіспіз. Әдетте, белгілі бір жағдай аясында туындаған
мәселені сол кезеңде қалыптасқан ойлау жүйесі арқылы
шешу мүмкін де емес. Мұны қай-қай салаға қатысты
болсын дәлел-дәйекті молынан келтіре отырып айтуы-
мызға әбден болады.
313
Еліміздің ғылыми-зерттеушілік өрісінде қазақ тілінде
өзіндік бағыт-бағдары, соны пайымдау жүйелері бар дер-
бес ғылым жасаудан гөрі орыс оқымыстыларының зерттеу-
леріндегі жетекші ойлар мен ғылыми әдістемелерге, со-
лар арқылы жеткен еуропалық ғалымдардың ғылыми
тұжырымдарын, ой-байламдары мен қалып-нысандарын
негіз ете отырып, ұлт өмірінен мысалдар енгізу арқылы
ғылыми ізденістер жасаудың ишаралық түріне ден қоюшы-
лықтың етек алғаны да рас. Қысқаша қайырғанда, бұл
құбылысты ғылыми-зерттеушілік деуден гөрі «ғылымды
түсіндірушілік» деп атасақ, ауа жайыла қоймаспыз.
Әлбетте, елімізде осы кезге дейін жүргізілген ғылыми
ізденістердің барлығын біржақты теріс бағалауға болмайды
және оған қақымыз да жоқ. Ғылымның белгілі бір сала-
ларында елеулі жетістіктерге қол жеткізгеніміз де рас. Бір-
қатар гуманитарлық салалар болмаса, жаратылыстану сала-
сы бойынша ғылыми зерттеулердің толықтай орыс тілінде
жүргізілгені және бұл үрдістің қазіргі күннің өзінде оңалып
кете қоймағаны мәлім. Сондықтан ащы да болса ауық-ауық
ақиқатқа жүгініп, одан ауытқымауға ұмтылып отырудың
ісімізге келтірер пайдасы болмаса, тигізер зияны жоқ.
Жалпыға белгілі жалқы жәйттерді тәптіштеп жатуы-
мыздың сыры өмір бойы «үйренушілік» позициясын ұс-
танудың ұшпаққа шығармайтындығын көрсетуден туындап
жатыр. Жоғарыда келтірілген жәйттердің ғылымға тірек
болар төл терминдер жүйесін қалыптастыруға да тікелей
қатысы бар. Ғылым – жалпы адамзатқа ортақ игілік
болғанымен, оны әрбір ұлт өз тілінде игеріп, таңбалап, ары
қарай өрістетуге қақысы бар екендігі де талас туғызбайтын
ақиқат. Бұл маңызды мәселе түркі халықтарына да жат
емес. Кеңес Одағы ыдырап, түркі мемлекеттері жеке-жеке
шаңырақ көтеруіне орай терминологиялық жұмыстарға
қатысты да елеулі өзгерістер орын алды. Бұрын қалыптасқан
терминжасам қағидаттары да қайта қаралып, жаңа қағи-
даттар белгіленді. Тілдің табиғи заңдылықтары ескерілді.
Осыған байланысты халықаралық аяда қолданылып жүрген
сан салалы терминдердің ұлттық тілдердегі баламалары
314
пайда болды, жаңа терминдер жасалды, үздіксіз ізденістер
қарқын алды. Осы ретте артық-кем тұстар да бой көрсетті.
Біздіңше, ендігі кезекте мынадай келелі жайттарға назар
аудару қажет секілді.
Біріншіден, қоғамдық-саяси өмір мен ғылымның сан са-
ласында халықаралық аяда кеңінен қолданылып жүрген
және жаңадан пайда болған терминдерді ана тілімізде
баламалау кезінде түркі халықтары бөлек-бөлек бағыт
ұстанбай, ұлттық терминологиялық жүйелерін ортақтасты-
ру жайын қолға алғандары жөн.
Екіншіден, ғылымның жаңа салаларын бірлесе өріс-
тетіп, әлемге тың ғылыми бағыттар ұсынуды ойластырмай,
іргелі елдердің қатарына кіре алмайтындығымызды ұғын-
ғанымыз абзал.
Міне, осы екі бағыттағы жұмыстарды ынтымақтаса,
үйлестіре отыра жүргізсек, айтарлықтай нәтижеге қол
жеткізуге жол ашылар еді. Және бұл жұмыстарды болашақ
«Тұтас Түркістан» идеясының іске асуына қаланар іргетас,
маңызды қадам ретінде қарауға да мүмкіндік бар. Ақыл,
күш біріктіруден ұтпасақ, ұтылмайтынымыз айдан анық.
Әлбетте, мұны іске асырудың түрлі қиындықтары бар
екендігі сөзсіз. Қаржылық, интеллектуалдық ресурстарды
топтастыруды айтпағанның өзінде, саяси шешім қабылдау,
ұлттық өзімшілдікке бой алдыру секілді тосқауылдардың
да кесе-көлденең тұрмайтынына кепілдік бере алмаймыз.
Сондай-ақ бұндай бірлестікке мүдделі емес тараптар
жағынан туындайтын түрлі қысымдардың да бар екенін
жоққа шығара алмаймыз. Алайда түркі халықтарының
қай-қайсысы болсын, дүние дидарында дамыған мемлекет
ретінде өмір сүруі үшін осынау арманды іске асырмай
болмайды. Бұл мәселеге біз қайта-қайта айналып соға
беретін боламыз.
Егер түркі халықтары ортақ бірлестікке қол жеткізіп,
үлкен одаққа айналмаса, түптің түбінде шағын елдер ретінде
ірі мемлекеттерге жем болуы ғажап емес. Сондықтан да біз
биік мақсаттарға ұмтыла отырып, шағын болса да үздіксіз
қадамдар жасай бергеніміз абзал. Бұл қадам мәдени өріс,
315
тілдік тұтастық саласындағы рухани қарым-қатынастар-
дан бастау алғаны тиімді.
Бүкіл түркі жұртының болашағы, мәдениетінің сақта-
лып, өсіп-өркендеуі – белгілі бір деңгейде ортақ термино-
логиясын, ортақ ғылым тілін қалыптастыруға байланысты.
Бұлай болмаған жағдайда, олар бөлшектеніп, бірте-бірте
дамыған мәдениеттерге сіңіп, жұтылып кетуі ықтимал.
Осындай үлкен мақсат жолында, әрбір түркі елінің іргелі
мемлекетке айналып, тұтас түркі әлемін қалыптастыру
үшін түркі тектес жұрағаттарымыздың парасат биігінен
көрінетініне сеніміміз мол.
Бұл ретте негізгі сөз ортақ тіл туралы емес, ортақ тер-
минология қалыптастыру жайында болып отырғанын қапер-
ден шығармаған жөн. Ортақ терминологиялық жүйе құру
арқылы аз санды түркі халықтарының жойылып кетуіне
тосқауыл қоюға әрі түркі халықтарының одақтаса отырып,
нығаюына қол жеткізуге болады деп білеміз.
Бұл мәселе экономикалық жағынан да тиімді. Өйткені
алдымыздан 200 миллионнан артық тұтынушысы бар ке-
ңістік ашылар еді. Бүкіләлемдік ғылыми ақпаратты ұлттық
тіл арқылы игергенімізбен, мұны тұтынуға келгенде өз
нарығымыздың тарлық етуі мүмкін екендігін де ойлауымыз
керек. Яғни әрбір түркі халқының ұлттық тілінде ғылыми
терминологияға балама тапқанымызбен, оны пайдалану
жағы кемшін болады. Сондықтан ортақ түркі терминоло-
гиясын қалыптастырғанымыз жөн. Бұл үлкен синергетика-
лық әсер береді.
Бұл орайда түркі халықтарының осы кезге дейін жаса-
ған, қалыптастырған термин-атаулары мен ұлттық бала-
маларын өзгерте алмаймыз және оның қажеті де жоқ. Өйткені
бұлай жасау арқылы біз ыңғайсыздық пен келіспеушілікті
тудырамыз, оның үстіне шалағайлыққа, түсініксіздікке ұры-
намыз. Сондықтан барын сол қалпында қалдырып, бұдан
кейінгі істерімізді үйлестіре алсақ та тақиямызға тар кел-
мейді.
Әрине, терминологияны ортақтастыру жекелеген ғалым-
дар шеше салатын іс емес. Бұл мәселемен түбегейлі айна-
316
лысатын түркі мемлекеттерінің терминолог мамандарынан
құрылған арнайы ғылыми орталық керек. Әсіресе, осыған
дейін әр елде әр алуан күй кешіп, өз халінше еңбек етіп
жатқан әрқилы қоғам, ұйым, одақтардың іс-тәжірибелерін
осы іске жұмылдырсақ, айтарлықтай нәтиже берер еді.
Мүмкін бұл орталықты Түрксой жанынан ұйымдастыру
жөнінде ұсыныс жасау керек шығар. Бірақ қалай болғанда
да сең қозғалды, сана оянды. Осы бағыттағы әрекеттеріміз
жинақталып, бір арнаға түсетініне сеніміміз кәміл.
Зиялы қауым үнемі осындай мәселелерді алқаға салып,
кеңесіп отыруды дәстүрге айналдырса мақұл болар еді.
Жалпы термин пайда болу үшін сол терминге негіз
боларлық оқиға қажет. Оқиға, құбылыс болмаса, оны атау-
дың да қажеттігі болмас еді. Сондықтан біз үнемі қабыл-
дағыш, алғыш бола бермей, өзіміз де жасағыш, ат бергіш
санатына өтуіміз керек. Кез келген тіл осындай ғылыми
табыстары арқылы көгереді. Қолданыс аясы кеңейеді.
Белгілі бір салада басымдық танытып, жетекшілікке ие
болмай, тілдік өркендеуге жету қиын.
Мысалы, ХІХ ғасырдың соңында халықаралық сауда-
саттық артып, жүк тасымалдау саласының дамуына орай
іргелі отаршыл державалар – Англия, Франция, Голландия,
Германия және Италия секілді елдер суырылып алға шық-
ты. Осыған орай шаруашылық-құқықтық, нарықтық қаты-
настарды, теңізде кемемен жүру қауіпсіздігін реттеу үшін
халықаралық одақтар мен әртүрлі қауымдастықтар, инсти-
туттар пайда болды. Теңіз көлігінде қарым-қатынас жасау
мен ақпарат алмасу үшін ортақ тіл ретінде ағылшын тілі, ал
теміржолда француз тілі таңдап алынды. Ағылшын тіліне
артықшылық берілуінің мәні теңіздегі құқықтық қарым-
қатынастарды реттеу ағылшын құқығына негізделген еді.
Ал француз тілінде халықаралық теміржолмен жүк және
жолаушылар тасымалдау конвенциялары жасалды. Осы
арқылы әлемде көлік тасымалы саласындағы термино-
логиялық жүйеде ағылшын және француз тілдері үстемдік-
ке ие болды.
Соңғы кезде компьютердің пайда болуына орай қаншама
құбылыстар ашылды. Саланың әрбір жаңа құбылыстарын
317
атау үшін көптеген термин қажеттігі туды. Соны терми-
нологтер жиылып алып, қалай атаймыз деп отырған жоқ.
Компьютерші мамандар процесс барысында пайда болған
әрбір жаңа құбылысқа өздері атау беруде. Компьютер Аме-
рикада ойлап табылғандықтан, ақпараттық технология
атауларының бәрі ағылшын тілінде болатыны заңды.
Сол секілді түркі халықтары немесе қазақ халқы белгілі
бір саланы дамытып алып кетсе, сол сала терминдері түгел-
дей қазақша жасалып, әлемге солай таралар еді. Жоғарыда
айтылған екінші мақсаттан туындайтын міндеттер осыған
тікелей байланысты. Біз халықаралық өредегі осындай
басқосулар аталған мақсаттар үдесінен шығуға сеп болса игі
деп тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |