Зерттеудің мақсаты – ақпарат толқыны салтанат құрған заманда оқушылардың оқуға, жұмысқа және өмірге дайындықтарын бағалау, 8 сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтарын анықтау, бұл саладағы оқуды дамытуға ұлттық және халықаралық деңгейде ықпал ету. 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында қазақстандық 2 мыңға жуық мұғалім және 4 мыңға жуық 8 сынып оқушылары әлемнің 12 елімен қатар ICILS-2018 халықаралық зерттеуіне алғаш рет қатысты. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, желіде көп отыру мен балалар арасындағы жалғыздық, депрессия сезімдері арасында өте тығыз байланыс дәлелденген. Осы орайда қоғам «Қазақстандық мектептер заманауи талаптарға қалай жауап беруі керек?», «Компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа қандай факторлар әсер етеді?» сынды сұрақтарға жауап іздей бастайды. Аталмыш өзекті сұрақтарға жауап іздеу мақсатында оқу жетістіктерін бағалау бойынша IEA Халықаралық ассоциациясымен 2013 жылдан бастап әрбір бес жыл сайын ICILS зерттеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Жүзеге асырылады
ICILS (International Computer and Information Literacy Study). - Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Қауымдастығы (ІЕА) арқылы жүзеге асырылатын халықаралық зерттеу.
Нәтижесі
2013 жылы жүргізілген ICILS зерттеулері білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы кемшін тұстарды анықтауға мүмкіндік беріп, анықталған кемшіліктерді түзетуге қажет нұсқаулықтарды жасап шығаруға жәрдемдескен. Қазақстанда 2018 жылы жүргізілген ICILS зерттеу жұмыстары қазақстандық оқушылардың цифрлық сауаттылығының қалыптасу деңгейі туралы маңызды ақпарат беріп, білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы кемшін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді және білім беру саласын жақсарту бойынша маңызды шешімдер қабылдауға негіз болады деп күтілуде.