Білім беру сапасын халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне Қазақстанның қатысуы – еліміздегі білім беру жүйесін дамытуда.
Мақсаты
1995 жылдан бері бастау алатын TIMSS зерттеуінің негізгі мақсаты математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктерін (4,8,11 класс оқушыларының математикалық және жаратылыстану сауаттылықтарын) бағалау және басты мектепішілік және мектептен тыс білім детерминанттарын анықтау болып табылады
TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study)- Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Қауымдастығы (IEA) арқылы жүзеге асырылады.
Ұстанымы
Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының мақсаттық индекаторы ретінде - еліміздің білім сапасын халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне (TIMSS, PISA, PIRLS) қатысу нәтижелері бойынша белгіленді.
PISA (Programm for lnternational Student Assessment) – халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математика, жаратылыстану және тіл мен әдебиет білім салалары пәндерінен игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.
Мақсаты
Зерттеудің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау.