Жылыту. Жылыту жүйесі булы, сулы, ауалы, қосарланған (сулы және ауалы) және кондиционерленген болады. Жылыту жүйесін және жылыту жүйесіндегі жылу тасымалдағыштың рұқсат етілген температурасын таңдау өрт – жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша өндіріс категориясына сай жүргізіледі (СН4П 2.04.05).
Жылыту жүйесі мен жылу тасымалдағыш көрсеткіштерін таңдау кезінде қоршап тұрған құрылмалардың жылулық инерциясын, ғимараттың сипаты мен не мақсатта жасалғанын ескеру қажет. Жылу жүйесін орнатқан кезде жылу шығыны жылытуға берілетін жалпы шығынның 10% - нан аспауы тиіс.
Желдету. Жұмыс орындарындағы қалыпты метереологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз ету дұрыс ұйымдастырылған желдету жүйесінің жұмысына да байланысты. Өндірістік ғимараттардағы желдету, ауаны кондиционерлеу және ауамен жылыту жүйелеріне қойылатын жалпы талаптар СН4П 2.04.05 анықталған.
Негізгі талап бойынша желдету жүйелері жұмыс орындарында, өндірістік және қызмет көрсетілетін зоналарда санитарлы нормаларға сай метереологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз етуі тиіс. Желдету жүйелерін жобалау кезіндегі техникалық шешімдер, сонымен қатар оларға құрастыру мен эксплуатация кезінде қойылатын талаптар құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі қажет. Желдету жүйелері ауа алмасуды ұйымдастыру әдісі бойынша жалпы алмастырғыш, жергілікті және қосарланған болып бөлінеді [34].
Жалпы алмастырғыш желдету жүйелерінде ауа алмасуы ғимараттың бүкіл көлемінде жүзеге асады, оларды негізінен зиянды заттардың аз және біркелкі бөлінуі болатын өндірістік ғимараттарда қолданады.
Жергілікті желдету жүйелері зиянды бөліністерді (газдар, булар, шаңдар, артық мөлшердегі жылу) олардың түзілу орнынан жою үшін арналған. Жергілікті желдету жүйесін орнату мен оның эксплуатациясы үшін шығын аз жұмсалады.
Қосарланған желдету жүйесі кезінде жергілікті және жалпы алмастырғыш жүйелер бір мезгілде жұмыс істейді. Ауа қозғалуы әдісі бойынша желдету табиғи және механикалық болады. Табиғи желдету кезінде ауа табиғи факторлар – жылулық немесе жел әсерінен қозғалады. Механикалық желдету ауаны желдеткіштер, эжекторлар және т.б. көмегімен бағыттайды. Табиғи және жасанды желдетулер үйлесімі аралас желдету жүйесін құрайды.
Қолданылу мақсатына байланысты желдету кіргізгіш (яғни, ауаны ғимараттан шығарады) болып бөлінеді. Ауа бір мезгілде беріліп, шығарылса кіргізгіш – шығарғыш желдету деп аталады.
Жұмыс зонасының ауасына көп мөлшерде зиянды немесе жарылыс пен өртке қауіпті заттардың кенеттен тасталуы мүмкін өндірістік ғимараттарда апатты желдету жүйесі орнатылады.
Барлық ғимараттарда табиғи желдету ескерілуі тиіс. Ғимаратта ауаның табиғи қозғалысы оның тығыздығының ғимарат сыртында және ішінде әртүрлі болуы есебінен және сыртқы ауа қысымының ғимараттық жел жағы мен ыс жағына әртүрлі болуы есебінен жүзеге асады (2.1 - сурет).
Табиғи желдету үшін көп шығын жұмсалмайды, себебі ауа көп көлемде желдеткіштер мен ауа құбырларын қолданусыз ғимаратқа беріледі және шығарылады. Табиғи желдету ұйымдастырылмаған және ұйымдастырылған сипатқа ие болуы мүмкін. Ұйымдастырылмаған желдету кезінде ауа сыртқы қоршаулар қуыстары мен тесіктері арқылы (инфильтрация) ғимаратқа беріліп, одан шығарылады. Егер ауа ағындарын бағыттау мен ауа алмасу арнайы жабдықтар көмегімен реттелсе, ол ұйымдастырылған желдету болып саналады.
– сурет. Табиғи желдету сызбанұсқаcы
Ұйымдастырылған табиғи ауа алмасу жүйесін аэрация деп атайды. Аэрацияны реттеу мен есептеу оңай болса, инфильтрацияны мүмкін емес. Аэрацияны жылу көп бөлінетін цехтарда қолданады. Табиғи желдетудің кемшілігі – кіретін ауа алдын – ала тазарту мен қыздырудан өтпейді, ал шығатын ауа, ауа тастандылардан тазартылмай сыртқы ауаны ластайды. Сонымен қатар, аэрация эффективті сыртқы ауа температурасы артқанда, әсіресе, желсіз ауа райында төмендейді.
Жылы мезгілде кіретін ауаны табиғи желдету арқылы 0,3 метрден төмен емес және 1,8 метрден жоғары емес биіктікте, ал суық мезгілде еденнен 4 метрден жоғары биіктікте беру қажет, яғни сырттағы суық ауа жұмыс зонасына бармауы тиіс. Бүйірлік жарық қуыстары арқылы ауаны беретін каналдардың жалпы көлемі жарық қуыстары көлемінен 20% - ға артық болуы керек. Ал, фрамугалар мен жалюзилар кіретін ауаны суық кезде жоғарыға, жылы кезде төменге бағыттайтын құралдармен жабдықтаған. Аэрацияға гравитациялық қысымнан басқа жел қысымы да әсер етеді.
Жел ағынын қолдану үшін және ауаның аз мөлшерін жою үшін дефлекторлар – желдеткіш каналдардың жоғарғы бөлігіне орнатылатын арнайы саптама қолданылады. Олардың көмегімен тартуды күшейтеді. Жел ағыны дефекторларды айнала каналда жеңілдету тудырып, нәтижесінде ауаның канал бойынша қозғалысының жылдамдығы артады. Химиялық өнеркәсіпте ЦАГИ типтегі дефлектор кеңінен таралған. Оның сызбанұсқасы 2.2 – суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |