Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар



бет5/11
Дата02.12.2023
өлшемі365,55 Kb.
#132559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
f644251283cdb20

Конвекция – ауа арқылы жылу берілу. Қоршаған ауа температурасы тері температурасына жеткенде конвекция тоқтайды, одан жоғары
температурада беру емес, конвекциялық жылуды қабылдау жүзеге асады.
Сәулелену – адам денесі бетінің қоршаған заттар бағытында жылуды төмен температурамен беруі.
Булану – дене (тері) бетінен және тыныс жолдары арқылы тер шығу. Адам денесінен түрлі жолдармен кететін жылу мөлшерлері арасындағы қатынас негізінен қоршаған орта температурасымен
анықталады.
Өндірістік ғимараттардағы температура өндірістік ортаның микроклиматының жағдайларын анықтайтын жетекші мөлшерленетін факторлардың бірі болып табылады.
Жылу берілу түрлерінің арасындағы қатынас өндірістік ортаның басқа мөлшерленетін метереологиялық факторларына (ылғалдық пен ауа қозғалысының) және олардың үйлесіміне байланысты өзгеруі мүмкін. Ауа қозғалысы жылдамдығының артуы жоғары температураның қолайсыз әсерін күшейтеді. Ауа ылғалдығын мөлшерлеу адам терісінің, көз шырышты қабығының және жоғарғы тыныс жолдарының қажет ылғалдық деңгейін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады. Төмен ауа ылғалдығы (“құрғақ ауа”) ауа ортасының бактериялық және химиялық ластануының артуына әкеледі (химиялық заттар булануы мен ұшқыштығының артуы есебінен).
Берілетін жылу мөлшері энергия жұмсалуының (белсенділіктің) өсуімен арта түседі. Өндірістік ғимараттар микроклиматын өндірістің жұмсалу деңгейіне сай мөлшерлеу жасалатын жұмыстың қауырттылық дәрежесіне байланысты жүргізіледі. Жұмысты қауырттылық дәрежесі бойынша бірнеше категорияға бөледі: жеңіл- Ia және Iб; орташа- IIа және IIб; ауыр- III. Жеңіл жұмысқа отырып немесе тұрып жасалатын және жүйелі физикалық күшті (мысалы, ауыр заттарды көтеру және тасымалдау) талап етпейтін жұмыс жатады. Орташа жұмыс категориясына ауыр емес (10 кг-ға дейін) заттарды тасымалдаумен байланысты және тұрып жасалатын еңбек операцияларын жатқызады. Ауыр деп жүйелі физикалық күшпен және ауыр заттарды (10 кг-нан жоғары) тасымалдаумен байланысты жұмысты есептейді.
Жылу берілу кезінде киімнің жылуқорғағыш көрсеткіштері маңызға ие. Суланған киім мен аяқ киім жылу берілуді күшейтіп, аса суыну болуы мүмкін. Қыздырушы микроклимат әсері кезінде бос мақталы киім адам денесін қорғайды – ол терді жақсы сіңіріп, оны буландырады.
Оптималды микроклиматты жағдай – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткен кезінде ағзаның қалыпты функционалдық және жылулық күйі сақталатын микроклимат көрсеткіштерінің үйлесімі. Олар жылулық жайлықты қамтамасыз етеді және жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар туғызады.
Өндірістік ғимараттар микроклиматын мөлшерлеу дифферен- циалды түрде энергия жұмсалу деңгейлері бойынша жұмыс категорияларымен анықталатын микроклиматтың негізгі факторларының оптималды мәндеріне байланысты жүргізіледі (9.1 – кестені қараңыз).
Өндіріс технологияларының ерекшеліктері, техникалық қиындықтар және үлкен экономикалық шығындар микроклимат көрсеткіштерінің оптималды мәндерін қамтамасыз етуге кедергі болған жағдайда, оладың рұқсат етілген мәндерін жұмыс орындарында орнатады. Бұл жағдайда адамдардың жылулық күйі қажет деңгейде 8 сағаттық жұмыс уақыты барысында сақталуы тиіс (9.1 – кестені қара).
Рұқсат етілген микроклиматтық жағдайлар – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсері кезінде ағзаның тез өтіп кететін және тез қалыпқа келетін функционалдық және жылулық күйінің өзгерістері және физиологиялық бейімделгіш мүмкіншіліктер шегінен шықпайтын термореттелу реакцияларының шиеленісі пайда болуы мүмкін. Адамның жылулық айлылығын қамтамасыз ету тұрғысынан ауа температурасының секірімдері маңызға ие. Ғимарат биіктігі бойынша температураның өзгеруі әрбір метрге шаққанда 2 градустан аспауы қажет. Ауа температурасының нормативтері гигиеналық талаптары тек келесі жағдайда қанағаттандырады: қабырғалардың ішкі беттерінің температурасы ғимарат ішіндегі ауа температурасынан 2 – 3 градустан артық емес төмен деңгейде болса, қабырғалар мен қоршаған заттардың бұдан да төмен температурасы жұмысшылар жылуының радиациялық шығынын және жайсыздық сезімін арттырады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет