Қолайлы микроклиматты қамтамасыз ету
Өндірістік ғимараттардағы микроклиматты
қалыптастыру
Микроклимат деп адамның қоршаған ортамен жылу алмасуына, оның жылулық күйіне, хал-жағдайына және жұмысқа деген қабілеттілігіне әсер ететін физикалақ факторлар жиынтығын түсінеді.
Микроклимат көрсеткіштері температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғаласының жылдамдығы және ғимараттың ішкі беттерінен (қабырғалар, төбелер, едендер, технологиялық қабарғалар, құбырлар) жылулық сәулелену болып табылады.
Микроклимат – шектелген аймақтағы өндірістік ғимарат, аумақ, лабораториядағы климаттық жағдайларды анықтайды.
Өндірістік ғимараттар микроклиматының көрсеткіштері технологиялық процестің жылулық физикалық ерекшеліктеріне, ауа- райына, жыл мезгіліне, жылу мен желдету жағдайларына тәуелді.
Адамның жылулық балансына әсер ету түрі бойынша микроклимат қолайлы және қолайсыз (қыздырушы немесе суытушы) болып бөлінеді.
Қолайсыз микроклимат жағдайларында болу қолайсыздық дәрежесіне, адамның жас шамасына, еңбек қауырттылығына байланысты жылулық аурудың ауыр немесе созылмалы түрінің дамуына, адам ағзасының тіршілік әрекетінің өзгерісіне, адамның жұмысқа деген қабілеттілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қолайсыз микроклимат кезінде зиянды заттардың уландырғыш әсерін, шу мен дірілдің кері әсерін күшейтеді. Қыздырушы қолайсыз микроклимат әсерінен адамда гипертермия ауруының ауыр немесе қалшылдатқыш түрі, жылулық соққы және созылмалы ысыну пайда болуы мүмкін [24].
Гипертермияның ауыр түрі жоғары температурамен (38-40ºC), тер шығумен, тыныстық жиіленумен, бас айналумен, көзбен қабылданудың бұзылуымен сипатталады.
Ауыр гипертермияның созылмалы түрі минералды тұздардың көп мөлшерінің жоғалуына және электролитті дисбаланстың пайда болуына әкелетін тердің көп бөлінуі нәтижесінде дамиды. Жылулық соққы әдетте жоғары температура мен жоғары ауа ылғалдылығының (80-100%) үйлесімі кезінде пайда болады. Жылулық соққыға ағыстың жеңіл, орташа ауыр және ауыр түрлері тән. Жылулық соққының жеңіл және орташа ауыр түрі кезінде зақымданған адам көңілсіз болады, денесінің температурасы 39-40ºС –қа дейін көтеріледі, оның басы ауырады, жүрек айну мен құсу пайда болады. Ауыр гипертермия кезінде адам коматозды күйге түседі, елестеушілік, тынысының жиіленуі, тахикардия (140 соққы/мин) басталады, дене температурасы 40ºС- қа дейін көтеріледі. Созылмалы ысыну 16-28ºС ауа температурасымен, 80%-дан жоғары ауа ылғалдығымен және 0,3 м/c ауа қозғалысының жылдамдығымен сипатталатын микроклимат жағдайларында ұзақ болуының нәтижесі. Созылмалы ысыну су-тұз алмасуының бұзылуында, орталық жүйке жүйесінің өзгерісінде, жүрек патологиясының артуында байқалады.
Суытушы микроклимат әсері кезінде 0°С-тан төмен ауа температурасы, жоғары ылғалдылық пен ауа қозғалғыштығы кезінде адамды ауыр гипортермия (аса суып кетушілік) басталады. Ылғал ауа жылуды жақсы өткізеді, ал ауа қозғалысы жылдамдығының артуы конвекция, яғни ауа арқылы жылудың берілуі есебінен жылудың берілуін арттырады.
Дененің жергілікті суынуы жергілікті ісіп қызару процестерін (невролгия, миозиттер), ауыр респираторлы ауруларды, ангинаны, гломерулонефритті және т.б. тудыруы мүмкін.
Жалпы суыну ағзаның инфекциялар мен аллергияларға қатысты қорғаушы күштерінің, сонымен қатар жұмысқа деген қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі.
Терең жалпы гипотермия өлімге әкелуі мүмкін. Нормаларға сай қалыптастырылған микроклиматты жағдайлар оптималды және ұйғарымды болуы мүмкін, ал мөлшерленетін параметрлер температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы болып табылады (2.1- кесте)
Кесте 2.1. Тұрақты жұмыс орындарындағы ғимараттардың жұмыс зонасындағы температураның, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысы жылдамдығының оптималды және ұйғарымды мөлшерлері
Энергияның жұмсалу деңгейі бойынша жұмыс категориясы(Вт)
|
Температура, °С
|
Ылғалдылық, %
|
Қозғалыс жыл- дамдығы, м/с
|
опти- мальды
|
рұқсат етілген
шегі
|
опти- мальды
|
рұқсат етілген
|
опти- мальды
|
рұқсат етілген
|
жоғарғы
|
төменгі
|
Жеңіл I а
(139-дан аз )
|
22-24
|
25
|
21
|
40-60
|
75
|
0,1
|
≤ 0.1
|
Жеңіл I б
(140-174)
|
21-23
|
24
|
20
|
40-40
|
75
|
0,1
|
≤ 0.2
|
Орта салмақты IIа (175-232)
|
18-20
|
23
|
17
|
40-60
|
75
|
0,2
|
≤ 0.3
|
Орта салмақты IIб
(233-290)
|
17-19
|
21
|
15
|
40-60
|
75
|
0,2
|
≤ 0.4
|
Ауыр III
(290- нан коп)
|
16-18
|
19
|
13
|
40-60
|
75
|
0,3
|
≤ 0.5
|
Жылдың жылы маусымы
|
Жеңіл I а (139-ға дейін)
|
23-25
|
28
|
22
|
40-60
|
55 (28ºС –
да
|
0,1
|
0,1-0,2
|
Жеңіл I б (140-174)
|
22-24
|
28
|
21
|
40-0
|
60 (27ºС –
да
|
0,2
|
0,1-0,3
|
Орта салмақты IIа
(175-232)
|
21-23
|
27
|
18
|
40-60
|
65(26º
С –да
|
0,3
|
0,2-0,4
|
Орта салмақты IIб
(233-290)
|
20-22
|
27
|
16
|
40-60
|
70(28º
С –да
|
0,3
|
0,2-0,5
|
Ауыр III
(290- нан коп)
|
18-20
|
26
|
15
|
40-60
|
75(28º
С -да
|
0,4
|
0,2-0,6
|
Ғимараттағы (жыл мезгіліне тәуелсіз) және жылдың жылы мезгілінде ашық аймақтағы қыздырушы микроклиматты бағалау үшін ортаның жылулық күші (ОЖК - индексі) деп аталатын интегралды көрсеткіш қолданылады. ОЖК - индексі – ауа температурасының, ауа қозғалысы жылдамдығының және ылғалдылықтың, сонымен қатар адамның қоршаған ортамен жылу алмасуына жылулық сәулеленудің әсерінің үйлесімін көрсететін эмпирикалық интегралды көрсеткіш (°С- пен өрнектеледі).
Адамның тіршілік әрекеті мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап тұру үшін ағза тұрақтылығын сақтау өте маңызды. Термотұрақтылық термореттелу есебінен қамтамасыз етіледі. Термореттелу – адам ағзасының қауырттылығы бойынша әртүрлі жұмыстарды жүргізу барысында микроклимат көрсеткіштерінің өзгеруі негізінде дене температурасын белгілі бір шектерде (36.1-37.2°C) сақтап тұру қабілеті. Термореттелу заттар алмасуы нәтижесіндегі жылудың түзілуі (химиялық термореттелу) арасында оптималды арақатынастың қалыптасуы есебінен қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаға жылу берілу конвекция, сәулелену және булану арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |