Өндірістік іс-тәжірибе бағдарламасын орындау туралы



бет4/7
Дата12.10.2022
өлшемі148,37 Kb.
#42605
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Еркінова Жібек қорытынды есеп

5. Ақпараттық қауіпсіздік

  • АҚ ұйымдастыру – сыртқы және ішкі қауіптерді алдын алу және ескерту бойынша ақпараттық қауіпсіздікке бағытталған іс-шаралар кешені.

  • Сыртқы қатерлерден қорғау - телекоммуникациялық инфрақұрылым және рұқсат етілмеген қол жеткізулерден қорғау бойынша үрдістер жиынтығы.

  • Ішкі қатерлерден қорғау - криптографиялық қорғау құралдары көмегімен ақпаратты қорғау және инсайдерлердің іс-әрекеттерін қадағалауды жүргізу

  • Ішкі ақпараттық ресурстарға және желілерге аудит жүргізу - ақпараттық қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайы бойынша, объективті сандық және сапалық бағалау алудағы жүйелік үрдіс.

6. Рұқсат беруді басқару және қадағалау жүйесі (РБҚЖ) және күзету дабылы

  • Рұқсат беруді басқару және қадағалау жүйесі (РБҚЖ) - РБҚЖ-ның электронды рұқсаттамасын беру, қызмет көрсететін мекемелер жұмыскерлерінің жұмыс уақыты бойынша есепті қалыптастыру.

  • Рұқсат беруді басқару және қадағалау жүйесі сүйемелдеу - РБҚЖ техникалық қолдау бойынша білікті қызмет көрсету.

  • РБЖҚ құрал-жабдықтарын монтаждау - идентификациялау (рұқсат берудің контактісіз картаны оқу) құралын, іске асыру (турникеттер, электромагниттік құлыптар, электромеханикалық жабу) құралын, контроллерлерді конфигурациялау және интерфейстік модульдерді орнату.

  • Күзету дабылы жүйелерін монтаждау және қызмет көрсету - күзету дабылы жүйелерін монтаждау және қызмет көрсету, күйге келтіру және орнату.

7. Байланыс

  • Телефондық байланыс - қолданушыларды телефон желісіне қосу және телефон нөмірлерін басқару бойынша қызмет.

  • Телефондық нүктелерді көшіру- қолданыстағы бар телефондық нүктелерді көшіру.

  • Желілерді күйге келтіру - телефондық байланысты жүзеге асыру үшін, тиісті техникалық жабдықтарды жүйеге келтіру бойынша жұмыстар.

  • «Соңғы миль» каналы бойынша қызметтер - 1-2 АТЖ зонасында қолжеткізуді қамтитын торапты желімен біріктіру бойынша қызмет.

8. Кабельді телевизия

  • Жаңа абонентті кабельді телевидениеге қосу - кабельдік телебағдарлау желісіне жаңа абоненті қосу бойынша қызметтер.

  • ТВ нуктелерін ауыстыру- телебағдарлау арқылы хабар таратуға нүктелерді көшіру.

  • Магистральді желіні күйге келтіру - телебағдарлау арқылы хабар таратудағы транспорттық телекоммуникациялық инфрақұрылым талабына сәйкес жұмыстарды жүргізу, күйіне келтіру.

  • Спутниктік антеналарды орнату - жердің жасанды серіктері мен жерүсті станциялар арасындағы радиобелгілерді қабылдау және жолдау үшін қолданылатын антенналарды орнату және күйіне келтіру.

9. Деректерді жіберу торын басқару және интернет

  • Локалдық тор арқылы Интернетке косуды күйге келтіру - рұқсат нүктесі арқылы Интернетке бірнеше компьютерді қосу

  • Интернетке ADSL технологиясы бойынша қосылуды күйге келтіру - кіріс және шығыс трафигі арасында өткізу жолақтарына бөлінген, модемдік технологиясы бойынша Интернетке қосылу

  • Интернетке Dial-Up арқылы қосылуды күйге келтіру - жалпыға ортақ қолданыстағы телефон желісі және модем арқылы рұқсат серверіне қосылу

  • Прокси сервер арқылы Интернетке қосуды күйге келтіру - делдалдық рөлді атқаратын, аралықтық сервер арқылы Интернетке қосылу

Жобалар:

  • Мемлекет басшысының веб-сайты - интернет ақпараттық желісінде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін айқындау, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігін көрсету, Мемлекет басшысымен байланысты оқиғаларды айқындау, Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері.

  • ҚР ПӘ және ПМК ішкі веб-порталы- «Ішкі веб-портал» ақпараттық жүйесі қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басты жұмыс үдерістерін автоматтандыруға арналған.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет