Бухгалтерлік есеп бөлімі - ҚР ПІБ “Инженерлік-техникалық орталығы” ШЖҚ РМК-ның қаржы жағдайы мен қызметінің толық және анық мәліметтерді үйлестіру, ҚР ПІБ “Инженерлік-техникалық орталығы” ШЖҚ РМК-ның құрылтайшыларын, бас директорды және басқада мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызметі туралы мәліметтерімен қамтамасыз етумен айналысады.
Жоспарлы-экономикалық бөлімі - рационалды шаруашылық қызметін ұйымдастыруға бағытталған ҚР ПІБ «Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-ның экономикалық жоспарлау жұмысына басшылық ету, ең үлкен экономикалық тиімділікке жету мақсатымен өндіріс қорын айқындау және пайдалану; кәсіпорын қызметін құрамды экономикалық саралауын ұйымдастыру және жоспарлы даму мен шығындар сметасын дайындауға қатысу.
Персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі. Бөлімнің басты мақсаты - білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қазіргі заманға сәйкес адам ресурстарын басқару концепциясы бойынша жүзеге кадрлық саясатты іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу және дамыту, кадрлық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, құжат айналымымен электрондық құжат айналымын ұйымдастыру және жүргізу.
Заң жұмысы және Мемлекеттік сатып алу бөлімі - ҚР ПІБ "Инженерлік-техникалық орталығы" ШЖҚ РМК-ның барлық қызметін құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ "Тапсырыс беруші" ретінде ҚР ПІБ "Инженерлік-техникалық орталығы" ШЖҚ РМК атынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.
Есепке алу жүйелері басқармасы - ҚР ПІБ "Инженерлік-техникалық орталық" ШЖҚ РМК жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу және қолдау; Қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдарда IT-жобаларды үйлестіру және басқару.
Медициналық ақпараттық жүйелер басқармасы. Басқарманың мақсаты-Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының медициналық ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу, түрлендіру және дамыту бойынша қызметтер көрсету, денсаулық сақтау саласын цифрландыруға қатысу (Денсаулық сақтау субъектілерінің бизнес-процестерін автоматтандыру, медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуді енгізу, басқа мемлекеттік органдармен интеграциялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету).
Инфокоммуникациялық құралды әкімшілендіру басқармасы . Басқарманың борышы: Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Баскармасының және басқада Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен жасалған келісім шарттар бойынша инфокоммуникациялық инфрақұрылымының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Әлсіз тоқты жүйелерге қызмет көрсету басқармасы - телевизиялық жүйені, кіру рұқсаты жүйесін басқару және бақылау қызметін үздіксіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызмет көрсетілетін ғимараттарында сыртқы және ішкі байланыс желісін қалыпты жұмыс жағдайында ұстау.
Ақпараттық қаупсіздік қызметі. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақталуын (әрі қарай -АҚ) және мемлекеттік ұйымдарға АҚ бойынша қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйенің қабілеттілігін қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президенті Премьер-Министірінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы және ҚР ПІБ «Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК.
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жетекші маман. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру. ҚР ПІБ "Инженерлік-техникалық орталығы" ШЖҚ РМК-да мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды қамтамасыз ету.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші маман. Қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді, құрылымдық бөлімшелерде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына, өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстардың, кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
РГП ПХВ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының инженерлік – технихалық орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдары мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.