Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның директоры бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
Қаржылық есептiлiк элементтерi:
Активтер, мiндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептiлiк элементтерi болып табылады.
• Активтер - дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар.
• Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
• Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.
Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады.
• Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
• Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5) түсiндiрме жазба.
2.2 РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының шығыстарын анықтау.
Шығыстар – бұл активтердің шығуы немесе басқа да пайдаланылуы, сондай-ақ тауарларды жабдықтау немесе өндіру, қызметтер көрсету және кәсіпорын қызметінің тұрақты негізі немесе басты түрлерін құрайтын басқа да түрлерін іске асыру нәтижесінде міндеттерінің пайда болуы.
Шығындар есебі бухгалтерлік есеп типтік шоттар жоспарының 7 Шағындар бөлімінде жүргізіледі.
7110- өнімді өткізу бойынша шығындар
7210- әкімшілік шығындар
7310- сыйақы бойынша шығыстар
Шығыстар өнімді өндіруге кеткен шығыстардан болады және олар өндіріс көлемінде тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірілмесе де белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
-жалпы және әкімшілік шығыстар;
-пайыз бойынша шығыстар;
-тауарлы-материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.
Кәсіпорын осы аталып өткен кезең шығыстары бойынша жалпы және әкімшілік шығыстары бойынша жұмыс атқарылады. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстар есебі 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстары» деп аталатын активтік шотта жүргізіледі.
Кесте 2. Пайда мен шығындар туралы есеп