1 ТАУАРЛЫ БЕТОН ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Магистрлік жобаның тақырыбына сүйене отырып, негізгі зерттеу мақсаты әртүрлі қосылғыштарды қосу барысында тауарлы бетон қасиеттерін зерттеу, яғни бұл қосылғыштардың бетон құрамына әсер ету мақсатында артықшылықтары және кемшіліктері. Зерттеуді жүргізу барысында тауарлы бетонның қосылғышты қосу кезіндегі аязға төзімділігі циклін зерттеу, су/цемент қатынасын төмендету, соған байланысты беріктігін арттырыуын анықтау, үш,жеті және 28 тәулік ішіндегі беріктігін тексере отырып, ауыр бетонның маркасын және класын анықтау.
«Бетонға арналған қосылғыштар» құрылыс нарығындағы кеңінен қолданылатын, заманауи бетон жасауға мүмкіндіктер береді. Берілген сала үшін BASF (Badishe Anilin und Soda Fabrik) бетонды, дайын немесе құрастырмалы бетондарды дайындауға, әртүрлі формадағы бетон құрылыстарын сонымен қатар тағы басқа құрылыс материалдарын өндіруге арналған технологиялық шешімдерді ұсынады. [3]
Химиялық қоспаларды ұсынатын маман иелері тапсырыс берушілерге техникалық кеңестерді, кеңесшілерді, архитекторларды және мердігерлерді, техникалық ерекшеліктерді дайындаудан бастап, материалды тәжірибелік қолданысқа ие кезінде, құрылыс алаңында техникалық құралдарды пайдаланумен аяқталатын, кеңестердің бірнеше түрін ұсынады.
Классификациялар және құрылыста қойылатын жалпы техникалық талаптар. Бетондар және ерітінділер, бетондар мен ерітінді қоспасының қасиеттерінің сапасын жақсарту үшін қолданылатын қосылғыштар негізгі тиімділігін арттыруына қарай келесідей топтарға бөлінеді: бетон және ерітінді қоспаларын дайындауға арналған қасиеттерін реттеушілер; жылжымалығын арттыру- судың мөлшерін азайту; суперпластификаторлар; жақсы пластификациялаушы; орташа пластификациялаушы; бірқалыпты бетон қоспасын түзуші; жылжымалығының сақталуын қамтамасыз етуші; ауа молшерінің жоғары болуы; көпіршікті құрушы; газдың болуы.
Поликарбоксилаттың химиялық құрамының нанотехнологиясы арқасында бетон қоспасының су/цемент қатынасын барынша азайтады. Бұл дегеніміз бетонның беріктігін белгілі бір уақытта жүз пайызға жеткізуге мүмкіндік береді деген сөз. Әрине, ол ең бастасы қоспалардың сапасының жоғары болуы және де толтырғыштар мен байланыстырғыш заттардың сапасының жоғары болуына тікелей байланысты болып келеді. Сапа деп бұл жерде толтырғышты заттар мен байланыстырғыш заттардың беріктігі жоғары болуын айтып отырмыз. Осының барлығын өндірісте, зертханада тәжірибелік жұмыстарды жасаукезінде көре аламыз. [4]
Достарыңызбен бөлісу: |