«Өндірістік және азаматтық құрылыс технолгиясы» кафедрасы


Бетонның маркасы мен класы



бет7/18
Дата22.09.2024
өлшемі1,43 Mb.
#145211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
860207301110 kaz 6M073000 Жолдыкараев Берик Жандарович 2018

Бетонның маркасы мен класы

Таварлы бетонның сұранысы өте жоғары құрылыс материалдарының бірі болып табылады, себебі ол азаматтық, құрылыста және темірбетон бұйымдары мен құрастырылымдары өндіріру кезінде, тұтас және жол жабындыларында кеңінен қолданылып келеді. Тауарлы бетонда жоғарыда айтлғандай байланыстырғыш заттан және толтырғыш заттан, судан және химиялық қосылғыштардан тұратыны белгілі. Айтылған компоненттерді араластыру барысында бетон қоспасы алынады, уақыт өте келе қоспа қатайю процесі кезінде жасанды тасты осылай аламыз. [18]
Бетонның маркасы беріктік шегін анықтау кезіндегі сығылу нәтижесіндегі күшке қарсы тұру өлшемі болып табылады. Нормативтерге сәйкес , бето маркасы М50- М1000 диапазон аралығында болады. Еліміздегі құрылыс саласында көп өндіретін марка төмендегідей:
Маркасы М350 (классы В25) – көбінесе құрылыс жұмысын басталғалы жатқанда өндіріледі. Мысалға тұтас құймалы іргетасты құймас бұрын негіз ретінде, әрине жол жиегін және ұсақ материалдарды жасағанда қолданылады.
Кесте-2
Таварлы бетонның маркалары және кластары арасындағы байланыс

Сығылған кездегі берік негізіндегі бетонның класы.

Варияциялау коэффициентінің көрсеткіші 13,5% жеткен кездегі бетонның орташа беріктігі, кгс/см2.

Берік көрсеткіші бойынша бетонның маркасы.

Орташа беріктігінің класынан бетон маркасының ауытқу көрсеткіші, %.

В-2

26,2

М-25

-4,6

В-2,5

32,7

М-35

+7,0

В-3,5

45,8

М-50

+9,1

В-5

65,5

М-75

+14,5

В-7,5

98,2

М-100

+1,8

В-10

131,0

М150

+14,5

В12,5

163,7

М150

-8,4

В15

196,5

М200

+1,8

В20

261,9

М250

-4,5

В22,5

294,4

М300

+1,9

В25

327,4

М350

+6,9

В30

392,9

М400

+1,8

В35

458,4

М450

-1,8

В40

523,9

М500

-4,8

В45

589,4

М600

+1,8

В50

654,8

М700

+6,9

В55

720,3

М700

-2,8

В60

785,8

М800

+1,8

Бетонның класы деп – таварлы бетонның сығылуға немесе иілуге беріктігін анықтау кезіндегі күшке қарсы тұру көрсеткіші (беріктіктің шегі 0,95) болып табылады. Тауарлы бетонның сығылу беріктігін анықтаған соң нормативке сәйкес келесі класстарға бөледі: В3,5; В5, В7,5; B10; В12,5; В15; В20, В25; В30; В35; В40; В45; В50; В55; В60.


Сонымен қатар бетонда осьтік созылу беріктігінің класы деген ұғым бар, ол негізі құбырлар мен резервуарларды орналастыру кезінде тексеріледі. Оське созылу беріктігінің классы келесі нормалармен көрсетіледі:  5,0,8; 2; 6; 2; 2,4; 2,8; 3,2;
Тауарлы бетонның аязға төзімділік маркасы F50...... F500-дейінгі көрсеткіште болады сонымен қатар қатаю немесе еру циклімен анықталынады. Бұл көбінесе гидротехникалық ғимараттар салу құрылысында кеңінен қолданылады.
Бетонның су сіңіру қасиеті бойынша маркалары келесідей: W2.....W12. W – символынан кейінгі сан жоғарғы су қысымымен сәйкес келеді кг/см2. Бұндай бетондар жоғарғы су қысымымен жұмыс істейтін құрастырылымдарда қолданылады.
Тауарлы бетонның орташа тығыздығының маркасы D ( ағылш. density — тығыздық) орташа тығыздық кг/м3 өлшем бірлігімен сипатталады (ауыр бетондар үшін Z)2300.....Z)2500, жеңіл бетондар үшін — D800.....Z)2100). Бетонға қажетті жылу оқшаулағыш қасиеттеріне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету кезінде қолданылады.
Қазіргі уақытта қолданысқа ие - құрылымы тығыз цементтен тұратын бетон. Ол- барлық құрастырылымдарда қолданылады, әрине егер арнайы талаптар қойылмайтын болса. Ауыр бетондар үшін сығылуға беріктік классы В7,5 –ден төмен болмауы тиіс. [21]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет