КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бетон құрылыс саласындағы ең негізгі материалдардың бірі және де болашақта өзінің үстемділік жағдайын сақтайды.
Бетондар технологиясының дамуының негізгі бағыттары құрылыс композиттерінің тиімділігін арттыру мақсатында цементті модификациялауға бағытталған.
Бетон саласындағы басты мәселе жеңіл төселетін қоспаны (судың көп мөлшерін жұмсауды қажет етпейтін) және берік, аязға төзімді әрі ұзақ мерзімді бетонды алу қажеттілігінің арасындағы үйлесімділік болып табылады. Магистрлік жоба көрсеткендей тауарлы бетон технологияларының өзге де мәселелерін шешу бетонға қажетті құрылыс материалдары: цемент, су және толтырғыштардығана қолданудың аздық екенін көрсетеді. Негізгі байланыстарғыштарға көмек ретінде әртүрлі химиялық қосылғыштар келеді. Мұндай қоспаларды аз көлемде қосудың өзі (тәртіп бойынша, цемент массасынан 1%-1, 5% аралығында) бетон ерітіндісі мен бетонның қасиеттерін қалай өзгертетіндігін қарастырамыз. [6]
«Бетон» бізге мыңжылдықтар бойы қолданылып келе жатқан құрылыс материалы. Әрқашан тұтас және құрастырмалы бетондар өзара салыстырылатын: тұтқыр заттекпен бірге ұсталып тұратын бос толтырғыш немесе кірпіштен жасалған құрылымды толтырудың алдын ала дайындалған ірі тас блоктар түріндегі балама болатын. Іс жүзінде, бұл екі әдіс те нақты қолдану жағдайларында ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар, оларды қосып та қолданылады. [2]
Қазіргі таңда ғимараттарды тұрғызу, жөндеу және қорғау, құрылыс үшін маңызды шешім қабылдауда ең бастысы тәжірибені, білімді және үлкен мүмкіндіктерді қажет етеді. Құрылыс саласында ұзақ ғасырдан бері жиналған тәжірибемен жалғасып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тапқан ноу – хау және қызметкерлердің білімдері орын алып келеді. Орын тауып келіп қана қоймай, күрделі шешімдердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Осыған орай бетон қоспасына арналған қосылғыштар қазіргі таңда негізгі, қажетті компоненттер болып табылады. Мысал келтіретін болсақ, заманауи технологияны пайдалана отырып, әртүрлі химиялық қосылғыштар арқасында әлем бойынша ерекше және техникалық күрделі жобалар бой көтерді. Оларға келесілер жатады: Петронас, Тайбэе 101, Буруж-Халифа, Қытайда «Үш үңгір» плотинасы және Сингапурде ең үлкен театр Экпланада. Өзіміздің Астана қаласындағы КТЖ, Сұлтан-Хазрет мешіті , енді ғана бой көтеріп келе жатқан АбуДаби Плаза, EXPO-2017 және т.б. ғимараттарды салуда қолдануда. [3]
Магистрлік жобаның мақсаты– суперпластификаторлар негізіндегі қоспаларының жоғары физикалық-механикалық қасиеттерге ие тауарлы бетонның аязға төзімділігін, бетоннның технологиялық және эксплуатациялық қасиетіне, материалдық, энергетикалық және адам ресурстарын үнемдеу мүмкіндіктеріне әсер ету тиімділігін негіздеу.