Зерттеу әдістері – бетондардың қасиеттерін тәжірибелік зерттеу заманауи статикалық әдістер және алынған нәтижелерді талдау барысында жүргізілді; бетонның беріктік және бетон қоспаларының технологиялық сипаттамалары сертификатталған жабдықтардың көмегімен стандартты әдістер бойынша зерттелді. Бетонның қолданушылық қасиеттеріне ең үлкен үлес қосқан – қосылғыштар. Соның ішінде, реологиялық түрлендіруші параметрлер бетон қоспаларын жобалаушылардың мүмкіндіктер шеңберін кеңейтті, себебі мұндай қосымшалар ыңғайлы қою қасиетін жақсарту үшін суды қосу тәуелділігінен босатуға, аққыштық пен нығыздалуды жақсартуға немесе судың ұнтақты фракциияға қатынасын елеулі шамада түсіру кезінде қажетті қозғалғыштықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, суперфиксаторларды аққыштық, беріктілік және төзімділікті жақсарту жағынан қозғалқыш технолоиялық күш деп есептеуге болады. Осы қосымшаларды үздіксіз дамыту өздігінен нығыздалатын бетон, ультра жоғары беріктілікке ие бетон немесе деформациялы- нығайтылатын цемент негізіндегі композициялы материал сияқты заманауи инновациялық материалдарды жасауға мүмкіндік берді. [8]
Жұмыстың құрылымы. Магистерлік жоба кіріспеден және 4 бөлімнен құралған. Әрбір бөлімге қорытынды жасала отырып, негізгі қорытынды келтірілген. Нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер және қысқартылған сөздер жобада көрсетілген. Кіріспеде мәселенің өзектілігі, жобаның негізгі міндеттері, зерттеу әдістері, мақсаты және т.б. жатады. Магистрлік жоба 8 кестеден, 6 суреттен және екі қосымшадан тұрады. Екі қосымша экспериментті жұмыстың нәтижелері болып табылады. Бірінші бөлімде тауарлы бетон туралы жалпы мағлұмат берілген. Екінші бөлімде тауарлы бетонның химиялық, физикалық, механикалық қасиеттері айтылған. Үшінші бөлімде қазіргі таңда құрылыста тауарлы бетон өндірісінде қолданылып жүрген химиялық қосылғыштар туралы жалпы мағлұмат берілген. Төртінші бөлімде осы химиялық қосылғыштың бірін таңдап, салыстырмалы түрде тәжірибелік жұмыс жасап, тауарлы бетонның беріктігін анықтап, қорытындысы екі қосымшада көрсетілді. Негізгі қорытындыға келіп, әдебиеттер тізімі көрсетілді.